Техникалық Күтім Және Қызмет; Кәдеге Жарату - Bosch Keo Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para Keo:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 24
OBJ_BUCH-1453-005.book Page 148 Wednesday, April 1, 2015 2:21 PM
148 | Қазақша
Техникалық күтім және қызмет
Күту, тазалау және сақтау
 Электр құралын (мысалы күту, аспаптарды
алмастыру т. б.) пайдаланудан алдын және оны
тасымалдау және сақтауда қосқыш/өшіргішті
өшірулі күйінде бұғаттаңыз. Қосқыш/өшіргішке
кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады.
 Электр құралы бойынша өткізілетін жұмыстарын
бастау алдында әрқашан алдын ала араның тілу
дискін шығарып алып қойыңыз.
 Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Ара полотносы патронын сығымдалған ауамен немесе
жұмсақ қылшақпен тазалаңыз. Ара полотносын электр
құралынан алып қойыңыз. Ара полотносы патронын тиісті
майлау материалдарымен істейтін күйде сақтаңыз.
Электр құралының ластануы ақаулар тудыруы мүмкін. Ол
үшін шаңды материалдарды бас үстінде немесе астында
араламаңыз.
Электр құралын қауіпсіз және құрғақ, балалар қолдары
жетпейтін жерде сақтаңыз.
Электр құралы үстінен ешбір басқа заттарды қоймаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
www.bosch-garden.com
Барлық сұраулар мен қосалқы бөлшектерге тапсырыс
беру кезінде міндетті түрде электр құрал зауыттық
тақтайшасындағы 10-орынды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек «Роберт Бош»
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
ЖШС «Роберт Бош»
Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы
Алматы қаласы
Қазақстан
050050
Райымбек данғылы
Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1
Тел.: +7 (727) 232 37 07
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: info.powertools.ka@bosch.com
Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz
F 016 L81 219 | (1.4.15)
Тасымалдау
Бұл литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға
қойылатын талаптарға сай болуы керек. Пайдаланушы
аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз
тасымалдай алады.
Үшінші тұлғалар (мысалы, әуе көлігі немесе жіберу)
орамаға және маркаларға қойылатын арнайы талаптарды
сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктер
маманына хабарласу керек.
Кәдеге жарату
Бақ электрбұйымдарын, қосымша бөлшектер мен
қорапшаларды қоршаған ортаға зиян келдірмейтін кәдеге
жарату қажет.
Электр құралдарды және аккумуляторларды/бата-
реяларды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Еуропа 2012/19/EU ережесі бойынша
жарамсыз электр құралдары және
Еуропа 2006/66/EC ережесі бойынша
зақымдалған немесе ескі аккумулятор/
батареялар бөлек жиналып кәдеге
жаратылуы қажет.
 Біріктірілген аккумуляторларды тек кәдеге жарату
үшін мамандар арқылы шығаруға болады. Корпус
қаптамасын ашу электр құралының бұзылуын
туындатуы мүмкін.
Аккумуляторды электр құралынан шығару үшін қосқыш/
өшіргішті аккумулятор толық зарядсызданғанша
басыңыз. Корпустағы бұрандаларды бұрап шығарып,
аккумуляторды шығару үшін корпус қаптамасын алып
қойыңыз. Қысқа тұйықталудың алдын алу үшін
аккумулятордағы қоспаларды бірінен соң бірін ажыратып
сосын полюстерді оқшауландырыңыз. Толық
зарядсызданған болса да аккумуляторде аз қуат қалып
қысқа тұйықталуда іске қосылуы мүмкін.
Аккумуляторлар/батареялар:
Li-ион:
«Тасымалдау» тарауындағы
нұсқауларына назар аударыңыз.
Техникалық өзгерістер енгізу құқығы сақталады.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

3 600 h61 9 serie

Tabla de contenido