Descargar Imprimir esta página

Makita BL1055B Manual De Instrucciones página 139

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 31
13. Егер құрал ұзақ уақыт бойы
пайдаланылмайтын болса, құралдағы
аккумуляторды алып тастау керек.
14. Пайдалану кезінде және пайдаланғаннан
кейін, аккумулятор қызып, күйікке немесе
төмен температуралы күйікке әкелуі мүмкін.
Ыстық аккумуляторды ұстаған кезде сақ
болыңыз.
15. Құралдың клеммасын пайдаланғаннан
кейін, оны бірден ұстамаңыз, ол күюге
себеп болатындай ыстық болуы мүмкін.
16. Аккумулятордың клеммаларына,
саңылауларына және ойықтарына
жоңқа, шаң немесе кірдің тұрып қалуына
жол бермеңіз. Бұл құралдың немесе
аккумулятордың сынуына немесе өнімділігінің
нашарлауына әкелуі мүмкін.
17. Егер құрал жоғары вольтты электрлік қуат
желілері жанында пайдалануға жарамды
болмаса, аккумуляторды жоғары вольтты
электрлік қуат желілерінің жанында
пайдаланбаңыз. Бұл құралдың немесе
аккумулятордың істен шығуына немесе
сынуына әкелуі мүмкін.
18. Аккумуляторды балалардан аулақ ұстаңыз.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ
САҚТАҢЫЗ.
Аккумулятордың максималды
қызмет ету мерзімін сақтау
бойынша кеңестер
1.
Аккумулятор қуаты толығымен отырмас
бұрын зарядтаңыз. Құралдың қуаты
азайғанын байқаған кезде, оның жұмысын
тоқтатып, аккумуляторды зарядтаңыз.
2.
Толығымен зарядталған аккумуляторды
ешқашан қайта зарядтамаңыз. Артық
зарядтау аккумулятордың қызмет ету
мерзімін қысқартады.
Аккумуляторды 10 °C - 40 °C (50 °F - 104 °F)
3.
бөлме температурасында зарядтаңыз.
Зарядтамас бұрын, аккумуляторды
суытыңыз.
4.
Аккумуляторды пайдаланбаған уақытта оны
құралдан немесе зарядтау құрылғысынан
алып тастаңыз.
Егер аккумуляторды ұзақ уақыт бойы (алты
5.
айдан артық) пайдаланбаған болсаңыз, оны
зарядтаңыз.
БӨЛШЕКТЕР
СИПАТТАМАСЫ
Бұл аккумуляторды Makita компаниясының
төменде көрсетілген желдеткіші бар күртелерімен/
кеудешелерімен және қыздырылатын күртелерімен/
кеудешелерімен/жамылғысымен пайдалануға
болады.
► Сурет1
Топ
A
Желдеткіші бар күрте/кеудеше:
DFV210, DFJ206, DFJ207, DFJ210, DFJ211,
DFJ212, DFJ213, DFJ214, DFJ216, DFJ304,
DFJ305, DFJ310, DFJ311, DFJ405, DFJ407,
DFJ410, DFJ411, DFJ416
Қыздырылатын күрте/кеудеше/жамылғы:
CV102D, DCV202, CJ105D, CJ106D, DCJ205,
DCJ206, CB100D, DCB200
B
Желдеткіші бар күрте/кеудеше:
DFJ212A, DFJ213A, DFJ214A, DFJ216A,
DFJ312A, DFJ416A, DFV210A, DFV214A,
DFV215A
1.
Қуат деңгейінің индикаторы
Желдеткіші бар күрте/кеудешені пайдаланған кезде,
қуат деңгейі көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Жоғарыда көрсетілген A тобының
күртелерін/кеудешелерін пайдаланатын болсаңыз,
олардың желдеткіш блогында 3 қадамдық басқару
жүйесі қолданылатындықтан, қуат деңгейінің
4-индикаторы жанбайды.
ЕСКЕРТПЕ: Қыздырылатын күрте/кеудеше/
жамылғыны пайдаланатын болсаңыз, қуат
деңгейінің 4-индикаторы ғана жанады.
2.
Аккумулятор қуатының индикаторы
Аккумуляторда қалған қуат деңгейі көрсетіледі.
3.
Қуат түймесі
Қосу үшін қуат деңгейінің индикаторы жанғанша қуат
түймесін басып тұрыңыз.
Желдеткіші бар күрте/кеудешенің қуат деңгейін
өзгерту үшін, қуат қосылған кезде қуат түймесін
жылдам басыңыз.
Өшіру үшін қуат деңгейінің индикаторы сөнгенше
қуат түймесін басып тұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қыздырылатын күрте/кеудеше/
жамылғының жылуын өзгерту үшін, іске қосылған
кезде қыздырылатын күрте/кеудеше/жамылғының
түймесін басыңыз.
4.
USB порты (қақпағымен)
USB порты аккумуляторды зарядтау үшін және
сондай-ақ USB құрылғысы үшін қуат көзі ретінде
пайдаланылады.
5.
Электрлік розетка
Қуат беру үшін күрте/кеудеше/жамылғының кабелін
немесе адаптер кабелін жалғаңыз.
139 ҚАЗАҚША
Үлгісi

Publicidad

loading