Пайдалану Нұсқаулары; Техникалық Күтім Және Қызмет; Кәдеге Жарату - Bosch GGS 18 V-LI Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GGS 18 V-LI Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 24
OBJ_BUCH-3271-001.book Page 133 Wednesday, June 21, 2017 9:15 AM
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Қайта қозғалу сақтағышы
Кездейсоқ қосылудан қорғау қуатпен қамтудағы үзілістен
кейін электр құралдың бақылаусыз іске қосылуын
болдырмайды.
Қайта пайдалану үшін ажыратқышты 5 өшірілген күйге
келтіріп электр құралды қайта қосыңыз.
Ескертпе: Тым жылдам қосып өшіруде қайта қосылу
қорғанысы іске қосылып электр құралы қосқыш/өшіргіш 5
қосулы болса да жұмыс істемеуі мүмкін.
Қосқыш/өшіргішті 5 өшірілген күйге келтіріп, электр
құралын қайта қосыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Ажарлау құралын аздап басып жылжытып, оңтайлы
жұмыс нәтижесіне жетіңіз. Қатты басу электр құралының
қуатын төмендетіп, ажарлауыштың тез тозуына алып
келеді.
 Ажарлау аспаптарын қағудан қорғап сақтаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
 Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
 Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Барлық сұраулар мен қосалқы бөлшектерге тапсырыс
беру кезінде міндетті түрде электр құрал зауыттық
тақтайшасындағы 10-орынды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек „Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Bosch Power Tools
Қазақстан
ЖШС „Роберт Бош"
Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы
Алматы қаласы
Қазақстан
050050
Райымбек данғылы
Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1
Тел.: +7 (727) 232 37 07
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: info.powertools.ka@bosch.com
Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz
Тасымалдау
Бұл литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға
қойылатын талаптарға сай болуы керек. Пайдаланушы
аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз
тасымалдай алады.
Үшінші тұлғалар (мысалы, әуе көлігі немесе жіберу)
орамаға және маркаларға қойылатын арнайы талаптарды
сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктер
маманына хабарласу керек.
Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана
жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және
аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз.
Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.
Кәдеге жарату
Электр құралдарды, аккумуляторларды, керек-
жарақтарды және орау материалдарын
экологиялық тұрғыдан дұрыс утилизациялауға
тапсыру керек.
Электр құралдарды және аккумуляторларды/бата-
реяларды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Электр және электрондық ескі құралдар
бойынша 2012/19/EU директивасына
және 2006/66/EC нормасына сай
жарамсыз электр құралдарды, ақаулы
немесе пайдаланылған
аккумуляторларды/батареяларды бөлек
жинау керек және экологиялық тұрғыдан дұрыс
утилизациялауға тапсыру керек.
Аккумуляторлар/батареялар:
Литий-иондық:
„Тасымалдау" тарауындағы, 133
бетіндегі нұсқауларды орындаңыз.
Техникалық өзгерістер енгізу құқығы сақталады.
1 609 92A 3ZW | (21.6.17)
Қaзақша | 133

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido