Descargar Imprimir esta página

Техникалық Күтім Және Қызмет - Bosch GSH Professional 5 Manual Original

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 18
90 | Қазақ
– Құлыптау төлкесін (2) артқа жылжытып, алмалы-
салмалы аспапты құрал бекіткішіне бұрап енгізіңіз.
Құлыптау төлкесін (2) қайта жіберіп, алмалы-салмалы
аспапты бұғаттаңыз.
– Құралдың бекітілуін тартып тексеріңіз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару (B суретін
қараңыз)
– Бекіткіш төлкені (2) артқа қарай жылжытып, алмалы-
салмалы аспапты шығарыңыз.
Қосымша тұтқа
Электр құралын тек қосымша тұтқамен (6) бірге
u
пайдаланыңыз.
Қосымша тұтқаны (6) кез келген бағытпен қайырып,
қауіпсіз және ыңғайлы жұмыс күйіне реттеуге болады.
– Қосымша тұтқаның (6) астыңғы бөлігін сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап, қосымша тұтқаны (6) қалаулы
күйге қайырыңыз. Содан кейін қосымша тұтқаның (6)
астыңғы бөлігін сағат тілінің бағытымен қайтадан бұрап
бекітіңіз.
Пайдалану
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Іске қосу
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Қосу/өшіру
– Электр құралын іске қосу үшін ажыратқышты (5)
басып тұрыңыз.
– Басылған ажыратқышты (5) бекіту үшін бекіту
түймесін (4) басыңыз.
– Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (5)
жіберіңіз немесе бекіту түймесімен (4) бұғатталған
болса, ажыратқышты (5) қысқа уақыт басып, сонан
соң жіберіңіз.
Төмен температураларда электр құралы белгілі бір уақыт
өткеннен кейін толық қағу қуатына қол жеткізеді. Іске
қосу кезеңін электр құралына орнатылған алмалы-
салмалы аспапты бір рет еденге қағып қысқартыңыз.
Қашау күйін өзгерту (Vario-Lock)
Қашауды 12 күйде бұғаттауға болады. Осылайша оңтайлы
жұмыс күйіне қол жеткізуге болады.
Қашауды жылжыту
ауыстырып-қосқышын (3)
Қашау күйін өзгерту
(Vario-Lock) күйіне
бұраңыз.
– Қашауды құрал бекіткішіне енгізіп, қашауды қажетті
күйге бұраңыз.
1 609 92A 8A5 | (29.11.2022)
Қашауды жылжыту
ауыстырып-қосқышын (3)
Қашау күйіне бұрап.
қашауды тірелгенше
бұраңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Қашау құралдарын өткірлеу (C суретін қараңыз)
Өткір қашау құралдары ғана жақсы нәтижелерге қол
жеткізеді, сондықтан қашау құралдарын дер кезінде
өткірлеңіз. Бұл құралдардың ұзақ пайдалану мерзімі мен
дұрыс жұмыс нәтижелерін қамтамасыз етеді.
Қосымша ажарлау
Қашау құралдарын ажарлағыш дискілерде, мысалы, ақ
түсті электрокорундта бірқалыпты су ағынымен
ажарлаңыз. Кескіштерде құбылмалардың пайда
болмауына көз жеткізіңіз; бұл қашау құралдарының
қаттылығына теріс әсер етеді.
Соғу үшін қашауды 850 - 1050°C шамасына дейін (ашық
қызыл және сары аралығында) қыздырыңыз.
Шынықтыру үшін қашауды шамамен 900°C-қа
қыздырып, май ішінде суытыңыз. Сонан соң оны пешке
320°C температурасында (құбылма ақшыл көк) бір
сағаттай уақытқа салыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Техникалық қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Зақымдалған шаңнан қорғайтын қаптаманы дереу
u
ауыстыру керек. Оны қызмет көрсету
орталығында орындауға кеңес беріледі.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Gsh professional 501