Қосылымдар мен қосымша модульдер
Дисплей мен компьютерді қуат көзіне қосыңыз.
1
Компьютердің операциялық жүйесінің іске қосылғандығын тексеріңіз.
Дисплей мен компьютерді USB кабелімен қосыңыз.
2
Қосылған кезде Plug & Play режимі іске қосылады.
Ескертпелер:
• Бағдарламалық драйверді орнатқаннан кейін ғана USB кабелін қосыңыз.
• Компьютеріңіздің USB қуат көзінің ең жоғарғы мəні 500 мА болатындығына көз жеткізіңіз.
(Артқы жағынан көрінісі)
Дисплей
Сенсорлық тақтаны орнату
Бағдарламалық драйверді пайдалану əдісі
■
Бағдарламалық драйверді іске қосу
Бағдарламалық драйвер компьютер іске қосылған кезде автоматты түрде іске қосылады.
Сенсорлық тақта компьютер мен сенсорлық тақта USB кабелі арқылы қосылғанда ғана жұмыс істейді.
Ескертпе:
Бағдарламалық драйвер іске қосылғаннан кейін сенсорлық тақта біраз уақыт дұрыс жұмыс істемеуі
мүмкін.
■
Басқару тақтасын іске қосу
Орнату тақтасын іске қосудың екі əдісі бар.
1-əдіс
Тапсырмалар тақтасындағы белгішені басып, пайда болатын мəзірден "Adjust settings"
тармағын таңдаңыз.
"UPDD Console" орнату тақтасы іске қосылады.
2-əдіс
Таңдаңыз: [Start] → [All Programs] → [UPDD] → [Settings].
"UPDD Console" орнату тақтасы іске қосылады.
■
Бағдарламалық драйверден шығу
Тапсырмалар тақтасындағы белгішені басқанда көрінетін мəзірден "Enabled" тармағын басқанда "Are you
sure you want to disable this device?" хабары көрінеді. Драйверді ажырату үшін "Yes" түймесін басыңыз.
48
USB порты
Компьютердегі
USB портына
қосыңыз.
USB кабелі
Компьютер