АЛҒАШҚЫ ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА
•
Қаптаманы түгелдей алып тастаңыз (
•
Жиынтықтылығын және тасымалдаудан пайда болған зақымның бар-жоғын тексеріңіз. Зақымдалған немесе толығымен
жеткізілмеген жағдайда, дилерге хабарласыңыз (
•
Құрылғыны тазалаңыз (
-
Құрылғыны көлденең әрі орнықты жерге орналастырыңыз, еңкіштігі 5%-дан
аспауы тиіс. Орын еңкіш болса, еңкіштікті реттейтін кронштейн орнатыңыз.
Орнатқанда оң жақтағы суретке назар салыңыз.
-
Алдымен, 1-белгідегі бұранданы бұрап шығарыңыз, сосын 1-белгіге
бекіткіш кронштейнді бекітіңіз.
-
Қабырғадан 2-белгі көрсетілген жерден бұрғымен тесік жасаңыз, одан
кейін бекіткіш кронштейнді M6 анкерлік бұранымен бекітіңіз.
-
Ескертпе: бұрандалар жинаққа кірмейді.
•
Құрылғыны қабырғаға жақын орналастыруға тырысыңыз, бірақ оның тиімді жұмысын және дұрыс ауа айналымын
қамтамасыз ету үшін, желдетуге жеткілікті орын қалдырыңыз.
•
Құрылғыны күн сәулесі тікелей түсетін немесе жылу көздеріне жақын жерге орналастырмаңыз.
•
Құрылғыны ылғалдан, қатты ыстықтан және суықтан қорғаңыз.
KZ
•
Құрылғының климаттық класын және сәйкесетін температурлар диапазонын анықтап қараңыз:
Сынақ бөлмесінің климаттық
класы
1
2
3
4
5
•
Ешқашан ұзартқыш сым қолданбаңыз – қызып кету қаупі бар! Егер қуат сымы (5) ең жақын розеткаға жетпесе,
дүкеніңіздегі заттардың орналасуын өзгертіңіз немесе білікті маманнан жаңа розетка орнатуын сұраңыз.
•
Құрылғының дөңгелектері (6) бар, сондықтан оны бір орыннан екінші орынға оңай жылжыта аласыз. Ескерту! Құрылғыны
тегіс емес еденмен немесе баспалдақпен жылжытпаңыз.
•
Электр қуатынан ажыратқан болсаңыз, қайта қоспас бұрын кемінде 5 минут күтіңіз, әйтпесе компрессор зақымдалуы
мүмкін.
-
Маңызды! Құрылғыны розеткаға алғаш рет қосар алдында тоңазытқыш агент шөгу үшін, құрылғы 8 сағат тігінен тұруы
тиіс.
•
Сөренің (9) максимал жүктемесі – 40 кг.
ҚОЛДАНУ
•
Қуат ашасын (5) розеткаға жалғаңыз.
•
Көрме-сөре жұмыс істей бастайды.
•
Термостат (температураны цифрлық реттегіш) құрылғы түбінде орналасқан.
•
Бірнеше секундтан соң жарықдиодты дисплей (18) ішкі бөлімнің (12) нақты температурасын көрсетеді. Салқындату
индикаторы (14) жанады. Көрме-сөре алдын ала орнатылған температураға дейін автоматты түрде тоңазыта бастайды.
•
Ішкі бөлім температурасы алдын ала орнатылған мәнге жеткенде, салқындату индикаторы (14) сөнеді, бұл – ішкі бөлім
температурасы өзгермейінше осылай болып қалады.
•
Алдын ала орнатылған зауыттық температуралар диапазоны құрылғының моделіне байланысты 2°-8°C аралығында
болады. Бұны алғашқы 24 сағат ішінде өзгертуге болмайды! Қажет болып жатса, 24 сағат өткен соң температураны
біртіндеп өзгертіңіз.
Қаптаманы утилизациялау).
Кепілдік).
Тазалау).
Құрғақ термометр бойынша
температура
°C
16
22
25
30
40
қабырға
2-белгі
С а л ы с т ы р м а л ы
ылғалдылық
%
80
65
60
55
40
181
бекіткіш кронштейн
1-белгі
еден