Stihl KG 550 Manual De Instrucciones página 286

Ocultar thumbs Ver también para KG 550:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 56
қазақ
Басқару үшін
Жұмысты бастамас бұрын
Агрегаттың бірде-бір толықтырушы
бөлшектері зақымданбаған болса
ғана, оны қолданысқа енгізуге
болады.
Агрегаттың мінсіз жұмыс атқаруын
тексеріңіз және пайдалану
нұсқаулығындағы тиісті бөлімге назар
аударыңыз:
Сап майдан және кірден
тазартылған, таза әрі құрғақ
болуы қажет, онысы агрегатты
сенімді түрде басқару үшін
маңызды шарт болып табылады
итергіш тұтқаның тығыз
отырғанын тексеріңіз
Шанақтың күйін тексеріңіз
Қоқысқа арналған контейнердің
күйін және тығыз отырғанын
тексеріңіз
Тәрелке тәрізді қылшақтар мен
сыпырғыш біліктің* (* тек қана
KG 770) бөлшектері қысылмауын
және қоқыстың тұрып қалмауын
тексеріңіз – қылшақ еркін
қозғалуы тиіс
Сыпыру режимінің баптауларын
тексеріп, оны сыпырылатын
қабатқа сәйкес реттеңіз
Басқару элементтеріне немесе
қауіпсіздік қондырғысына кез-
келген өзгеріс енгізуге тыйым
салынады
284
Агрегат тек қана сенімді қолданыс
күйінде қолданылуы қажет –
жазатайым оқиғаның туындау қаупі
төне алады!
Жұмыс барысында
Тәрелке тәрізді қылшақтар немесе
сыпырғыш білік* (* тек қана KG 770)
бұғатталған кезде агрегатты сөндіріп,
аккумуляторды алып шығарыңыз –
тек осындан кейін ғана бұғатын
ашыңыз. Қолыңызды өткір заттармен
тырнап алмау мақсатында берік
қолғап киіңіз.
Айналып жатқан қылшақты
ұстамаңыз – жазатайым оқиға қаупі
бар!
Жұмыс барысында заттармен,
мысалы стеллаждармен, құрылыс
ағаштарымен соқтығысуына жол
бермеңіз – заттарддың аударылып
кету немесе құлап кету бойынша
қауіптілік төнуі мүмкін
Агрегатты жаңбырдың астында
қалдырмаңыз.
Агрегат ешбір жағдайда қараусыз
жұмыс істемеуі керек
Тайғанақ, ылғал болғанда, қар
басқанда, тау еңісінде, кедір-бұдыр
және тағы басқа жерлерде абайлаңыз
– тайғанап кете аласыз!
Төтенше шаршауды болдырмас үшін,
жұмыс барысында уақытымен үзіліс
жасап тұрғаныңыз жөн – жазатайым
оқиғаның туындау қаупі төне алады!
Шаң түзілетін болса, шаңға қарсы
бетперде тағыңыз.
Агрегаттың жұмысында өзгерістер
білінетін болса (мысалы, қатты діріл,
қиындатылған жүріс байқалса)
жұмысты тоқтатып, өзгерістердің
себебін кетіріңіз.
Егер де агрегат арналымынан тыс
жүктемеге ұшыраған болса (мысалы,
соққы немесе құлау нәтижесіндегі
күштің әсерінен), алдағыда жұмыс
істер алдында агрегаттың қолданыс
жағдайын тексеріңіз – "Қосудың
алдында" бөлімін қараңыз. Әсіресе,
қауіпсіздік қондырғысының
пайдаланудағы сенімділік дәрежесін
тексеріңіз. Мінсіз қолданыс күйінде
болмаған қозғалтқыштың
агрегатымен жұмыс істеуге тыйым
салынады. Қандай да бір күмән
туындаса, Мамандандырылған
дилерге жүгініңіз.
Жанып тұрған немесе жалынсыз
заттарды, мысалы шылымды, күлді
немесе оттықты сыпырмаңыз –
өртену қаупі бар!
Жұмысты аяқтағаннан кейін
Агрегатты әрбір рет қолданғаннан
кейін қоқысқа арналған контейнерді
босатыңыз.
Қоқысқа арналған контейнерді
тазарту үшін шыны
жарықшықтарымен, металмен
немесе өткір жиектері бар басқа да
материалдармен жараланбау
мақсатында берік қолғап киіңіз.
Шаңдатпас үшін, мүмкіндігінше,
контейнерді орынжайдан тыс жерде
қоқыстан босатыңыз.
KG 550, KG 770

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Kg 770

Tabla de contenido