сұйықтықтың не газдың шығуына
əкелуі мүмкін.
—Батареяны температурасы жоғары
орынға, мысалы, тікелей түсетін
күн сəулесіне, отқа жақын
қоймаңыз. Ол тұтануға, жарылуға
немесе өртке əкелуі мүмкін.
Батареяны суға немесе теңіз
суына батырмаңыз немесе
жумаңыз. Бұл ток соғуға əкелуі
мүмкін.
Жағылған шамдар сияқты ашық
жалын көздерін аппаратқа қоймау
керек.
Бұл жабдықты балалар болуы мүмкін
орындарда пайдалануға болмайды.
Жабдыққа жалғанған құрылғылардың
қуат тұтынуына байланысты жабдық
ыстық болуы мүмкін. Бұл ақаулық
емес. Ыстық бөлшектерді ұзақ уақыт
ұстап тұрмаңыз.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
ПЕРСОНАЛЫНА АРНАЛҒАН
АБАЙЛАҢЫЗ
ТОК СОҒУ ҚАУПІ БАР
Осы өнімнің негізгі тізбегінің
сақтандырғышын бейтарап сым
жағында жалғауға болады.
Жөндеу кезінде ток соғу жағдайын
болдырмас үшін жабдықты қуат
көзінен ажыратыңыз.
144
Зарядтау құрылғысы
Өндіруші: Сони Корпорейшн
Өндіруші мекенжайы:
1-7-1 Конан Минато-ку Токио,
108-0075 Жапония
Жапонияда жасалған
Кеден одағы жеріндегі шетелден
əкелуші «Сони Электроникс» АҚ,
Ресей, 123103, Мəскеу,
Карамышевский өтпе көшесі, 6
Өндірілген күні: өнімнің зауыттық
тақтайшасынан қараңыз.
Мысалы (2013-01): 2013: жылды
көрсетеді. 01: айды көрсетеді.
Пайдалану барысында сақтау
талаптары:
Өнімдер қышқылдар мен сілтілерге
арналған сақтау орындарынан
оқшауланған қараңғы, құрғақ, таза,
жақсы желдетілетін жерлерде
сақталуы керек.
Конденсацияны болдырмау үшін,
ыстық жəне ылғал көздерінен алыс
сақтаңыз.
Түпнұсқалық орамда тасымалдау
керек, тасымалдау кезінде лақтыруға
болмайды, құлаудан, соққылардан
қорғау керек, шектен тыс дірілге
ұшыратпау керек.