MSA 10119074 Instrucciones De Uso Y Mantenimiento página 48

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 23
P/N 10129886
Жылжитын аспалы арқанды қызметкерлердің қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыз, заттармен және басқа кедергілермен байланысуына
жол бермеңіз. Арқанды қыспаңыз, байламаңыз және оны аяқпен баспаңыз. Арқанның тығыз байлануын қадағалаңыз. Арқанның дене
мен аяқ-қолдарды айналдыра орап тастамауын қадағалаңыз. Арқанды басқа арқанға байлау арқылы ұзартпаңыз. Арқанды босатпаңыз
және қаптамаға бір қалыпты оралуына жол бермеңіз. ТҚТТ құлаудан қорғану үшін пайдаланбаған жағдайда, оны тарқатылған күйде
қалдырмаңыз. Арқанның үшкір қырлармен, абразивті жерлермен, от ұшқындарымен, жалынмен немесе 50°С жоғары температурамен
жанаспауын қадағалаңыз.
ТҚТТ құру немесе алып тастау кезінде құлау қаупі деңгейін шектеу қажет. Құлаудан оқшау түрдегі сақтандырғыш жүйесі қажет болуы мүмкін.
Пайдаланушының қауіпсіздігі үшін төмендегі шарт маңызды болып табылады: егер ТҚТТ арналған елдің шектерінен тыс қайта сатылатын
болса, сауда делдалы қосымша өнім пайдаланатын елдің тілінде іске пайдалану, техникалық қызмет көрсету, мезгілдік тексеру жәәне
жөндеу жүргізу үшін қажет нұсқаулықтар мен ақпарат беруге тиіс.
Бұл талаптарды орындамау немесе дұрыс қолданбау қауіпті жарақаттарға немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.
ТҚТТ дайындауда пайдаланылған материалдарға зақым келуін болдырмау үшін, осы бөлімде келтірілген тазалау жөніндегі нұсқауды дұрыс
орындаңыз. ТҚТТ таттануға әкеп соқтыратын, пайдалану кезінде кедергі келтіретін немесе этикеткаларындағы жазуды бүлдіретін кір немесе
ластануларды тазалайтын таза дымқыл (суланған емес) матамен жиі тазалап отырыңыз. Майды немесе майлау материалын кетіру үшін
жұмсақ тазалау тәсілін қолданыңыз. Химиялық, қатты тазалау құралдарын, абразивті құралдарды немесе қысыммен жууды қолданбаңыз.
ТҚТТ ешқашан суға немесе басқа сұйықтықтарға салмаңыз. Таза матамен сүртіңіз және құрылғыны кептіру үшін іліңіз. Кептіруді қыздырумен
жалдамдатпаңыз. Кірдің, сырдың немесе бөгде заттардың жиналуы ТҚТТ дұрыс жұмыс істемеуіне немесе нашарлауына әкеп соқтырады.
Бұйымды тазалау шарттарына қатысты сұрақтар туындаса, MSA компаниясымен хабарласыңыз. Қоршаған ортаның кейбір шарттары ТҚТТ
зарарсыздандыру жүргізілуін талап етуі мүмкін. Нақты пайдаланған жағдайда зарасыздандыру процедурасының дұрыстығын анықтау қажет
болған жағдайда MSA компаниясымен хабарласыңыз.
Барлық зақымданған немесе техникалық қызмет көрсетуді қажет ететін сақтандыру жабдықтары «ЖАРАМСЫЗ» деп маркалануы және
пайдаланудан алынып тасталуы керек. Ақауларды жоюға қатысты техникалық қызметтер (тазалаудан басқалары) және элементтерін
ауыстыру сияқты жөндеу жұмыстары MSA зауытында жүргізілуі керек. Дала жағдайында өз бетімен жөндеуге тырыспаңыз. Сақтандырғышы
бар ілмектің немесе карабиннің жылжымалы бөліктері тұтқырлығы төмен сіңіргіш маймен жиі майлап отыруды қажет етуі мүмкін. Майлау
құралын өндірушінің нұсқауларын орындаңыз. Шамадан тыс майлаудың қажеті жоқ. Май қалдықтарын таза, құрғақ матамен сүртіңіз.
ТҚТТ тікелей күн сәулесі түспейтін, салқын, құрғақ, таза жерде сақтаңыз. Ыстық, ылғал, жарық, майлар, химикаттар және ауада олардың
концентрациясы бар бөлмеде немесе басқа бүлдіргіш факторлары бар жайларда сақтамаңыз. Күкірт пен күл таттануды туғызатындықтан,
ТҚТТ бетон немесе күлді жерлерде болмауын қадағалаңыз. ТҚТТ толық босатылған күйде сақтаңыз. Зақымданған немесе техникалық қызмет
көрсетуді қажет ететін жабдықтарды жарамды жабдықтармен бірге сақтамаңыз. Сақтар алдында қатты былғанған, ылғалданған немесе
басқа жолдармен ластанған жабдықтарға тиісті техникалық қызмет көрсету керек (мысалы, кептіру және тазалау). Ұзақ сақталған жабдықты
пайдаланар алдында білікті органның өкіліне ресми тексертіп алған жөн.
ТҚТТ жыртылудан, ылғалдан, химикаттардан жәәне олардың буларынан, экстремальды температуралар мен ультракүлгін сәәулелерінен
