1
Құжаттама бойынша деректер
1.1
Бұл құжаттама туралы
•
Іске қосу алдында осы құжаттаманы оқып шығыңыз. Бұл қауіпсіз жұмыс пен ақаусыз басқару үшін
алғышарт болып табылады.
•
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
•
Пайдалану бойынша нұсқаулықты әрдайым өнімде сақтаңыз және оны басқа тұлғаларға тек осы
нұсқаулықпен бірге тапсырыңыз.
Импорттауыш және өндірушінің өкілетті ұйымы
•
(RU) Ресей Федерациясы
"Хилти Дистрибьюшн ЛТД" АҚ, 141402, Мәскеу облысы, Химки қ., Ленинградская көш., ғим. 25
•
(BY) Беларусь Республикасы
222750, Минск облысы, Дзержинский ауданы, Р-1, 18-ші км, 2 (Слободка ауылының жанында), 1-34
бөлімі
•
(KZ) Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы, индекс 050011, Алматы қ., Пугачев көш., 4-үй
•
(KG) Қырғыз Республикасы
"T AND T" ЖШҚ, 720021, Қырғызстан, Бішкек қ., Ибраимов көш., 29 А үйі
•
(AM) Армения Республикасы
Эйч-Кон ЖШҚ, Армения Республикасы, Ереван қ., Бабаян көш., 10/1 үйі
Өндірілген елі: жабдықтағы белгілеу тақтайшасын қараңыз.
Өндірілген күні: жабдықтағы белгілеу тақтайшасын қараңыз.
Тиісті сертификатты мына мекенжай бойынша табуға болады: www.hilti.ru
Сақтау, тасымалдау және пайдалану шарттарына пайдалану бойынша нұсқаулықта белгіленгеннен
басқа арнайы талаптар қойылмайды.
Өнімнің қызмет ету мерзімі 5 жыл.
1.2
Шартты белгілердің анықтамасы
1.2.1
Ескерту
Ескертулер өнімді қолдану барысындағы қауіптер туралы ескертеді. Төмендегі сигналдық сөздер
пайдаланылады:
ҚАУІПТІ
ҚАУІПТІ !
▶ Ауыр жарақаттарға әкелетін немесе өмірге қауіп төндіретін тікелей қауіпті жағдайдың жалпы
белгіленуі.
ЕСКЕРТУ
ЕСКЕРТУ !
▶ Ауыр жарақаттарға әкелуі немесе өмірге қауіп төндіруі мүмкін ықтимал қауіпті жағдайдың жалпы
белгіленуі.
АБАЙЛАҢЫЗ
АБАЙЛАҢЫЗ !
▶ Жеңіл жарақаттарға немесе аспаптың зақымдалуына әкелуі мүмкін ықтимал қауіпті жағдайдың
жалпы белгіленуі.
1.2.2
Құжаттамадағы белгілер
Бұл құжаттамада төмендегі белгілер пайдаланылады:
Пайдалану алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты оқу қажет
Аспапты пайдалану бойынша нұсқаулар және басқа пайдалы ақпарат
382
Қазақ
Printed: 19.07.2018 | Doc-Nr: PUB / 5377483 / 000 / 02
2184328
*2184328*