Descargar Imprimir esta página

Stihl RM 3.1 RT Manual De Instrucciones página 499

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 113
жабық жəне нашар желдетілетін үй-
жайларда ешқашан да қосуға
болмайды.
Іске қосу:
Құрылғыны абайлап іске қосыңыз –
«Құрылғыны іске қосу» (
11.1)
бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз.
Аталған нұсқауларға сай іске қосу
жарақат алу қаупін азайтады.
Жарақат алу қаупі бар!
Стартер арқаны жылдам кері секіріп
кеткенде, білезік пен қол стартер
арқанының босатылуынан жылдамырақ
іштен жанатын қозғалтқыш ішіне
тартылып қалады. Мұндай кері соғу
сүйек сынығына, қысылуға жəне буын
шығуға апарып соғуы мүмкін.
Іске қосу кезінде аяқтарыңыз кескіш
құралдан жеткілікті қашықтықта
болғанына көз жеткізіңіз.
Бастау кезінде құрылғыны аударуға
болмайды.
Іске қосқан кезде қозғалғыш механизм
жетегінің доғасын ұстауға болмайды.
Еңістерде жұмыс істеу:
Еңіс жерде тек көлденең бағытта
қозғалуға болады, бірақ бойлай
қозғалмаңыз.
Егер пайдаланушы, еңістің бойымен
көгалшапқышпен қозғалған кезде, оны
басқара алмай қалған болса, шапқыш
оны аяқтан жығуы мүмкін.
Еңіс жерлерде шабу кезінде,
қозғалыстағы тұрақтылықты жақсарту
үшін алдыңғы дөңгелекті бекітіңіз.
Егер Сіз қозғалыс бағытын жүріп жатқан
кезде өзгертетін болсаңыз, өте сақ
болыңыз.
0478 111 9954 A - KK
Еңіс жерде жұмыс істеген кезде
шапқыштың орнықтылығын байқап
тұрыңыз, өте еңіс жердегі шөпті
шаппаңыз.
Қауіпсіздік түсінігіне орай, құрылғымен
25° (46,6 %) жоғары болатын еңіс жерде
жұмыс істеуге болмайды. Жарақат алу
қаупі бар!
25° ылди тіктігі - 46,6 см тік өріне жəне
100 см көлденең ұзындығына сай
келеді.
Бұйымды қолданған кезде
қозғалтқыштың жеткілікті майлауына
кепіл беру үшін, асып қойған кезде,
аспаппен бірге жеткізілетін іштен
жанатын қозғалтқышты пайдалану
жөніндегі нұсқаулықтағы деректерге
қосымша назар аударыңыз.
Жұмыстың басталуы:
Жарақат алу қаупі бар!
Айналмалы бөлшектерге
қолдарыңызды немесе
аяқтарыңызды тигізуге
болмайды.
Көгалшапқыш
қосылмайынша, пышақты
тексеруге əрекеттенбеңіз.
Айналып жатқан пышақ жарақаттануға
əкелуі мүмкін.
Құрылғының қолданысы жүрістің
жылдамдығына негізделген - жұмыс
уақытында жүгіруге болмайды.
Құрылғымен бірге жылдам қозғалған
кезде: сүрініп қалу, тайғанап кету жəне
т.б. нəтижесінде жарақат алу қаупі
төнеді.
Шапқыштың бағытын өзгертіп жатқан
кезде немесе оны өзіңізге қарай тартқан
кезде өте абай болыңыз.
Абай болыңыз: сүрініп қалуыңыз
мүмкін!
Еңістер, алқап жиектері, арықтар мен
бөгеттердің жанында жұмыс істеген
кезде құрылғыны абайлап
пайдаланыңыз. Əсіресе мұндай қауіпті
жерлерден жеткілікті қашықтықта
болуын қадағалаңыз.
Қыртыстағы жасырын нысандарды
(көгалда бүрку жабдығы, діңгектер, су
клапандары, іргетастар, электрлік
сымдар жəне т.б.) өткізіп жіберу керек.
Мұндай бөгде заттардың үстінен
ешқашан жүргізбеңіз.
Кескіш құрал
ажыратылғаннан кейін толық
тоқтағанға дейін біршама
уақыт өтетінін естен
шығармаңыз.
Төмендегі жағдайларда іштен жанатын
қозғалтқышты сөндіріңіз, жұмыс істеп
тұрған жұмыс құралы тоқтағанша күтіңіз
жəне от алдыру білтесі сымының
штекерін суырып алыңыз:
– құрылғыны қалдырған немесе ол
бақылаусыз қалған жағдайда,
– жанармай құю алдында. Іштен
жанатын қозғалтқыш суығанда ғана
жанармай құйыңыз.
Өрт қаупі бар!
– шабу механизмінің корпусындағы
бұғаттауды босату немесе бітелген
жерлерін кетіру алдында,
497

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Rm 3 rt