сақтау үшін орамда тасымалдаңыз. Тасымалдау процесінде зақымдануды болдырмау мақсатында арқан мен ұштықтарды қорғаңыз.
Мүмкіндігінше, ТҚТТ қаптамасы мен сақтандырғышы бар ілмектің жылжып кетуін болдырмаңыз.
ТҚТТ төменде берілген тексеру процесіне сәйкес әр 6 ай сайын білікті маман арқылы тексерілуі тиіс.
Келесі қадамдарды ретімен орындаңыз. Егер кез келген тексеру пункті бойынша сенімсіздік туындаса, MSA компаниясына немесе ресми
тексеру жұмысын жүргізу үшін дайындалған білікті маманға хабарласыңыз. Төменде берілген кез келген қадам талаптарына сәйкес
келмейтін кез келген құрылғыны дереу қолданыстан шығарыңыз.
1-қадам:
Құрылғының жұмыс істейтіндігін тексеру үшін, жүктеу индикаторын тексеріңіз. (4 және 5-суреттерді қараңыз)
2-қадам:
Этикеткалардың бар екендігін және заңды екендігін тексеріңіз. Білікті маман (6) ай бойы (қиын жағдайларға 3 ай) тексеріс
жүргізгендігіне сенімді болу үшін, білікті маманның тексеру кестесін тексеріңіз.
3-қадам:
Арқанның толық ұзындығын тарту арқылы және оның басқарылған жолмен корпусқа қайтуына мүмкіндік бере отырып,
арқанның ұзаруын және қысқаруын тексеріңіз. Арқан жұмысы ұзарту кезінде тартқылаусыз немесе қысқарту кезінде тоқтаусыз орындалуы
тиіс. Арқан корпус ішіне толығымен қайтарылуы тиіс. Арқанды корпустан жылдам тарту арқылы құрылғы құлыптарын растаңыз. Құрылғы
құлыпталуы тиіс және арқан керілісі босаңсығанға дейін құлыптаулы болып қалуы тиіс. Үш рет қайталаңыз.
4-қадам:
Құрылымдық зақымдалудың және тот басудың бар-жоғын тексеріңіз. Корпус тіркемелерінің берік екендігін; жетіспейтін
немесе өзгертілген бөлшектерінің жоқ екендігін; корпуста, арқанда немесе карабинде шытынаған, қисайған немесе терең кесілген
жерлері жоқ екендігін тексеріңіз.
5-қадам:
Арқаны бар құрылғылар үшін:
а) Карабиндегі доғаларды немесе ұштарды тексеріңіз және арқанда үзілген, тозған, тот басқан, майысқан немесе өткір жерлердің бар-
жоғын тексеріңіз.
б) Арқанның бүкіл ұзындығын тексеріңіз және майысқан, бүгілген, түтеленген жерлері, диаметрі бойынша өзгерістер, тот басқан жері
немесе үзілген сымдары бар-жоғын тексеріңіз.
6-қадам:
Өрілген арқандары бар құрылғылар үшін:
а) Өрілген арқанды тексеріп, оның үзілген, тозған, қырқылған, түтілген немесе жетіспейтін жіптері жоқ екендігін тексеріңіз.
б) Өрілген арқан енінің немесе жуандығының жұқармағанына көз жеткізіңіз.
с) Қызып кетуге немесе химиялық заттардың ықпал етуіне себеп болатын күңгірт, түссізденген, жылтыр, шыңдалған немесе
шыныланған аймақтарының жоқтығын тексеріңіз.
7-қадам:
Барлық металл бөлшектерінде зақымдалған, өзгертілген және жетіспейтін бөлшектерінің бар-жоғын тексеріңіз.
8-қадам:
Карабинде бұрмаланған, жарылған, шытынаған, тот басқан жерлер, терең ойық, өткір шеттері, кесіктер, терең кесінділер,
бос бөлшектердің және шамадан тыс қызуға немесе химиялық заттардың әсер етуіне себеп болатын заттың бар-жоғын тексеріңіз.
Функциясын тексеріңіз: бірнеше рет құлыптан босатып, ашып, жауып және құлыптап көріңіз. Ысырма автоматты түрде жабылып, мұрынға
қарай тығыз орнығуы тиіс. Қысым ысырмаға түскен кезде, құлыптау механизмі ысырма ұшын мұрыннан 3 мм (1/8 дюйм) аралықта
сақтауы тиіс.
9-қадам:
Барлық пластикалық бөлшектердің кесілген, сынған, өзгертілген, шамадын тыс тозған, жетіспейтін және босаған бөлшектері
бар-жоғын тексеріңіз. Күю, шамадан тыс қызу немесе химиялық заттардың әсер етуінің бар-жоғын тексеріңіз.
10-қадам: Бүкіл жүйенің әр құрамдасы мен ішкі жүйесін тиісті өндіруші нұсқаулықтарына сәйкес тексеріңіз.
Мемлекеттік реттеу туралы заң бойынша тексеріп болғаннан кейін, қауіпсіз пайдалану жағдайына сенімсіздік тудырса, ол қауіпсіздік үшін
өте маңызды болып табылады және құрылғыны қолдану туралы білікті маман тарапынан жазбаша түрде расталмағанша, мемлекеттік
реттеу туралы заң бойынша қолданыстан алынып, қайта пайдаланылмауы тиіс.
Page 48
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕН САҚТАУ
ҚАЗАҚША
© 2012 MSA

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

101190751011907610119077

Tabla de contenido