Тесу үлгісін пайдалану
- Панельдің сол жағындағы тесіктердің орнын
табу үшін, шеткі жақтардағы сызықтарға қарап,
тесу үлгісін панельдің жоғарғы сол жағына
дәлдеңіз.
- Панельдің оң жағындағы тесіктердің орнын
табу үшін, тесу үлгісін панельдің жоғарғы оң
жағына дәлдеңіз.
- Екі ілмекке, резеңке тығынға және магнитке
арналған тесіктерді тесу үшін, өлшемі тиісті фреза
қолданыңыз.
Бөліктердің ағаш панельге (есікке) орнату.
- Ілмектерді тесіктерге кіргізіп (ілмектің қозғалатын
бөлігі панельден шығып тұруы керек), A түріндегі 4
бұрамамен бекітіңіз.
- Магнитті ілмектердің қарама-қарсы
жағындағы жоғарғы тесікке кіргізіп, B түріндегі
екі бұрамамен бекітіңіз.
- Резеңке тығынды төменгі тесікке кіргізіңіз.
Енді панельді құрылғыға орнатуға болады.
Панельді құрылғыға орнату.
Ілмектің шығыңқы жерін (2-суретте көрсеткімен
белгіленген) ілмекке арналған тесікке кіргізіп,
панельді құрылғының алдыңғы жағына итеріңіз.
Екі ілмекті D түріндегі бұрамалармен бекітіңіз.
Ернеулік бағыттауышын бекіту.
Құрылғы модульді шкафтар жинағының
шетіне орнатылатын болса, астыңғы молдинг
бағыттауыштарының біреуін немесе екеуін
орнатыңыз (8-суретте көрсетілгендей).
Олардың тереңдігін астыңғы молдингтің
орнына сәйкес реттеп, қажет болса, молдингті
бағыттауыштарға бекітіңіз (9-сурет).
Ернеулік бағыттауышы былай орнатылады
(8-сурет):
P бұрышын R бұрамасымен бекітіп, Q ернеулік
бағыттауышын арнайы саңылауға кіргізіңіз де,
қажетті орынға келгеннен кейін оны P бұрышы
мен R бұрамасының көмегімен бекітіңіз.
Құрылғыны шкафқа кіргізу.
- Құрылғыны шкафтарға дәлдеп, саңылауға
кіргізіңіз (6-сурет).
- Құрылғыны тиісті биіктікке көтеру үшін,
аяқтарын реттеңіз.
- Ағаш панельді тігінен және көлденеңінен
реттеу үшін, 7-суретте көрсетілгендей C және
D бұрамаларын қолданыңыз.
Маңызды: құрылғының төменгі бөлігін жауып,
ернеулік еденге тиетініне көз жеткізіңіз.
6-сурет
C
D
C
7-сурет
8-сурет
Биіктікті реттеу үшін берілген керек-
жарақтар.
Полистирол қақпақтың
ішінде мыналар болады
(10-сурет): 2 арқалық (G),
1 пластина (M)
құрылғының барабанында
мыналар болады:
4 қосымша аяқ (H),
4 бұрама (I),
4 бұрама (R),
4 сомын (L),
10-сурет
2 ернеулік бағыттауышы (Q)
Құрылғының биіктігін реттеу.
Құрылғының биіктігін (815 мм-ден 835 мм-ге
дейін), 4 аяқты бұрап реттеуге болады.
Құрылғыны жоғарыдағы биіктіктен жоғары
орналастыру қажет болса, оны 870 мм-ге дейін
көтеру үшін келесі керек-жарақтар қажет болады:
екі арқалық (G); 4 аяқ (H); 4 бұрама (I); 4 сомын (L),
одан кейін мына әрекеттерді орындаңыз (11-сурет):
бастапқы 4 аяқты алып тастап, құрылғының
алдыңғы жағына G арқалығын қойып, оны I
бұрамаларымен бекітіңіз де (бастапқы аяқтардың
орнына бекіту арқылы), жаңа H аяқтарын салыңыз.
Құрылғының артқы жағында дәл осы әрекеттерді
қайталаңыз.
Енді H аяқтарын реттеп, құрылғыны 835 мм-ден
870 мм-ге дейін көтеруге не төмендетуге болады.
Қажетті биіктікке орнатылғаннан кейін, L
сомындарын G арқалығына бекітіп тастаңыз.
Құрылғының биіктігін 870 мм мен 900 мм
аралығына реттеу үшін M пластинасын орнатып,
H аяқтарын қажетті биіктікке реттеу керек.
Пластина былай салыңыз:
құрылғының жоғарғы қақпағының алдыңғы
жағында орналасқан үш N бұрамасын босатып,
M пластинасын 12-суретте көрсетілгендей
салыңыз да, N бұрамаларын бекітіңіз.
G
L
I
H
11-сурет
9-сурет
M
12-сурет
KZ
47