ҚАЗАҚША (Түпнұсқа нұсқаулар)
ЕСКЕРТУ
Бұл құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы
балалардың және физикалық, сенсорлық
немесе ақыл-ой қабілеті төмен немесе
тәжірибесі мен білімі жетіспейтін адамдардың
оларға құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы
нұсқаулар беріліп, бақыланған және қауіп-
қатерді түсінген жағдайда пайдалануына
болады. Балалардың құрылғымен ойнауына
жол бермеңіз. Тазалау және техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын балаларға ересектердің
бақылауынсыз орындауға болмайды.
Белгілер
Төменде жабдықта пайдаланылған белгілер
көрсетілген. Қолданар алдында олардың мағынасын
түсініп алыңыз.
Тек бөлме ішінде пайдалануға арналған.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты оқып
шығыңыз.
Тек ЕО елдері үшін
Электр жабдығын немесе аккумулятор
блогын тұрмыстық қоқыспен
бірге тастамаңыз! Электрлік және
электрондық жабдықтар мен
батареялар және аккумуляторларды
Ni-MH
Li-ion
кәдеге жарату және батареялар мен
аккумуляторлардың қалдықтары және
оларды ұлттық заңнамаға сәйкес
қолдану еуропалық директиваларына
сәйкес қызмет ету мерзімі
аяқталған электрлік жабдықтар мен
аккумуляторлар және аккумулятор
блок(тар)ы бөлек жиналып, қоршаған
ортаға зиян келтірмейтін қайта өңдеу
мекемесіне қайтарылуы керек.
БӨЛШЕКТЕР СИПАТТАМАСЫ
► Сурет1
1.
Аккумулятор картриджі
2.
Ауыстыру адаптері
3.
Клемма қақпағы
4.
Зарядтау шамы
5.
Аккумуляторларға арналған зарядтау
құрылғысы
Зарядтау уақыты
Зарядтау уақыты келесі кестедегідей.
► Сурет2
*A. Кернеу
*B. Аккумулятор түрі
*C. Сыйымдылығы (IEC61960 стандартына сәйкес)
*D. Элементтер саны
*E. Зарядтау уақыты (минут)
ЕСКЕРТПЕ: Зарядтау уақыты аккумулятор
картриджі зарядталатын температураға
(10°C (50°F)–40°C (104°F)) және аккумулятор
картриджінің күйіне (мысалы, аккумулятор
картриджі жаңа немесе ұзақ уақыт
пайдаланылмаған болса) байланысты.
ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША
ЕСКЕРТУЛЕР
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАҢЫЗ – бұл нұсқаулық
ауыстыру адаптеріне арналған маңызды
қауіпсіздік және пайдалану нұсқауларын
қамтиды.
1.
Адаптерді пайдаланбас бұрын, осы
адаптердегі, аккумуляторларға арналған
зарядтау құрылғысындағы, аккумулятор
картриджіндегі және аккумуляторды
пайдаланатын өнімдегі барлық нұсқаулар
мен ескерту белгілерін оқып шығыңыз.
37
37 ҚАЗАҚША