Сымсыз батарея топтамасын пайдалану
• Сатып алынған сымсыз батарея топтамасына байланысты тағы да бір
зарядтағышты сатып алу қажет болуы мүмкін.
• Зарядтау шарттарына байланысты зарядтау уақыты әртүрлі болуы мүмкін.
• Мобильді құрылғының немесе сағаттың сымсыз индукциялық зарядтау
шарғысының орналасқан жеріне байланысты, мобильді құрылғы немесе сағат
дұрыс зарядталмауы мүмкін.
• Жылдам зарядтауды бастау үшін жылдам зарядтауға қолдау көрсететін мобильді
құрылғыны немесе сағатты сымсыз батарея топтамасына жалғаңыз.
• Зарядтағыш сымсыз батарея топтамасына жалғанған кезде кабель арқылы немесе
сымсыз зарядтауға болады. Дегенмен, мобильді құрылғы немесе сағат кабель
арқылы толық зарядталғаннан кейін, сымсыз зарядтау мүмкіндігі қолжетімді
болады.
• Сымсыз батарея топтамасының қуаты аз болса, сымсыз зарядтау тоқтатылуы
мүмкін.
• Егер сымсыз батарея топтамасы, мобильді құрылғы немесе сағат зарядталмай
жатса, онда оны қайта іске қосу үшін сымсыз зарядтау құрылғысы түймесін
7 секунд бойы басып тұрыңыз.
• Егер мобильді құрылғыға қалың құндақ бекітілген болса, сымсыз зарядтағыш
дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Егер құндақ қалың болса, мобильді құрылғыны
сымсыз батарея топтамасына қояр алдында, оны алып тастаңыз.
• Сымсыз зарядтау кезінде зарядтағышты мобильді құрылғыға немесе сағатқа
жалғасаңыз, сымсыз зарядтау функциясы қолжетімді болмайды.
• Сымсыз батарея топтамасы желі сигналы төмен болатын жерлерде қолданылған
кезде, желі қосылымы ажырауы мүмкін.
• Сымсыз зарядтау кезінде қоңырау шалып, жауап берген жағдайда қоңыраудың
сапасы төмендеуі немесе сымсыз зарядтау тоқтатылуы мүмкін. Мобильді
құрылғыны немесе сағатты сымсыз батарея топтамасынан алғаннан кейін
пайдаланыңыз.
• Сымсыз батарея топтамасы қосалқы сыртқы батарея болып табылады. Ол кейбір
ұялы құрылғыларды немесе сағаттарды толық зарядтамауы мүмкін.
• Сымсыз батарея топтамасына тым ыстық немесе суық температуралар әсер етсе
немесе қате орын алса, индикатор шамы жыпылықтайды. Мобильді құрылғыны
немесе сағатты сымсыз зарядтағыш топтамасынан ажыратып, қайта жалғаңыз.
• Қуатты үнемдеу үшін пайдаланылмаған кезде зарядтағышты желіден ажыратыңыз.
Зарядтағыштың қуат қосқышы жоқ, сондықтан қуат ысырабын болдырмау үшін,
пайдаланбаған кезде зарядтағышты электр розеткасынан ажырату керек. Зарядтау
кезінде зарядтағыш электр розетка ұясына жақын және оңай қол жетімді болуы
керек.
Қазақ тілі
8
8