•
Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
•
Ылғалдың кіруін болдырмаңыз.
Техникалық қызмет көрсету
•
Барлық көзге көрінетін бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз
жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
•
Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда оны пайдаланушы болмаңыз. Бірден Hilti
қызмет көрсету орталығына жөндетіңіз.
•
Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, жұмысын тексеріңіз.
Қауіпсіз қолдану үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен жұмсалатын материалдарды
қолданыңыз. Біз рұқсат еткен қосалқы бөлшектер, шығын материалдары мен өнімге арналған
керек-жарақтар Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді: www.hilti.group.
6.1
Қорғауыш қаптаманы тазалау
1. Қорғауыш құралды тазалау үшін аралау дискін алып қойыңыз.
2. Қорғауыш қаптаманы жайлап құрғақ щеткамен тазалаңыз.
3. Қорғауыш қаптаманың ішіндегі шөгінділер мен жоңқаны арнайы құралмен жойыңыз.
4. Аралау дискін орнатыңыз.
6.2
Арна бітеліп қалғандағы жоңқаны шығару бойынша әрекеттер
1. Аккумуляторды аспаптан шығарыңыз.
2. Жоңқаны шығаруға арналған арнаны тазалаңыз.
Қажет болғанда ара төсемін бөлшектеуге болады. → Бет 237
3. Қозғалмалы бөліктердің мүлтіксіз қызмет етуін, барлық бөліктердің тұтастығын және өнімнің
жұмысына теріс әсер етуі мүмкін зақымдардың жоқ болуын тексеріңіз.
6.3
Күту және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін бақылау
Аспапты күтіп, техникалық қызмет көрсеткеннен кейін барлық сақтандырғыштар орнатылғанына
және дұрыс қызмет ететініне көз жеткізіңіз.
▶ Қайырмалы қаптаманы басқару үшін, оны басқару тұтқышына тиіп толық ашыңыз.
➥ Басқару тұтқышын жіберген соң қайырмалы қаптаманы жылдам және толықтай жауып қойыңыз.
7
Аккумуляторлық аспаптарды тасымалдау және сақтау
Тасымалдау
АБАЙЛАҢЫЗ
Тасымалдау кезіндегі кенет іске қосылу !
▶ Өніміңізді әрдайым аккумуляторын шығарып алып тасымалдаңыз!
▶ Аккумуляторларды шығарыңыз.
▶ Аккумуляторларды ешқашан үймеде тасымалдамаңыз.
▶ Аспапты немесе аккумуляторларды ұзақ уақыт тасымалдаған соң, оларды пайдалану алдында
зақымдарының бар-жоғын тексеріңіз.
Сақтау
АБАЙЛАҢЫЗ
Бүлінген немесе заряды таусылған аккумуляторлардан күтілмеген зақымдалу !
▶ Өніміңізді әрдайым аккумуляторын шығарып алып сақтаңыз!
▶ Аспап пен аккумуляторларды мүмкіндігінше салқын және құрғақ күйінде сақтаңыз.
▶ Аккумуляторларды ешқашан күн, жылу көздерінің астында немесе әйнек артында сақтамаңыз.
240
Қазақ
Printed: 30.04.2019 | Doc-Nr: PUB / 5206193 / 000 / 03
2092403
*2092403*