Descargar Imprimir esta página

TZS First AUSTRIA FA-5350-3 Manual De Instrucciones página 17

Parrilla eléctrica

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 12
Сделано в Китае
Дата производства указана на упаковке
Уполномоченное изготовителем лицо:
ООО «Грантэл»
143912, Московская область, г.Балашиха,
Западная коммунальная зона, ул. Шоссе
Энтузиастов, вл. 1а, пом. Д002, ком. 51
тел. +7 (495) 297 50 20
В случае неисправности изделия необходимо
обратиться в ближайший авторизованный
сервисный центр.
За информацией о ближайшем сервисном
центре обращайтесь к продавцу.
Экологическая утилизация
Вы можете помочь защитить
окружающую среду! Помните о
соблюдении местных правил: Отправьте
неработающее электрооборудование в
соответствующие центры утилизации.
32
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНА
ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР
FIRST Austria өндірген электрлік құрылғыларды
қолдану қауіпсіздік саласында танылған
техникалық директивалар мен құқықтық
нормаларға сәйкес келеді. Дегенмен Сізбен
қоса басқа пайдаланушылар келесі қауіпсіздік
нұсқауларын орындауға тиісті:
• Бұл құрылғыны алғаш рет қолданар
алдында осы нұсқауларды мұқият
оқып шығыңыз және оларды кейінірек
пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
• Бұл бұйым осы нұсқаулықта көрсетілгеннен
басқаша қолдануға арналмаған.
• Құрылғыны қуат көзіне қоспас бұрын,
құрылғыда көрсетілген кернеудің үйіңіздегі
желі кернеуіне сәйкестігін тексеріп алыңыз.
Кері жағдайда дилерге хабарласыңыз және
құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Егер құрылғы жерге тұйықталса (I қорғаныс
класы), розетка және жалғанған кез келген
ұзартқыш жерге тұйықталуы керек.
• Сым үстел немесе тақтай шетінен салбырап
тұрмауы тиіс. Сымды ыстық беттерге
тигізбеңіз.
• Құрылғы берік әрі тегіс бетте
орналасқанына және оған балалардың
қолы жетпейтініне көз жеткізіңіз, бұл –
құлап кету салдарынан болатын зақымдар
мен жарақаттанудан сақтайды.
• Өнімді газ көздерінің немесе басқа жанғыш
материалдардың немесе заттардың
жанында пайдаланбаңыз.
• Құрылғы жаңбырда қалмауы тиіс және
басқа да ылғалды жағдайларға ұшырамауы
керек.
• Электр тогы соқпас үшін, бұл құрылғыны
немесе сым жинағын ешбір сұйықтыққа
малмаңыз.
• Егер құрылғыдан немесе қуат сымынан
қандай да бір зақым белгісі байқалса, оны
пайдаланбаңыз! Бұйымды тексерту немесе
жөндету үшін уәкілетті әрі білікті қызмет
көрсету орталығына апарыңыз.
• Құрылғыны желіден тез ажырату мүмкін
болу үшін, розеткаға жету әрқашан оңай
болуы тиіс.
• Құрылғыны желіге қосу не ажырату
алдында оның өшірулі тұрғанына көз
жеткізіңіз.
• Өндіруші ұсынбаған немесе сатпаған
қондырмаларды пайдалану өртке, электр
тогының соғуына немесе жарақаттануға
апарып соғуы мүмкін.
• Бұл құрылғы тек үйде қолдануға
арналған, оны коммерциялық мақсатта
пайдаланбаңыз.
• Құрылғы істеп тұрған кезде, оны қараусыз
қалдырмаңыз.
• Бұл құрылғыға сыртқы таймерді
немесе қашықтан басқару құралын
пайдаланбаңыз.
• Жұмыс барысында құрылғы ыстық болады.
Сондықтан абай болыңыз, ыстық бөліктерге
қол тиіп кетпеңіз.
• Қолданған соң, тазалау алдында және
ақау пайда болған жағдайда, құрылғыны
міндетті түрде қуат көзінен ажыратыңыз.
• Құрылғы қызып тұрғанда, тіпті қуат көзіне
қосылып тұрмаса да, оны қараусыз
қалдырмаңыз. Тазаламас және сақтамас
бұрын, құрылғының толық суығанын
күтіңіз.
• Қуат сымынан ұстап тартуға болмайды.
Құрылғыны қуат көзінен ажырату керек
болса, штепсель ашасынан ұстап тартыңыз.
• Құрылғыны 8 жастан асқан балалар және
физикалық, сезу немесе ақыл-ой қабілеті
шектеулі не тәжірибесі мен білімі аз
адамдар пайдалана алады, алайда оларға
қауіпсіз пайдалану туралы нұсқау беру
және қадағалау қажет, сондай-ақ олардың
қауіп-қатер барын түсінуі — шарт. Балалар
құрылғымен ойнамау керек. Тазалау және
техникалық қызмет көрсету жұмыстарын
балалар жүргізбеуі тиіс, тек 8 жастан асса
және ересектердің қадағалауымен ғана
орындауға болады. Құрылғы мен оның
сымын 8 жасқа толмаған балалардың қолы
жетпейтін жерде ұстаңыз.
• Құрылғы өз мақсатында қолданылмаса
немесе дұрыс қолданылмаған жағдайда
пайда болған қандай да бір зақым үшін біз
жауапты болмаймыз.
• Құрылғыны жөндеу және басқа да
жұмыстарды тек уәкілетті маман орындауы
тиіс!
ШОЛУ:
(1 сур.)
A Негіз жақтауы
B Металл рефлекторлы табақ
C Қыздыру блогы
D Грильге арналған тор
E Желден қорғағыш
F Жылытқыш табақ
33

Publicidad

loading