Іске Қосу; Техникалық Қызмет Көрсету Жəне Қызмет Көрсету; Электр Техникалық Қызмет Көрсету; Деңгей Датчигінің Қысым Құбырын Тазалау - Grundfos LC 220 Manual De Instrucciones

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 75
6. Іске қосу
Назар аударыңыз
LC 220 контроллерінде кез келген
қосылымдары орындамас бұрын, қуат көзінің
өшіп тұрғанына, оның кездейсоқ қосылуына
жол бермейтін барлық шаралардың
қабылдануына көз жеткізіңіз.
Іске қосу алдында қосылым мен DIP ауыстырып қосқышын
реттеуді 5.3 Электр жабдығын жалғау жəне 5.5 Баптаулар
бөлімдеріне сай орындау керек.
Іске қосуды рұқсаты бар қызметкерлер орындауы керек.
Келесі əрекеттерді орындаңыз:
1. Барлық қосылымдарды тексеріңіз.
2. Шығару жəне кіріс жолақтарындағы оқшауландыру
клапандарын ашыңыз.
3. Қуат көзін қосыңыз.
4. ҚОСУ-ӨШІРУ-АВТО ауыстырып қосқышын автоматты күйге
орнатыңыз.
5. Су көтеру станциясының кіріс ағынына қосылған
санитарлық жабдықты іске қосып, қоймадағы артып жатқан
сұйықтық деңгейін іске қосу деңгейіне дейін бақылаңыз.
Іске қосуларды жəне тоқтатуларды кемінде екі рет
тексеріңіз.
7. Техникалық қызмет көрсету жəне қызмет
көрсету
Назар аударыңыз
Денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін
сұйықтықтарды тарту үшін
пайдаланылатын сорап станцияларында
техникалық қызмет көрсетуді жəне қызмет
көрсетуді орындау алдында сорап
станциясын таза сумен мұқият жуыңыз
жəне шығару құбырын төгіңіз.
Бөлшектеуден кейін бөліктерді суда
шайыңыз. Бекiткiш клапанның
жабылғандығына көз жеткізіңіз.
Жұмысты жергілікті ережелерге сай
орындау керек.
Назар аударыңыз
LC 220-те кез- келген қосуларды орындамас
бұрын, электр қорегінің өшіріліп, оның
кездейсоқ қосылуына жол бермейтін барлық
шаралардың қабылдануына көз жеткізіңіз.
Техникалық қызмет көрсетуді рұқсаты бар қызметкерлер
орындауы керек; бұған электр жəне механикалық жағынан
техникалық қызмет көрсету жатады. Жүйенің тиісті пайдалану
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Grundfos
компаниясымен техникалық қызмет көрсету туралы
келісімшарт жасауға кеңес береміз.
7.1 Электр техникалық қызмет көрсету
LC 220 корпусының алдыңғы қақпағының жəне кабель
кірістерінің төсемелерін тексеріңіз.
Кабель қосылымдарын тексеріңіз.
Контроллер функцияларын тексеріңіз.
Қысым құбырын тексеріңіз жəне тазалаңыз. 7.2 Деңгей
датчигінің қысым құбырын тазалау тарауын қараңыз.
Егер LC 220 контроллері төледегі аса ылғалды ортада
орнатылса, ықтимал коррозияны анықтау үшін PCB
терминалдарын тексеруге кеңес береміз.
Əдеттегі орнатылымдарда, түйіспелер бірнеше жыл бойы
жұмыс істейді жəне ешбір тексеруді қажет етпейді.
Орнатылған болса, жыл сайынғы қызмет көрсетуде 9 В
батареяны ауыстырыңыз.
Жоғарыдағы тізім толық емес. LC 220
контроллерін мұқият жəне жиі техникалық
Ескерту
қызмет көрсетуді қажет ететін орталарда
орнатуға болады.
122
7.1.1 Деңгей датчигін тексеру
Қысым шлангі мен контроллер корпусының қалқа
қосқышының арасындағы ықтимал ағып кетудің жоқтығын
тексеріңіз. Қысым шлангын тірелгенше салу керек (шамамен
15 мм).
Датчик калибреуі зауытта орнатылады жəне оны қайта
калибреудің қажеті жоқ.
7.2 Деңгей датчигінің қысым құбырын тазалау
1. ҚОСУ-ӨШІРУ-АВТО таңдау қосқышын ӨШІРУ күйіне ( )
орнатыңыз. 4.2 Бақылау элементері мен сигнал лампасы
тарауын қараңыз.
2. Multilift: Қысым құбыры бұрандалы қақпақ арқылы
бекітілмеген, бірақ тікелей көтеріледі.
Unolift: Қысым құбыры бұрандалы қақпақ арқылы
бекітілмеген, бірақ тікелей көтеріледі.
3. Қысым құбырын абайлап жинақтаушы қоймадан алып
шығыңыз.
Оны шланг арқылы көтермеңіз.
4. Қысым құбырының үстіндегі немесе ішіндегі мүмкін
шөгінділерді жəне бұрандалы қақпақ астындағы конденсат
ұстағышты тексеріңіз.
4. Өнім сипаттамасы тарауын қараңыз.
5. Шөгінділерді қырып алып тастаңыз. Қажет болса, шлангты
контроллерден шығарыңыз жəне құбыр мен шлангты
төмен қысымда, таза сумен шайыңыз.
6. Қоймадағы бұранда қақпашасын бұрай отырып қысым
құбырын ауыстырыңыз. Шлангты контроллерге қайта
жалғаңыз.
7. Су көтеру станциясын сынау арқылы датчикті тексеріңіз.

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido