Descargar Imprimir esta página

Hilti TE 60-A36 Manual De Instrucciones Original página 227

Ocultar thumbs Ver también para TE 60-A36:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 59
Техникалық қызмет көрсету
Көзге көрінетін барлық бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз
жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда, оны пайдаланушы болмаңыз. Өнімді
міндетті түрде Hilti қызмет көрсету орталығында жөндетіңіз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, олардың ақаусыз жұмыс істегенін тексеріңіз.
Қауіпсіз қолдану үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен жұмсалатын материалдарды
қолданыңыз. Hilti мақұлдаған қосалқы бөлшектер, шығын материалдары мен өнімге арналған
керек-жарақтар Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді: www.hilti.group
7
Аккумуляторлық құралдар мен аккумуляторларды тасымалдау және сақтау
Тасымалдау
АБАЙЛАҢЫЗ
Тасымалдау кезіндегі кенет іске қосылу !
▶ Өніміңізді әрдайым аккумуляторын шығарып алып тасымалдаңыз!
▶ Аккумулятор(лар)ды шығарыңыз.
▶ Аккумуляторларды ешқашан үймеде тасымалдамаңыз. Тасымалдау барысында аккумуляторларды
шамадан артық соққы мен дірілден қорғау және олардың басқа батарея полюстерімен жанасуына
және қысқа тұйықталудың туындауына жол бермеу үшін кез келген ток өткізгіш материалдардан
немесе басқа аккумуляторлардан оқшаулау керек.
тасымалдау ережелерін сақтаңыз.
▶ Аккумуляторларды поштамен жіберуге болмайды. Зақымдалмаған аккумуляторларды жіберу қажет
болғанда, жеткізуші кәсіпорындарға хабарласыңыз.
▶ Өнім мен аккумуляторларды әр пайдаланбас бұрын және ұзақ уақыт бойы тасымалдағаннан кейін
зақымдардың бар-жоғын тексеріп шығыңыз.
Сақтау
ЕСКЕРТУ
Бүлінген немесе заряды таусылған аккумуляторлардан күтілмеген зақымдалу !
▶ Өніміңізді әрдайым аккумуляторын шығарып алып сақтаңыз!
▶ Өнім мен аккумуляторларды салқын және құрғақ жерде сақтаңыз.
көрсетілген температураның шектік мәндерін ескеріңіз.
▶ Аккумуляторларды зарядтағыш құрылғыда сақтамаңыз.
әрдайым зарядтағыш құрылғыдан шығарыңыз.
▶ Аккумуляторларды еш жағдайда күн мен жылу көздерінің астында немесе шыны әйнек артында
сақтамаңыз.
▶ Өнім мен аккумуляторларды балалар мен рұқсаты жоқ адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
▶ Өнім мен аккумуляторларды әр пайдаланбас бұрын және ұзақ уақыт бойы сақтағаннан кейін
зақымдардың бар-жоғын тексеріп шығыңыз.
8
RoHS (зиянды заттектердің пайдаланылуын шектеу директивасы)
Төмендегі сілтеме бойынша зиянды заттектердің кестесі келтірілген: qr.hilti.com/r8377057.
RoHS кестесінің сілтемесі осы құжаттаманың соңында QR коды ретінде берілген.
9
Ақаулықтардағы көмек
Бұл кестеде келтірілмеген немесе өзіңіз түзете алмайтын ақаулықтар орын алғанда, Hilti қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
*2201898*
2201898
Аккумуляторларға арналған жергілікті
Техникалық деректерде
Аккумуляторды зарядтағаннан кейін
Қазақ
221

Publicidad

loading