Hilti SJT 6 Manual Del Usuario página 120

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 17
7.4
Өшіру
▶ Өнімді жылжымалы ажыратқыштың көмегімен өшіріңіз.
8
Демонтаж
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі бар! Өнімнің кездейсоқ іске қосылуы.
▶ Аспап реттеулерін орындау немесе қосалқы бөлшектерді алмастыру алдында желілік ашаны тартып
шығарыңыз.
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
8.1
Сорғыш адаптерді бөлшектеу
1. Бекіткіш ілмектердің екеуін де ішке басыңыз.
2. Сорғыш адаптерді тірек тақтасынан артқа қарай тартыңыз.
3. Шаңсорғыш шлангісін сорғыш адаптерден тартып алыңыз.
8.2
Қаптаманы алып тастау
▶ Қаптаманы аздап еңкейтіңіз және оны алға жылжытумен алыңыз.
8.3
Ара төсемін шығарып тастау
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі бар. Ара төсемінің бақылаусыз шығып кетуі жарақаттануға апарып соғуы мүмкін.
▶ Ара төсемі шығарылған кезде өнімді адамдар не жануарлар ара төсемінің шығып кетуінен жарақат
алмайтындай етіп ұстап тұрыңыз.
1. Желілік кабель ашасын розеткадан шығарыңыз.
2. Бекіткіш иінтірегін шетке тірелгенше жылжытыңыз.
▶ Ара төсемі босатылып, шығарып тасталады.
9
Күту және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі бар! Желілік аша енгізіліп тұрған кезде күтім және техникалық қызмет көрсету ауыр
жарақаттарға және өртке апарып соғуы мүмкін.
▶ Кез келген күтім және техникалық қызмет көрсету жұмысын орындамас бұрын желілік ашаны
әрдайым суырып алыңыз!
Аспапты күту
Қатты жабысқан кірді мұқият кетіріңіз.
Желдету ойықтарын құрғақ щеткамен жайлап тазалаңыз.
Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі! Электрлік құрамдас бөлшектерді қате жөндеу ауыр жарақаттану мен өртке апарып
соғуы мүмкін.
▶ Аспаптың электр бөлігін жөндеуді тек маман-электрикке тапсырыңыз.
Барлық көзге көрінетін бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз
жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда оны пайдаланушы болмаңыз. Бірден Hilti
қызмет көрсету орталығына жөндетіңіз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, жұмысын тексеріңіз.
114
Қазақ
10
11
12
2150300
*2150300*

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido