Техникалық Сипаттамалар - METRO PROFESSIONAL GST1003 Manual De Instrucciones

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 19
Құрастыру / пайдалану нұсқаулығы
GST1003
Құрылғыны қолдануды бастамастан бұрын келесі қолдану бойынша нұсқауларды оқып шығуға уақыт бөліңіз.
МАҢЫЗДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ
Бұйымды пайдаланбас бұрын осы пайдалану нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз. Бұнда қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат
бар, оған қоса пайдалану және техникалық қызмет көрсету жөнінде кеңестер таба аласыз.
Бұйымды дұрыс пайдаланбай зақымдап алмау үшін қауіпсіздікке қатысты барлық нұсқауды орындаңыз! Келешекте пайдалану үшін
осы нұсқаулықты сақтап қойыңыз. Бұл бұйымды басқа адамға беретін болсаңыз, осы нұсқаулықты да қоса беруіңіз керек.
Коммерциялық қолданысқа арналған қауіпсіздіктің жалпы талаптарына сай келеді.
Жиһазды тегіс көлденең жерге орналастыру қажет. Екі адамның құрастырғаны дұрыс.
Дұрыс құрастырмағандықтан немесе мақсатынан тыс пайдаланғандықтан келген нұқсанға, соның ішінде жанама нұқсанға жауап
бермейміз.
Жиһазды дымқыл шүберекпен тазалаңыз. Жиһазды құрғақ және таза жерге қойыңыз.
Құрамдас бөлшектері сынық немесе бұзылған болса, өнімді пайдаланбай, өндірушіге немесе жабдықтаушыға хабарласыңыз.
Үнемі қосылған жерлерін тексеріп, бұрандаларын бекітіп жүріңіз.
Бұйымды орнатып жатқанда балалар мен үй жануарларын жолатпаңыз.
Бұйымды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
150 кг артық салмақ салмаңыз (әр сөреге 50 кг).
Құрастырмас бұрын төмендегі бөлшектер тізімінде көрсетілген барлық бөлшек түгел жеткізілгенін тексеріп шығыңыз. Кейбір бөлшектері
жоқ немесе зақымдалған болса, құрастырмаңыз.
Бұйымды өрттен және басқа да тұтану көздерінен аулақ ұстаңыз.
Мүмкін болса, бұйым қажетті орында тұрғанда дөңгелектерін бекітіп қойыңыз.
Бұйым құлап кетпес үшін, оған сүйенбеңіз және соққыламаңыз.
Бұйымның үстіне шықпаңыз.
Азық-түлікке тікелей тигізбеңіз.
МАҢЫЗДЫ МӘЛІМЕТ, КЕЛЕШЕКТЕ ҚОЛДАНУ
ҮШІН САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ:
МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ ЖАСАУ
Бұйымды мейлінше ұзақ пайдалану үшін оны жұмсақ жуғыш затпен тазалап жүріңіз. Содан кейін оны толығымен құрғатыңыз.
Еріткіш негізіндегі жуғыш заттарды мүлдем қолданбаңыз. Сонымен бірге бұйымды тазалауға сілтілі не қышқылды жуғыш заттарды немесе
бумен тазалайтын аппаратты пайдаланбаңыз.
САҚТАУ
Бұйымды салқын әрі таза жерде сақтаңыз, дұрысы - өз қаптамасы.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Қайта өңдеу арқылы жою керек.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР
Өлшемдері (Ұ x Б x Е):
Салмағы:
КЕПІЛДІК
Осы құрылғыға заңмен орнатылған кепілдік қолданылады.
Шағымдар анықталғаннан кейін дереу жіберілуі тиіс.
Кепілдік шағымдарының құқығы сатып алушының немесе үшінші тараптың қатынасуынан кейін бітеді. Дұрыс қолданбау, дұрыс орнатпау
немесе сақтамау, дұрыс қоспау немесе орнатпау, оған қоса күш салу немесе сыртқы әсерлер салдарына болған зақымдар осы кепілдікке
кірмейді. Пайдалану нұсқаулығында маңызды ақпарат болғандықтан мұқият оқып шығуды ұсынамыз.
Сатып алушы кепілдік шағымдарының құқығын сатып алу түбіртегін ұсыну арқылы дәлелдеуі тиіс.
Ескертпе:
1. Осы құрылғы дұрыс жұмыс істемеген жағдайда, алдымен басқа себептері жоқ екенін тексеріп алыңыз, мысалы, қуат көзінің үзілуі немесе
дұрыс қолданбау себеп болуы мүмкін.
2. Төмендегі құжаттар ақуалы құрылғыңызбен бірге жіберілуі тиіс:
– Сатып алу түбіртегі
– Үлгі сипаттамасы/түрі/бренд
– Ақауды және проблеманы егжей-тегжейлі сипаттаңыз.
Кепілдік немесе ақау туралы шағымдарыңыз болған жағдайда, сатушыға тікелей хабарласыңыз.
GWL 7/08 E/KZ
850 x 940 x 526 мм
14,5 кг
201030
MCC Trading International GmbH
Schlüterstraße 5
40235 Düsseldorf
Germany
Made in China
QA16-0000000096

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido