Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау
u
аспабын пайдаланыңыз, ешқашан қорғаныш
аспаптарды пайдаланбаңыз.
Қапталдап/бұрышпен
кесуге арналған ара ретінде
пайдалану
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жұмыс күйі (
A суретін қараңыз)
Егер электр құралы әлі де жеткізілім күйінде болса
немесе электр құралы үстелдік дискілі ара ретінде
пайдаланылған болса, қапталдап/бұрышпен кесуге
арналған ара ретінде пайдаланбас бұрыс төмендегі
қадамдарды орындау қажет:
– Аралау үстелінің (59) астындағы екі қысқыш
иінтіректі (68) босатыңыз.
– Аралау үстелін жоғары қарай тірелгенше тартыңыз.
– Аралау үстелін осы күйде ұстап, қысқыш иінтіректі
қайтадан мықтап тартыңыз.
– Параллель тіректі (61) қорғаныс ретінде ара төсемінің
үстіне орналастырыңыз.
– Манипуляторды тұтқасынан (18) сәл төмен итеріп,
тасымалдауға арналған бекіткішті (38) босатыңыз.
– Тасымалдауға арналған бекіткішті (38) толықтай
сыртқа тартыңыз.
– Ара төсемінің астыңғы қаптамасын (66) алып тастаңыз
және оны параллель тіректің (61) оң жағындағы
ойыққа жылжытыңыз.
Ара төсемінің астыңғы қаптамасын қоқысқа
u
тастамаңыз! Ара төсемінің астыңғы қаптамасы
енгізілмеген болса, құрама араны үстелдік дискілі ара
ретінде пайдалану мүмкін болмайды!
– Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.
– Бұғаттау бұрандасын (44) босатыңыз.
– Реттелмелі тіреуіш планканы (31) толықтай ішке
жылжытыңыз.
– Бұғаттау бұрандасын (44) қайтадан мықтап тартыңыз.
Жұмыс істеуге дайындық
Аралау үстелін ұзарту (
B суретін қараңыз)
Ұзын дайындамаларды еркін ұшынан орналастырып
тіреу керек.
– Екі алты қырлы дөңбек бұранданы (41) жеткізілім
жиынтығындағы алты қырлы дөңбек кілтпен (5)
босатыңыз.
– Аралау үстелінің ұзартқышын (29) тірелгенше сыртқа
тартып, алты қырлы дөңбек бұрандаларды қайтадан
мықтап тартыңыз.
Bosch Power Tools
Дайындаманы бекіту (
C суретін қараңыз)
Оңтайлы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
дайындаманы әрдайым мықтап қысу керек.
Мықтап қысу үшін тым кішкентай болатын
дайындамаларды өңдемеңіз.
– Дайындаманы тіреуіш планкаға (30) басыңыз.
– Жеткізілім жиынтығындағы бұрандалы қысқышты (21)
арнайы саңылауларға (28) енгізіңіз.
– Қатпарлы бұранданы (43) босатып, бұрандалы
қысқышты дайындамаға сәйкестендіріңіз. Қатпарлы
бұранданы қайтадан мықтап бекітіңіз.
– Дайындаманы бұрандалы өзекті (42) бұрап қысыңыз.
Тіреуіш планканы жылжыту (
Тік еңіс бұрышында аралау кезінде жылжымалы тіреуіш
планканы (31) жылжыту керек.
– Бұғаттау бұрандасын (44) босатыңыз.
– Жылжымалы тіреуіш планканы (31) толықтай сыртқа
қарай тартыңыз.
– Бұғаттау бұрандасын (44) қайтадан мықтап тартыңыз.
Тік еңіс бұрышында аралағаннан кейін жылжымалы
тіреуіш планканы (31) кері жылжытыңыз (бұғаттау
бұрандасын (44) босатыңыз; тіреуіш планканы (31)
толығымен ішке жылжытыңыз; бұғаттау бұрандасын
қайтадан тартып қойыңыз).
Еңіс бұрышын реттеу
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде
пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі
параметрлерін тексеріп, қажетінше реттеп шығу керек
("Негізгі параметрлерді тексеру және реттеу" бөлімін
қараңыз).
Бекіткіш тетікті (25) аралаудан бұрын әрдайым нық
тартыңыз. Әйтпесе ара төсемі дайындамада қисаюы
мүмкін.
– Электр құралын қапталдап/бұрышпен кесуге арналған
араның жұмыс күйіне келтіріңіз.
Көлденең стандартты еңіс бұрышын реттеу (
суретін қараңыз)
Жиі пайдаланылатын көлденең еңіс бұрыштарын жылдам
әрі дәл реттеу үшін аралау үстелінде ойықтар (27)
болады:
сол жақ
0°
45°; 31,6°; 22,5°; 15°
– Бекіткіш тетік (25) тартылған болса, оны босатыңыз.
– Иінтіректі (26) тартып, аралау үстелін (22) қажетті
ойыққа дейін солға немесе оңға бұраңыз.
– Иінтіректі жіберіңіз. Иінтірек ойыққа шерту
дыбысымен тірелуі тиіс.
Кез келген көлденең еңіс бұрышын реттеу (
суретін қараңыз)
Көлденең еңіс бұрышын 48° (сол жақ) және 48° (оң жақ)
аралығында реттеуге болады.
Қазақ | 297
D суретін қараңыз)
E
оң жақ
15°; 22,5°; 31,6°; 45°
F
1 609 92A 7SS | (06.03.2023)