Descargar Imprimir esta página

Metabo W 750-100 Manual Original página 134

Ocultar thumbs Ver también para W 750-100:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 46
kk
ҚАЗАҚША
7.5
Қыспа гайканы (кілтсіз) бекіту/босату
(жабдықталуға байланысты)
Қыспа гайканы (кілтсіз) (14) тек қолмен
бұрап тартыңыз!
Жұмыс барысында тұтқа (15) әрдайым
қыспа гайкамен (1) мықтап жанасуы тиіс.
Қыспа гайканы (кілтсіз) (14) бекіту:
Егер қысу диапазонындағы алмалы-
салмалы құралдың қалыңдығы 6 мм
шамасынан артық болса, қыспа гайканы (кілтсіз)
пайдалануға тыйым салынады! Бұл жағдайда
екі саңылаулы гайканы (12) екі саңылаулы
кілтпен (13) бірге пайдаланыңыз.
- Шпиндельді бекітіңіз (7.1 бөлімін қараңыз).
- Қыспа гайканың тұтқасын (15) жоғары
қайырыңыз.
- Қыспа гайканы (14) шпиндельге (3)
орнатыңыз. 2-беттегі суретті қараңыз.
- Қыспа гайканың тұтқасын (15) сағат тілінің
бағытымен қолмен бұрап тартыңыз.
- Тұтқаны (15) қайтадан төмен қайырыңыз.
Қыспа гайканы (кілтсіз) (14) босату:
- Шпиндельді бекітіңіз (7.1 бөлімін қараңыз).
- Қыспа гайканың тұтқасын (15) жоғары
қайырыңыз.
- Қыспа гайканы (14) сағат тілінің бағытына
қарсы қолмен бұрап шығарыңыз.
Нұсқау: қыспа гайка (14) тым қатты бекітілген
жағдайда, оны бұрап шығару үшін екі
саңылаулы кілтті де пайдалануға болады.
8. Пайдалану
8.1
Айналу жиілігін реттеу (WEV 850-115,
WEV 850-125)
Реттегіш дөңгелекте (7) ұсынылған айналу
жиілігін реттеңіз. (Кіші сан = төмен айналу
жиілігі; үлкен сан = жоғары айналу жиілігі)
Абразивті кескіш, ажарлағыш дөңгелек,
ажарлағыш бастиек, алмасты кескіш дөңгелек:
жоғары айналу жиілігі
Қылшақ: орташа айналу жиілігі
Тіреуіш ажарлағыш табақша: төмен-орташа
айналу жиілігі
Нұсқау: жылтырату жұмыстары үшін біздің
бұрыштық жылтыратқышты пайдалануға кеңес
береміз.
8.2
Қосу/өшіру
Аспапты әрдайым екі қолмен ұстап
тұрыңыз.
Алмалы-салмалы құралды дайындамаға
тек қосулы күйінде апарыңыз.
Аспапқа артық шаң мен жоңқаның
тартылуына жол бермеңіз. Аспапты қосқан
және өшірген кезде жиналған шаңнан алшақ
ұстаңыз. Аспапты өшіргеннен кейін қозғалтқыш
толықтай тоқтағанша қоймаңыз.
Кенет іске қосылуына жол бермеңіз:
желілік аша розеткадан суырылған немесе
134
токпен жабдықтау үзілген болса, әрдайым
аспапты өшіріңіз.
Үздіксіз жұмыс режимінде аспап қолдан
түсірілген жағдайда да ары қарай жұмыс
істейді. Сондықтан әрдайым аспапты екі қолмен
арнайы тұтқыштарынан ұстаңыз, тұрақты
қалыпта тұрыңыз және бар назарыңызды
орындалатын жұмысқа аударыңыз.
Ауыстырып-қосқышы бар аспаптар:
Қосу: ауыстырып-қосқышты (5) алға
жылжытыңыз. Үздіксіз жұмыс режимі үшін
ауыстырып-қосқышты тірелгенше төмен
қайырыңыз.
Өшіру: ауыстырып-қосқыштың (5) артқы ұшын
басып жіберіңіз.
Бекітілмейтін ажыратқышы бар аспаптар
(қауіпсіз тоқтату функциясымен):
(WP... белгісі бар аспаптар)
0
Қосу: қосу құлпын (9) көрсеткі бағытымен
жылжытып, батырма ауыстырып қосқышты (8)
басыңыз.
Өшіру: батырма ауыстырып қосқышты (8)
жіберіңіз.
8.3
Жұмыс бойынша нұсқаулар
Ажарлау және егеуқұм қағазымен ажарлау:
Аспапты орташа күшпен қысып, дайындаманың
беті қатты қызбайтындай етіп үстіңгі бет
бойынша алға-артқа жылжытыңыз.
Сиыра ажарлау: жақсы нәтижеге қол жеткізу
үшін 30° - 40° орнату бұрышында жұмыс істеңіз.
Абразивті кесу:
Абразивті кесу кезінде әрдайым
қарама-қарсы бағытпен (суретті
қараңыз) жұмыс істеңіз. Кері
жағдайда аспап кесіктен кенет
секіріп шығуы мүмкін. Орташа,
өңделетін материалға жарамды беріліспен
жұмыс істеңіз. Қисайтуға, басуға және
теңселтуге болмайды.
Сым қылшақтармен жұмыс істеу:
Аспапты орташа күшпен қысыңыз.
9. Тазалау
Жұмыс барысында электрлік құралдың ішінде
материал бөлшектері жиналуы мүмкін. Бұл
электрлік құралдың суытылуын нашарлатады.
Ток өткізгіш шөгінді электрлік құралдың
қорғайтын оқшаулағышын бұзып, ток соғу қаупін
тудыруы мүмкін.
5
I
0
8 9
8 8 9
I

Publicidad

loading