ҚАУІПСІЗДІК ЖҤЙЕСІ
Аспаптың қақпағы аспаптың ішінде қысым ӛте жоғары болғанда да ең күшті қорғанысты қамтамасыз ететіндей құрастырылған.
Қақпақты құрсаулау құрылғысы Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін ӛте маңызды элемент болып табылады. Егер ішінде қысым ӛте кӛп болса, қақпақты аша алмайсыз.
Егер аспаптың ішінде қысымның мәні асты әзірлеуге қажетті мәннен асса, артық ішкі қысымды түсіру құрылғысы іске қосылады. Бұл кезде аспаптан ауа
шығып, қысым түседі.
Аспап температураны бақылау қадағасымен жабдықталған, ол аспаптың ішінде тапсырылған температура асқанда іске қосылады.
Автоматты түрде ӛшіру қадағасы аспап қызып кеткенде іске қосылады.
АЛҒАШҚЫ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Аспапты орамынан шығарып, барлық жапсырманы алып тастаңыз.
Аспаптың барлық құрамдастары барын және зақым жоқтығын тексеріңіз.
Барлық құрамдасты «Тазалау және күту» тарауына сәйкес тазалаңыз.
Барлық бӛлшекті құрғатып сүртіңіз және аспап жұмысқа дайын болатындай орнатыңыз.
Аспапты алғашқы пайдаланар алдында тостағаны суға 70% толған «Бу пісіргіші» бағдарламасын 30 минут мерзіміне қосу керек.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҤТУ
Аспапты тазалаудың алдында міндетті түрде электр желісінен ажыратыңыз.
Аспапты толық суытыңыз.
Ас әзірлеу тостағанын жуу құралымен жуыңыз, сумен шайып, жұмсақ матаның кӛмегімен кептіріңіз.
Аспап пен керек-жарақты тазалау үшін абразивті тазартқыштар мен агрессивті жуу заттарын пайдаланбаңыз.
Аспаптың ішіне ешқандай жағдайда су тигізбеңіз.
Конденсатты жинау контейнері қақпақты ашқанда конденсат тамшыларын жинауға арналған, оны пайдаланған сайын шешіп, жуыңыз.
Қақпақтың ішкі шешілмелі пластинасын тығыздайтын сақинамен бірге шешіңіз. Бұл үшін қақпақты ұстап, пластинаны арнайы сынадан ұстап, тартыңыз.
Қақпақтың ішкі пластинасы мен тығыздайтын сақинаны сумен жуып, кептіріп сүртіңіз (тазалау барысында біраз жуу құралы пайдаланылуы мүмкін).
Соңында, қақпақтың тығыздайтын сақинасы мен ішкі пластинасын орнына қайтарыңыз). Аспапты тығыздайтын сақинасыз пайдаланбаңыз.
Бу шығаратын клапанды аспап пайдаланылған сайын тазалау керек. Клапанды кӛрсетілгендей абайлап шешіңіз, бұл кезде кӛп күш салмаңыз. Клапанды
бұзып, ағынды суда мұқият жуыңыз, одан кейін мұқият кептіріп, керісінше бірізділікпен жинаңыз және орнына орнатыңыз.
32