Marta MT-4309 Manual De Instrucciones página 51

Tabla de contenido

Publicidad

 Қысымда әзерлеуді бастаудың алдында тостағанда сұйықтық (су немесе сорпа) барына көз жеткізіңіз. Қысымда әзірлеу бу қалыптасу үшін сұйықтықты
талап етеді.
 Аспап қысымда жұмыс істеген кезде ауа немесе бу қақпақ корпусқа қосылған жерде шықпауы керек.
 Аспап қақпағымен абай болыңыз – мультипісіргіш-жылдам пісіргіш жұмысы кезінде аспап қақпағының орталық бөлігі қатты қызып, күйдіруі
мүмкін. Ылғи тек қақпақ тұтқасынан ұстаңыз.
 Аспаптан қақпақты тек қысым индикаторы төменгі күйде тұрғанда, яғни аспаптың ішінде қысым мәні қауіпсіз мәнге жеткенде ғана шешуге рұқсат етіледі.
 Аспапты пайдалана бастаудың алдында бу шығаратын тесік бітелмегенін ылғи тексеріп тұрыңыз.
 Қысым реттегішін кірлетпеңіз. Қысым реттегішін үнемі ластан тазалап тұрыңыз.
 Аспаппен жұмыс аяқталысымен әзірлеу тостағанын бірден суық суға салмаңыз – температура кенет ауысса, ішкі жабынды зақымдануы мүмкін. Тостағанды
жуу алдында суытыңыз.
 Тостағанның ішкі беті мұқият және абайлап жұмыс істеуді талап ететін жабындымен жабылған. Тостаған жабындысын зақымдамау үшін өндіруші
мультипісіргішпен бірге келетін керек-жарақты пайдалануға кеңес береді. Сонымен қатар, ағаш, пластик немесе силикон керек-жарақты пайдалануға
болады.
Назар аударыңыз: Аспап жоғары ішкі қысымды жасайды, сондықтан қауіпі көп аспап болып табылады және дұрыс пайдаланылмағанда ыстық бу
немесе сұйықтықтан күюге әкеліп соқтыруы мүмкін.
 Аспапты ашу үшін ешқашан күш салмаңыз. Ашу алдында тостағанда ішкі қысым қоршаған орта қысымына толық теңесуі керек.
 Әзірлеу үдерісі аяқталысымен, сонымен қатар аспаптан дайын асты шығарғанда оны ылғи электр желісінен ажыратыңыз.
ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІ
 Аспаптың қақпағы аспаптың ішінде қысым өте жоғары болғанда да ең күшті қорғанысты қамтамасыз ететіндей құрастырылған.
 Қақпақты құрсаулау құрылғысы Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін өте маңызды элемент болып табылады. Егер ішінде қысым өте көп болса, қақпақты аша алмайсыз.
 Егер аспаптың ішінде қысымның мәні асты әзірлеуге қажетті мәннен асса, артық ішкі қысымды түсіру құрылғысы іске қосылады. Бұл кезде аспаптан ауа
шығып, қысым түседі.
 Аспап температураны бақылау қадағасымен жабдықталған, ол аспаптың ішінде тапсырылған температура асқанда іске қосылады.
 Автоматты түрде өшіру қадағасы аспап қызып кеткенде іске қосылады.
АЛҒАШҚЫ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
 Аспапты орамынан шығарып, барлық жапсырманы алып тастаңыз.
 Аспаптың барлық құрамдастары барын және зақым жоқтығын тексеріңіз.
 Барлық құрамдасты «Тазалау және күту» тарауына сәйкес тазалаңыз.
 Барлық бөлшекті құрғатып сүртіңіз және аспап жұмысқа дайын болатындай орнатыңыз.
 Аспапты алғашқы пайдаланар алдында тостағаны суға 70% толған «Пар/Варка» бағдарламасын 30 минут мерзіміне қосу керек.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТУ
Аспапты тазалаудың алдында міндетті түрде электр желісінен ажыратыңыз.
 Аспапты толық суытыңыз.
 Ас әзірлеу тостағанын жуу құралымен жуыңыз, сумен шайып, жұмсақ матаның көмегімен кептіріңіз.
 Аспап пен керек-жарақты тазалау үшін абразивті тазартқыштар мен агрессивті жуу заттарын пайдаланбаңыз.
51

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Mt-4310

Tabla de contenido