Hilti DGH 130 Manual De Instrucciones página 253

Ocultar thumbs Ver también para DGH 130:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 47
жеткізіңіз. Электр құралды тасымалдағанда саусақтар сөндіргіште болатын немесе қосылған
электр құрал желіге қосылатын жағдайлар сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
▶ Электр құралды қосу алдында реттеуші құрылғыларды және гайка кілтін алыңыз. Электр
құралдың айналатын бөлігіндегі аспап немесе кілт жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶ Жұмыс кезінде ыңғайсыз қалыптарға тұрмауға тырысыңыз. Үнемі тұрақты күйді және тепе-
теңдікті сақтаңыз. Бұл күтпеген жағдайларда электр құралды жақсырақ басқаруға мүмкіндік
береді.
▶ Арнайы киімді киіңіз. Өте бос киімді немесе әшекейлерді кимеңіз. Шашты, киімді және
қолғапты электр құралдың айналатын түйіндерінен сақтаңыз. Бос киім, әшекейлер және ұзын
шаш оларға ілінуі мүмкін.
▶ Егер шаңды жинау және кетіруге арналған құрылғыларды қосу қарастырылған болса, олар
қосылғанына және мақсаты бойынша қолданылып жатқанына көз жеткізіңіз. Шаңды кетіру
модулін пайдалану шаңның зиянды әсерін азайтады.
Электр құралды қолдану және оған қызмет көрсету
▶ Аспапқа шамадан тыс жүктеме түсуін болдырмаңыз. Нақ осы жұмысқа арналған электр
құралды қолданыңыз. Бұл ережені сақтау көрсетілген қуат диапазонында жоғарырақ жұмыс
сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
▶ Сөндіргіші бұзылған электр құралды қолданбаңыз. Қосу немесе өшіру қиын электр құрал қауіпті
және оны жөндеу керек.
▶ Электр құралды реттеуге, саймандарды ауыстыруға кірісу алдында немесе жұмыстағы үзіліс
алдында розеткадан айырды және/немесе электр құралдан аккумуляторды шығарыңыз. Бұл
сақтық шарасы электр құралдың кездейсоқ қосылуын болдырмайды.
▶ Қолданылмайтын электр құралдарды балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Электр құралды
оны пайдалана алмайтын немесе осы нұсқауларды оқып шықпаған тұлғаларға бермеңіз.
Электр құралдар тәжірибесі жоқ пайдаланушылардың қолында қауіпті болады.
▶ Электр құралдарына ұқыпты қараңыз. Айналмалы бөліктердің мүлтіксіз қызмет ететінін,
олардың жүрісінің жеңілдігін, барлық бөліктердің тұтастығын және электр құралдың
жұмысына теріс әсер етуі мүмкін зақымдардың жоқтығын тексеріңіз. Аспаптың зақымдалған
бөліктерін оны қолдану алдында жөндеуге өткізіңіз. Электр құралға техникалық қызмет көрсету
ережелерін сақтамау көп сәтсіз жағдайлардың себебі болып табылады.
▶ Кескіш аспаптардың үшкір және таза болуын қадағалау керек. Жұмыс күйінде сақталатын
кескіш аспаптардың сыналануы сиректеу болады, оларды басқару жеңілдеу.
▶ Электр құралды, саймандарды, көмекші құрылғыларды және т.б.
пайдаланыңыз.
Бұл кезде жұмыс жағдайларын және орындалатын жұмыстың сипатын
ескеріңіз. Электр құралдарды басқа мақсаттарда қолдану қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.
Қызмет
▶ Электр құралды жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл электр құралды қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
2.2
Тегістеу және зімпара дискілерімен тегістеу, сым қылшақтармен жұмыс істеу,
жылтырату және кесу дискілерімен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы туралы
жалпы нұсқаулар:
▶ Бұл электр құрал тегістеу машинасы және зімпара дискілерімен тегістеу машинасы
ретінде қолдануға арналған. Аспаппен бірге алынған барлық қауіпсіздік техникасы туралы
нұсқауларды, нұсқауларды, схемаларды және деректерді орындаңыз.
нұсқауларды орындамау электр тогының соғуына, өртке және/немесе ауыр жарақаттарға әкелуі
мүмкін.
▶ Бұл электр құрал сым қылшақпен жұмыс істеуге, жылтыратуға және абразивті кесуге
арналмаған. Электр құралды басқа мақсатта қолдану қауіпті жағдайлардың пайда болуына әкелуі
мүмкін және жарақаттанудың себебі болуы мүмкін.
▶ Өндіруші арнайы осы электр құрал үшін жасамаған немесе ұсынбаған керек-жарақтарды
қолданбаңыз.
Сіздің электр құралда қандай да сайманды бекіте алғаныңыз оны қауіпсіз
пайдалануға кепіл бермейді.
▶ Алмалы-салмалы құралда көрсетілген шекті айналу жиілігі электр құралда көрсетілген ең көп
айналу жиілігінен азырақ болмауы керек. Рұқсат етілгеннен көбірек жиілікпен айналатын жұмыс
аспабы бұзылуы мүмкін.
*2204296*
Printed: 23.07.2019 | Doc-Nr: PUB / 5504888 / 000 / 00
2204296
нұсқауларға сай
Төменде берілен
Қазақ
251

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido