Tarrington House MEMPHIS Instrucciones De Montaje página 21

Barbacoa de carrito
Tabla de contenido

Publicidad

Summit Arts Design Production LTD
Summit Arts Design Production LTD
Құрастыруға қатысты нұсқаулар
МАҢЫЗДЫ, БОЛАШАҚТА ПАЙДАЛАНУ ҮШІН
САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ: МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрастырмас бұрын, қажетті бөлшектерінің барлығы бар екенін тексеріңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрастыру және қолдану барысында өткір жиектерге тиіп кетіп, оқыс оқиғаларға тап болмау немесе жарақат
алып қалмау үшін сақ болыңыз. Құрастыру үшін Phillips бұрағышы және басқа кілттер керек. Бұл бұйымды екі адам құрастыруы керек.
ПАЙДАЛАНБАС БҰРЫН МЫНАНЫ ЕСКЕРІҢІЗ:
Бұйым қызып тұрғанда, оны жылжытуға болмайды.
Қауіпсіз болуы үшін бұл бұйымды сұйық отынмен қолданбаған жөн.
Ағаш көмірін (немесе ағаш көмірінің брикетін, ағашты және т.с.с.) пайдалану керек. Салмағы 2 кг-нан аспауы тиіс.
Бұл барбекюді жазық әрі тегіс, тез тұтанатын материалдар мен заттардан алыс жерге орнату керек.
ПАЙДАЛАНУ БАРЫСЫНДА ЕСКЕРІҢІЗ:
1.
Қатты тамызықтарды мангалдың ортасына жайыңыз.
2.
Тамызықтың үстіне көмірді пирамида етіп орналастырыңыз.
3.
Қатты тамызықты сіріңкемен тұтандырыңыз.
4.
Грильді өсімдік маймен майлап, қуыруды бастаңыз.
5.
Отынның бетіне күл түсе бастағанда ғана, тамақты грильге қойыңыз.
6.
Желдеткіш сырғытқының көмегімен төмегі жақтан кіретін ауаның мөлшерін басқарып отырыңыз. (Желдеткіш сырғытқысы бар
бұйымдарға ғана айтылған)
7.
Бірінші рет пісірердің алдында, бұл барбекюді кемінде 30 минут қыздырып, ағаш көмірін шоқтай ұстау керек.
Отынның бетіне күл түспейінше, тамақты грильге қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ! Бұл барбекю қатты қызып кетуі мүмкін. Жұмыс істеп тұрғанда, оны жылжытуға болмайды.
Ғимарат ішінде пайдаланбаңыз!
ЕСКЕРТУ! Тұтандыру немесе қайта тұтандыру үшін спирт немесе бензин пайдаланбаңыз! EN 1860-3 стандартына сай келетін
тамызықтарды пайдаланыңыз!
ЕСКЕРТУ! Балалар мен үй жануарларын алшақ ұстаңыз.
Барбекюді жабық және/немесе өмір сүретін кеңістікте (мысалы, үйлер, шатырлар, керуен, мобильдік үйлер, қайықтар) қолдануға
болмайды. Улы газбен уланып қалу қаупі бар.
ЕСКЕРТУЛЕР!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Торды немесе басқа ұстау құрылғысын реттеген кезде, міндетті түрде қолғап киіңіз, себебі қуырған кезде,
тордың тұтқалары қатты қызуы мүмкін.
МАҢЫЗДЫ: Қызып тұрған барбекюдге су шашпаңыз.
МАҢЫЗДЫ: Бұйымды өшіру үшін желдеткіш сырғытқыны жабыңыз. (Желдеткіш сырғытқысы бар бұйымдарға ғана айтылған)
КҮТІМ ЖАСАУ ЖӘНЕ САҚТАУ:
Бұйымды сумен тазалаңыз. Қажет болса, сұйық жуғыш құрал пайдалануыңызға болады.
Бұйым зақымдалған болса, білікті техник маманға жөндетіп алыңыз.
Бұйымды құрғақ әрі таза жерде сақтаңыз.
ТАБАЛАР МЕН ҚЫШ ҚҰМЫРАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Гриль торларының біреуінде домалақ ойық бар, оған жинақтағы домалақ гриль торының орнына қыш құмыра немесе таба
орналастырылады. Диаметрі 30 см және биіктігі 10 см-ден аспайтын қыш құмыра немесе таба пайдаланылуы керек.
ЕСКЕРТУ! Күйіп қалу қаупі бар!
Пайдаланып жатқан кезде, ешқашан домалақ гриль торын немесе табаны алушы болмаңыз. Қуыруға кіріспестен бұрын,
осы опцияны қолданыңыз. Тамақ әзірлеп болған соң, гриль ыдысын/табағын/табасын ұстау үшін ыстыққа төзімді қорғап
пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ! Жарылыс қаупі бар!
Қыш құмыраның немесе табаның түбі құрылғының бірде-бір бөлігіне тиіп тұрмауы керек. Қыш құмыраның немесе табаның
түбі мен оттықтың арасынан ауа жеткілікті өтетініне көз жеткізіңіз. Оттыққа ауа бармаса, тиісті қысымда жұмыс істемейді,
соның салдарынан жарылыс қаупі болуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ!
Пайдаланғыңыз келген қыш құмыра немесе таба осы құрылғыдан шығатын өте қатты ыстыққа шыдайтынына көз жеткізіңіз.
Қаптамалары, тұтқалары немесе қақпақтары сияқты кейбір бөлшектер жоғары температураларға қолайлы болмауы мүмкін.
Күмәніңіз болса, қыш құмыраның немесе табаның өндірушісінен ақыл-кеңес сұраңыз.
(IM)29-019658-0002_11245M_Multi_V2_200821.indd KZ21
(IM)29-019658-0002_11245M_Multi_V2_200821.indd KZ21
Size: A4
Size: A4
21/08/2020 12:01
21/08/2020 12:01

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

11245m

Tabla de contenido