96 | Қазақ
Автоматты өшуден кейін аккумуляторлық
u
фонарьдің қосқышын/өшіргішін баспаңыз.
Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Аккумуляторлық фонарьді қосудан алдын аккумулятор
зарядталғанын және аккумуляторлық фонарь
суығанын қамтамасыз етіңіз.
Тек түпнұсқа Bosch керек-жарақтарын
u
пайдаланыңыз.
Жарықтық көзін алмастыру мүмкін емес. Егер
u
жарық көзі бұзылған болса, аккумуляторлық шамды
алмастыру қажет болады.
Аккумуляторлық фонарьмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету
және т.б.) бастамай тұрып, сондай-ақ,
аккумуляторлық фонарьды тасымалдау және
сақтау кезінде аккумуляторды алыңыз. Қосқыш/
өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жарық сәулесін адамдарға немесе жануарларға
u
бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық
сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Жол қозғалысы кезінде аккумуляторлық
u
фонарьды пайдаланбаңыз. Аккумуляторлық фонарь
жолда жарықтандыруға арналмаған.
Аккумуляторлық шамдың барлық
жарықтанған беттер мен заттарға дейін
минималдық аралықты сақтаңыз. Аралық
жетілмесе жарықтанған заттар қызып кетуі мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жарық сәулесіне
ұзақ уақыт бойы қарамаңыз. Оптикалық
сәулелену көзге зиян тигізуі мүмкін.
Аккумуляторлық шамды пайдалану кезінде
u
шамның жарық бастиегін жаппаңыз. Пайдалану
кезінде шамның жарық бастиегі қызады және әбден
қызса, күйіп қалуға әкелуі мүмкін.
Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс
u
пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы
мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып
қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және
шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу
тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе
u
зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық
ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге
тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық
көзге тисе, медициналық көмек алыңыз.
Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе
күйдіруі мүмкін.
Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
u
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді
u
тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан,
тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден
1 609 92A 4U9 | (03.09.2019)
және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз.
Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа
тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі
u
бар.
Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші
u
өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы
аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ,
мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан,
кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз.
Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі
туындайды.
Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші
u
көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз.
Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне
арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін
пайдалану өрт қаупін тудырады.
Кіші батареяны ешқашан жұтып жібермеңіз. Кіші
u
батареянын жұтылуы 2 сағаттың ішінде ішкі қатты күю
және өлімге алып келуі мүмкін.
Кіші батарея балалардың қолына
түспеуін қамтамасыз етіңіз. Егер кіші
батареяны жұтып қойсаңыз немесе ол басқа
да дененің тесігіне кірген болса, дереу
дәрігерге хабарласыңыз.
Батареяларды алмастыруда тиісті ретте
u
орындалуына көз жеткізіңіз. Жарылу қаупі бар.
Кіші батареяларды зарядтауға тырыспаңыз,
u
оларды қысқа тұйықтауға әрекет жасамаңыз. Кіші
батарея ағып кетуі, жарылуы, жануы және адамдарды
жарақаттауы мүмкін.
Заряды қалмаған кіші батареяларды тиісті ретте
u
алып тастап кәдеге жаратыңыз. Заряды қалмаған
батареялар тығыз болмай қалып өнімді зақымдауы
немесе адамдарды жарақаттауы мүмкін.
Кіші батареяны артық қыздырмаңыз және алауға
u
тастамаңыз. Кіші батарея ағып кетуі, жарылуы, жануы
және адамдарды жарақаттауы мүмкін.
Кіші батареяны зақымдамаңыз және кіші
u
батареяны ажыратпаңыз. Кіші батарея ағып кетуі,
жарылуы, жануы және адамдарды жарақаттауы
мүмкін.
Зақымдалған кіші батареяны суға тигізбеңіз.
u
Шығатын литий сутек жасап өрт, жарылыс немесе
адамдар жарақаттануына алып келуі мүмкін.
®
Bluetooth
сөз белгісі сурет белгісімен (логотиптер)
бірге Bluetooth SIG, Inc компаниясының тіркелген
тауарлық белгісі және мүлігі болып табылады. Осы
сөз/сурет белгісін Robert Bosch Power Tools GmbH
арқылы пайдалану лицензия негізінде орындалады.
Аккумуляторлық фонарьдың Bluetooth арқылы
u
мақсатты және/немесе тиісті түрде
басқарылмайтынына көз жеткізіңіз. Bosch
қолданбасының көмегімен PIN код тағайындаңыз.
Bosch Power Tools