Дұрыс пайдалану
• Піскен тағамды өткір немесе қатты заттан (тот баспайтын болат, алюминий,
керамика) жасалған ас үй құралымен немесе қырғыштармен алмаңыз! Ағаш ас үй
құралдарын қолдануды ұсынамыз. Бұл ыдыстың майда қаптамасын қорғайды.
• Ыдысты жұмыс орны немесе зат сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
• Тек индукциялық пісіру құрылғыларында қолданыңыз. Қатты қызып тұрған
құрылғыларда қолданбаңыз. Қыздырғыш құрылғының беті ыдыстың майда
қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
• Ыдысты шамадан тыс қатты қыздырмаңыз! Себебі майда қаптамасына нұқсан
келіп, май немесе тоңмай тұтанып кетуі мүмкін.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Ыдысты әр пайдаланып болған сайын тазалап отырыңыз.
Ыдысты қолданғанда табаны әрқашан таза болсын.
Тазалау үшін ыстық сабынды су мен жұмсақ шөткені немесе жөкені қолданыңыз.
Өткір заттар мен жеміргіш тазалау құралдары ыдысты бүлдіруі мүмкін.
Ыдыс жуғыш машинаны қолдануды ұсынбаймыз.
Назарыңызда болсын!
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін ыдысты тазалау үшін бу құрылғысын немесе
жоғары қысыммен тазалайтын құрылғыларды қолданбаңыз.
Күту менен тазалау
31