5. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
5.1 Қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқаулар
-НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ-! Барлық нұсқауларды оқыңыз.
Төменде берілген нұсқауларды орындау кезіндегі
қателер ток соғуына, өртке əкелуі жəне/немесе ауыр
жарақаттарды тудыруы мүмкін. Төменде қолда-
нылған "электр құралы" ұғымы электр желісінен қуат
алатын (қуат кабелімен) жəне аккумуляторлық электр
құралын (қуат кабелінсіз) білдіреді.
5.1.1 Жұмыс орны
Жұмыс орнында тазалық пен реттілікті сақтаңыз.
Жұмыс орнындағы ретсіздік жəне оны нашар
жарықтандыру сəтсіз жағдайларға əкелуі мүмкін.
Аспаппен жанғыш сұйықтықтар, газдар немесе
шаңдар бар жарылу қаупі бар ортада жұмыс істе-
меңіз. Жұмыс істегенде электр құралдан ұшқын-
дар шығады жəне ұшқындар шаңды немесе булар-
ды тұтандыруы мүмкін.
Балалардың жəне бөгде адамдардың жұмыс
істеп тұрған электр құралға жақындауына рұқсат
етпеңіз. Жұмыстан көңіл бөлмегенде, электр құра-
лын бақылау жоғалуы мүмкін.
5.1.2 Электр қауіпсіздігі
Аспапты қосу айыры штепсель розеткасына сай
болуы керек. Айырдың конструкциясын өзгерт-
пеңіз. Қорғауыш жерге қосуы бар аспаптар үшін
штекерлік адаптерлерді пайдаланбаңыз. Нағыз
штекерлер жəне сəйкес желілік розеткалар электр
тогының соғу қаупін азайтады.
Құбырлар, жылыту жүйлері, пештер жəне
тоңазытқыштар сияқты жерге қосылған беттер-
kk
ге тиюді болдырмаңыз. "Жерге" тигенде электр
тогының жоғары қаупі туындайды.
Аспапты жаңбыр мен ылғалдың əсерлерінен
қорғаңыз. Электр құралына судың кіруі электр
тогының соғу қаупін арттырады.
Кабельді басқа мақсатта қолданбаңыз жəне аспап-
ты онымен алып жүрмеңіз, оны аспапты іліп қою
немесе розеткадан айырды шығару үшін қол-
данбаңыз. Кабельді жоғары температуралардың,
майдың, үшкір жиектердің немесе айналатын
бөліктердің əсерлерінен қорғаңыз. Зақымдалған
немесе шатасқан кабель электр тогының соғу қау-
пін арттырады.
Ашық аспанда электр құралымен жұмыс істе-
генде тек сыртта пайдалануға рұқсат етілген
ұзартқыш кабельді қолданыңыз. Сыртқы жұмыс-
тарға рұқсат етілген ұзартқыш кабельді қолда-
ну электр тогының соғу қаупін азайтады.
5.1.3 Адамдардың қауіпсіздігі
Ұқыпты болыңыз, əрекеттеріңізге көңіл бөліңіз
жəне электр құралмен жұмыс істеуге дұрыс
қараңыз. Шаршасаңыз немесе есірткілердің,
алкогольдың немесе дəрі-дəрмектердің əсері-
нің астында болсаңыз, құрылғыны қолданбаңыз.
Printed: 08.07.2013 | Doc-Nr: PUB / 5070703 / 000 / 01
Аспаппен жұмыс істегендегі бір сəт зейінсіздік
ауыр жарақаттарға əкелуі мүмкін.
Жеке қорғану құралдарын пайдаланыңыз жəне
əрқашан қорғауыш көзілдірікті киіңіз. Электр
құралының түріне жəне пайдалану жағдайларына
байланысты жеке қорғану құралдарын, мысалы,
шаңнан қорғайтын респираторды, сырғымайтын
аяқ киімді, қорғауыш шлемді, естуді қорғау құрал-
дарын қолдану жарақаттану қаупін азайтады.
Электр құралының кездейсоқ қосылуын бол-
дырмаңыз. Сөндіргіш күйін тексеріңіз, ол айыр-
ды штепсель розеткасына салу алдында "Сөнд."
күйінде болуы керек. Аспапты тасымалдағанда
саусақтарыңызды сөндіргіште ұстасаңыз неме-
се қосылған аспапты электр қуатына қоссаңыз,
бұл жазатайым оқиғаларға əкелуі мүмкін.
Қосу алдында аспаптан реттеу жəне орнату құрал-
дарын немесе гайка кілтін шығарыңыз. Электр
құралдың айналатын бөлігіндегі аспап немесе кілт
жарақаттарға əкелуі мүмкін.
Қабілеттеріңізді асыра бағаламаңыз. Денеңізді
кез келген сəтте тепе-теңдікте ұстау үшін берік
жəне тұрақты күйде тұрыңыз. Осындай күйде сіз
күтпеген жағдайларда аспапты бақылай аласыз.
Арнайы киімді киіңіз. Өте бос киімді немесе əше-
кейлерді кимеңіз. Шашты, киімді жəне қолғапты
аспаптың айналатын бөліктерінен ары ұстаңыз.
Бос киім, əшекейлер жəне ұзын шаш қозғалыстағы
бөліктерге ілінуі мүмкін.
Егер шаңды жинау жəне кетіруге арналған
құрылғыларды қосу қарастырылған болса, олар
қосылғанына жəне мақсаты бойынша қолданы-
лып жатқанына көз жеткізіңіз. Бұл құрылғыларды
қолдану шаң əсерінің қаупін азайтады.
5.1.4 Электр құралына күтіммен қарау жəне оны
дұрыс пайдалану
Аспапқа шамадан тыс жүктеме түсірмеңіз. Дəл
осы жұмысқа арналған электр құралды қолда-
ныңыз. Бұл ережені сақтау көрсетілген қуат
диапазонында жоғарырақ жұмыс сапасын жəне қауіп-
сіздігін қамтамасыз етеді.
Сөндіргіші бұзылған элеткр құралын қолдан-
баңыз. Қосу немесе өшіру қиын электр құрал қауіп-
ті жəне оны жөндеу керек.
Аспапты реттеуді, саймандарды ауыстыруды
немесе жұмыс орнын жинауды орындауды бас-
тау алдында айырды штепсель розеткасынан
шығарыңыз. Бұл сақтық шарасы аспаптың кез-
дейсоқ қосылуын болдырмайды.
Қолданылмайтын электр құралды балалар жет-
пейтін жерде сақтаңыз. Электр құралды оны пай-
далана алмайтын немесе осы нұсқауларды оқып
шықпаған тұлғаларға бермеңіз. Тəжірибесіз адам-
дардың қолдарында электр құралдар қауіп туды-
рады.
Аспапты мұқият күтіңіз. Қозғалатын бөліктердің
мүлтіксіз қызмет ететінін, олардың жүрісінің
жеңілдігін, барлық бөліктердің тұтастығын жəне