Bosch AKE 30-19 S Manual Original página 224

Ocultar thumbs Ver también para AKE 30-19 S:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 40
OBJ_BUCH-1238-002.book Page 224 Wednesday, December 7, 2016 2:54 PM
224 | Қазақша
Ағаш діңгектерін арамен кесу
(E мен H суреттерін қараңыз)
Ағаш діңгектерін арамен кескенде төмендегі қауіпсіздік
нұсқауларына назар аудара отырып әрекет етіңіз:
Ағаш діңгегін суретте көрсетілгендей жатқызып, оны,
кесілген жері жабылмайтын қылып және ара шынжыры
қысылатындай қылып тіретіңіз.
Қысқарақ ағаш бөлшектерін арамен кесу алдынан реттеп
алып, оларды жақсылап қысып бекітіп қойыңыз.
Тек қана ағаш өнімдерін арамен кесіңіз. Тастар, инелер,
тікендер мен шегелермен жанасып түртуіне жол бермеңіз,
себебі олар кесу барысында жоғарыға қарай шашылып,
ара шынжырының зақымданып бұзылуына немесе
қолданушының немесе жұмыс барысында оның жанында
тұрған адамдардың ауыр жарақаттануларына апара
алады.
Шынжырлы ара жұмыс істеп тұрғанда оның сымды
дуалдармен немесе қыртыспен жанасып түртуін
болдырмаңыз.
Шынжырлы ара жіңішке бұтақшаларды кесіп қиып алу
үшін мақсатталмаған.
Ұзындығынан жасалатын кесіктерді аса сақ бола отырып
жасаңыз, себебі тісті таяныш 13 қолдана алмайтын
болады. Араның кері соққысына жол бермеу үшін
шынжырлы араны еңіс бұрышпен жүргізіңіз.
Еңкіш жерлерде өткізілетін кесу жұмыстары барысында
ағаш діңгектерін немесе жер үстінде жатқан кесілетін
өнімдерді әрқашан үстінен немесе бүйірінен тұрып
өндеңіз.
Сүрініп қалу қауібіне апара алу себебінен ағаш
түбірлеріне, бұтақтарға, тамырларға және т.б. назар
аударыңыз.
Ағашты кернеу астында арамен кесу
(H суретін қараңыз)
 Кернеу астында тұратын ағаш өнімдерін,
бұтақтарды және ағаштарды арамен кесу
жұмыстары тек қана арнайы білімі және тәжірибесі
бар мамандар арқылы өткізілуі тиіс. Аса сақ
болуыңыз қажет. Жазатайым апаттардың қауібі
артады.
Ағаш өзіңіз тұрған жерде екі жағынан жатса, алдымен
жоғарыдан (Y) ағаш діңгегі бойы диаметрінің үштен бір
бөлігін арамен кесіңіз, одан кейін, ағаш уатылуы мен
ұшықтардың пайда болуы мен шынжырлы араның
қысылып қалуына жол бермеу үшін төменінен (Z) дәл сол
жерде ағаш діңгегін кесіп тастаңыз. Ара шынжыры жер
қыртыспен жанасып түртіп кетуіне жол бермеңіз.
Ағаш тек қана бір жағыңыздан жатса, алдымен астынан (Y)
диаметрінің үштен бір бөлшегін жоғарыға қарай кесіп,
одан кейін, ағаш уатылуы мен ұшықтардың пайда болуы
мен шынжырлы араның қысылып қалуына жол бермеу
үшін жоғарыдан (Z) дәл сол жерде ағаш діңгегін кесіп
тастаңыз.
F 016 L81 142 | (7.12.16)
Ағаштарды кесіп шабу (I суретін қараңыз)
 Жоғарыдан түсіп жататын бұтақтарынан сақтану
үшін әрқашан қорғау шлемін киіп жүріңіз.
 Шынжырлы арамен тек қана діңгек диаметрі
шапқы ұзындығынан аз болатын ағаштарды кесіп
шабуға болады.
 Жұмыс аймағының қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз.
Ағашты () кесіп шабу айналасында ешбір
адамдар немесе жануарлардың жоқ болуын
тексеріңіз.
 Қысылып қалған ара шынжырын оның
қозғалтқышы жүріп тұрғанда босатпаңыз.
Қысылып қалған ара шынжырын босату үшін ағаш
сынасын қолданыңыз.
Ағаш екі немесе бірнеше адамдар арқылы кесіліп
шабылғанда арамен кесіп тұрған және қиып тұрған
адамдар арасындағы аралық кесіліп шабылатын ағаштың
биіктігінен екі есе үлкенірек болу керек. Ағаштарды кесіп
шабу барысында басқа адамдарға ешбір қауіп
түспейтіндігіне, ешбір инженерлік коммуникациялық
жүйелерді түртіп бұзбауына және ешбір шығын
шықпайтынына назар аудара отырып әрекет етіңіз. Егер
жұмыс барысында бір ағаш инженерлік
коммуникациялық жүйелерінің бірімен жанасып қалған
жағдайда энерг қуатпен қамтамасыз ететін мекемені бұл
туралы дереу хабардар ету қажет.
Арамен кесу жұмыстарын еңкіш жерлерді өткізгенде
шынжырлы араны қолданушы сол аймақта кесіліп
құлатылатын ағаштан жоғарырақ болған жерде тұруы
қажет, себебі ағаш, кесіп шабылғаннан кейін, жоғарыдан
төменге қарай домалап түсуі мүмкін.
Ағашты кесіп құлату алдынан алдымен қашу жолы ()
жобаланып, керек болса, босатылып қойылуы қажет.
Қашу жолы болжамдалған ағаш құлату жолынан бастап
қиғаш жүріп, төменге қарай бағытталуы тиіс.
Ағашты кесіп құлату алдынан ағаштың табиғи бейімділігін,
үлкенірек бұтақтардың орналасуы мен жел бағытына
назар аудару қажет.
Кір пен ласты, тастарды, бос қабықтарын, тікендер мен
шегелерді, тоғындар мен сымдарды ағаштан алып тастау
керек.
Кертік жасау: Ағашты кесіп құлату бағытына қарай оң
жақтағы бұрышында арамен тереңдігі ағаш диаметрінің
1/3 сай болатын бір кертік (X–W) кесіп жасаңыз.
Алдымен төменгі көлденең кертігін жасаңыз. Бұл әрекет
арқасында ара шынжырының қысылып қалуына немесе
екі кертікті жасағанда бағыттап жүргіду шинасының
қысылып қалуына жол берілмейтін болады.
Арамен тілу кертігін жасау: Арамен тілу кертігін (Y)
көлденең кертік үстінен ең азында 50 мм биігірек
жасаңыз. Арамен тілу кертігін көлденең кертікке қатарлас
қылып жасаңыз. Арамен тілу кертігін топса ретінде
қолдана алынатын бір маңдайшы (кесіп құлаты
жаңыршағы) тұрып қалатындай ғана тереңдікте арамен
кесіңіз. Осы маңдайшы арқасында ағаштың айналып, қате
бағытта құлап түсуіне жол берілмейтін болады.
Маңдайшыны арамен бөліп кесіп жібермеңіз.
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Ake 35-19 sAke 40-19 sAke 35-19 proAke 40-19 pro

Tabla de contenido