Доғалы тұтқа
Доғалы тұтқаны (2), суретте көрсетілгендей, редуктор
бастиегіне бекітіңіз.
Ажарлауыш құралдарын орнату
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Ажарлау шпинделін (6) және барлық орнатылатын
бөліктерді тазалаңыз.
Ажарлағыш құралдарды тарту және босату үшін
шпиндельді бұғаттау түймесін (3) басып, ажарлау
шпинделін бекітіңіз.
Шпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель
u
тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр
құралын зақымдауыңыз мүмкін.
Монтаждау реттілігі графикалық бетте көрсетілген.
Жылтыратқыш дөңгелек
Қысқыш жақтауды (8) ажарлау шпинделіне (6) бұрап
бекітіңіз де, оны кілт жазықтығында айыр тәрізді кілтпен
мықтап тартыңыз. Қысқыш фланецті (9) және
жылтыратқыш дөңгелекті (10) қысқыш жақтауға (8)
жылжытып қойыңыз. Қысқыш гайканы (11) бұрап
бекітіңіз де, екі саңылаулы кілтпен тартыңыз.
Жылтыратқыш диск
2 аралық шайбаны (12) және жылтыратқыш дискіні (13)
ажарлау шпинделіне (6) жылжытып қойыңыз. Домалақ
гайканы (14) бұрап бекітіңіз де, екі саңылаулы кілтпен
тартыңыз. Қой терісінен жасалған жылтыратқыш
дөңгелекті (15) жылтыратқыш дискінің (13) үстінен
тартып, бекіткіш сымдарды мықтап тартыңыз.
Жылтыратқыш сорғыш
Жылтыратқыш сорғышты (16) ажарлау шпинделіне (6)
бұрап бекітіңіз. Жылтыратқыш сорғыштың (16) үстінде
қой терісінен жасалған жылтыратқыш дөңгелекті (17)
тартуға болады.
Резеңке ажарлау тәрелкесі
Резеңкеден жасалған ажарлау тәрелкесін (18) ажарлау
шпинделіне (6) жылжытыңыз.
Домалақ гайканы (14) орнатыңыз және екі саңылаулы
кілтпен бекемдеңіз.
Ажарлау дискісін (19) резеңке ажарлау тәрелкесінің (18)
астына басыңыз.
Киізден жасалған жылтыратқыш дөңгелек
Киізден жасалған жылтыратқыш дөңгелекті (20) ажарлау
шпинделіне (6) бұрап бекітіңіз.
Тостаған тәрізді қылшақ/дискілі қылшақ
Тостаған тәрізді қылшақ/дискілік қылшақты шпиндельге
шпиндель фланеці шпиндель ирек оймасына тығыз
тақалып тұратындай бұрап бекіту керек. Айыр тәрізді
кілтпен тостаған тәрізді/дискілік қалшықты бекемдеңіз.
Bosch Power Tools
Жарамды тегістеу құралы
Осы нұсқаулықта жоғарыда атап өтілген барлық тегістеу
құралдарын пайдалануға болады.
Пайдаланылатын тегістеу құралдарының рұқсат етілген
-1
айналымдар саны [мин
] немесе айналу жылдамдығы
[м/с] төменде берілген кестедегі мәндерден төмен
болмауы керек.
Сондықтан тегістеу құралының жапсырмасында
көрсетілген рұқсат етілген айналымдар санын немесе
айналу жылдамдығын сақтаңыз.
макс. [мм]
D
b
180
–
100
30
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Іске қосу
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Элект құралы қуат қоры жеткіліксіз немесе іске қосу
тогын күшейтетін сәйкес кернеу реттегішімен
жабдықталмаған электр генераторларынан қуат алса,
қосу кезінде қуат төмендеуі немесе электр құралы
әдеттен тыс әрекет етуі мүмкін.
Қазақ | 133
[мм]
-1
d
[мин
]
[м/с]
–
3000
80
M 14
3000
45
1 609 92A 6KA | (15.07.2021)