Descargar Imprimir esta página

OKBABY Flat Manual De Instrucciones página 30

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 7
OKBABY ЖАЯЛЫҚ НЕ КИІМ АУЫСТЫРУҒА АРНАЛҒАН
KK
FLAT ЖАБДЫҒЫ, КОД № 839
ЕСКЕРТУ!!!
БАЛАНЫ ЕШҚАШАН ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРМАҢЫЗ
МАҢЫЗДЫ: Төмендегі нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз да,
кейін қарап жүру үшін сақтап қойыңыз.
БАЛАНЫҢ МАКС. САЛМАҒЫ 15 КГ
FLAT – төменде көрсетілген жерлерге бейімдеп орнатуға болатын, баланың жаялығы не
киімін ауыстыруға арналған жабдық, оны: орнықты үстелдің үстіне, баланың төсегіне немесе
ваннаның үстіне орнатуға болады.
Жабық тұрған кездегі өлшемдері: 66.2 см x 84.6 см x 18.3 см
FLAT ЖАБДЫҒЫН ҮСТЕЛ НЕМЕСЕ ОРНЫҚТЫ БЕТКЕ ОРНАТУ
(Үстелдің беті кем дегенде 67 см x 85 см болуға тиіс)
1. Flat тіректерін оның бетінің астыңғы жағындағы бекітпеге салынып бекітілетіндей етіп
ашып орнатыңыз (1-ші сурет).
2. FLAT жабдығын орнықты, тегіс жерге орнатыңыз (2-ші сурет).
3. Жабдықты барынша орнықты етіп қою үшін оның сирақтарының тайғанақтамайтын
ұштарының (3-ші сурет) барлығы, жабдық қойылған үстел немесе жерге тиіп тұруға
тиіс.
МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРІМ:
FLAT жабдығы үстелдің барлық түрлеріне орната беруге келмейді. Беті сырғанақ үстел,
жиналмалы үстел, бір сирақты үстел, ойын үстелдері немесе үсті бір жағына түсірілетін
үстелге қоюға болмайды.
Жабдықтың тайғанақтамайтын сирақтарын орнықты етіп орналастыруға кедергі
жасайтын сүлгі немесе басқа заттарды жабдық қойылатын үстелге қоймаңыз. Жабдық
қойылатын үстел үстінің таза, әрі құрғақ болуын қамтамасыз етіңіз.
FLAT жабдығын, оған жатқызылған баламен қоса жылжытпаңыз.
FLAT ЖАБДЫҒЫН ВАННАҒА ОРНАТУ
(ваннаның ішкі ені минимум 56 см, максимум 74 см болуға тиіс)
1. FLAT тіректерін босату үшін, жабдық бетінің астыңғы жағындағы бекітпені босатыңыз
(4-ші сурет).
2. FLAT тіректерін, қызыл ілгектер жабдықтың жақтауындағы орындарына келгенше
түгел ашыңыз (5-ші сурет).
3. Flat тірегінің әр сирағын минимум енге келтіріңіз (11-ші сурет).
4. FLAT жабдығын ваннаның жиектеріне тірей отырып қойыңыз (6-шы сурет).
5. Тіректердің сирағын, тайғанақтамайтын резеңке тығыздағыштарды ванна жиегінің
ішкі қырына келтіре, жабысқақ қалпақтарды ванна жиегінің үстіне (7-ші сурет) келтіріп
лайықтап орнатыңыз.
6. FLAT тіректерін жабу үшін қызыл ілгектің әрбірін екі жағынан басып (5-ші сурет),
жабдықтың тіректерін ішке қарай итеріңіз де, жабдық бетінің астыңғы жағында
орналасқан бекітпеге салып бекітіп қойыңыз (1-ші сурет).
МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРІМ:
Ваннаның ішкі ені 15-ші суретте көрсетілгендей, кем дегенде 56 см болуға тиіс.
Баланы қоярдың алдында әрқашан жабдықтың ваннаға дұрыс орнатылғанын, бекіткіш
құралдарының дұрыс салынғанын тексеріп отырыңыз.
FLAT жабдығын ваннаға баланың қолы кранға жетпейтіндей етіп орнатыңыз.
Егер ванна қабырғаға тіреліп тұрмаса, FLAT жабдығын ваннаның ортасына орнатыңыз
(13-ші сурет).
жабдықты ваннаға орнатып қолданар кезде, басда балалардың ваннаға түсуіне жол
58.Flat
бермеңіз.
FLAT жабдығын, оған жатқызылған баламен қоса жылжытпаңыз.
FLAT ЖАБДЫҒЫН БАЛАНЫҢ ТӨСЕГІНЕ ОРНАТУ
(екі сырғытпа жолдың аралығы максимум: 63 см бастап, 73.5 см дейін).
1. Flat тіректерін оның бетінің астыңғы жағындағы бекітпеге салынып бекітілетіндей етіп
ашып орнатыңыз (1-ші сурет).
2. FLAT жабдығын (8-ші сурет) баланың төсегінің үстіндегі сырғытпа жолдарға кіріктіріп
қойыңыз (14-ші сурет).
3. FLAT жабдығы бала төсегінің үстіндегі сырғытпа жолдарға, жабдықпен бірге
жеткізілген үш Velcro таспалары арқылы бекітіледі; таспалардың біреуі жабдықтың
артқы жағына, екеуі алдыңғы жағына бекітіледі.
4. Таспаны жабдықтың астыңғы жиегінде орналасқан саңылаудан өткізіңіз де (9-шы
сурет), төсектің сырғытпа жолының астынан өткізіп Velcro (10-шы сурет) арқылы
бекітіңіз. Қалған екеуін де осы жолмен бекітіңіз.
МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРІМ:
Баланың төсегіне орнатылған жабдықты пайдаланардың алдында, оның төсек
үстіндегі сырғытпа жолдарға берік орнатылғанына, жабдықпен бірге келетін
таспалармен бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Баланы FLAT жабдығына жатқызардың
алдында оның орнықты тұрғанына көз жеткізіңіз.
Жабдықпен бірге жеткізілетін таспаларды, осы жабдықты бала төсегіне орнату үшін
ғана қолданып, жабдықты пайдаланып болғаннан кейін таспалар шырмалып, немесе
кедергі тудырмас үшін дереу алып тастаңыз.
Төсектің сырғытпа жолдары басқа қа лыпқа қойылатын болса, FL AT жабдығын
орнатардың алдында олардың жылжып кетпейтіндей бекітулі тұрғандығына көз
жеткізіп алыңыз.
FLAT жабдығын, оған жатқызылған баламен қоса жылжытпаңыз.
ЕСКЕРТУ:
Осы жабдыққа жақын орналасқан электр пештері тәрізді қатты қызу шығаратын
құрылғылардан немесе газ жалыны сияқты ашық от көздерінен келетін қауіп-қатерді
әрқашан есте ұстаңыз.
FLAT жабдығы салмағы макс. 15 кг болатын балаларға арналып жасалған.
Бөлшегі сынған немесе жетіспей тұрған FLAT жабдығын ешқашан қолданбаңыз.
FLAT жабдығын жұмсақ шүберек пен нейтрал жуғыш затты қолданып тазалаңыз.
Жеміргіш құралдарды, еріткіштерді немесе аммиак негізінде жасалған заттарды
қолданып тазаламаңыз.
Қосалқы бөлшектерді немесе өзіңіз қалаған қосымша бөлшектерді тек өндірушіге
немесе дистрибьюторге тапсырыс беру арқылы алуыңыз керек.
Flat.59

Publicidad

loading