120 | Қазақ
Техникалық күтім және қызмет
Техникалық қызмет көрсету және тазалау
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін кескіш қондырманы таза
u
ұстаңыз.
Тазалау үшін кескіш қондырманы бұрауыштан бөлшектеңіз.
u
Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі
туындайды.
Кескіш және кері пышақты тазалаған кезде сақ болыңыз.
u
Пышақтардың өткір жүздері бар және олар сізге жарақат тигізуі
мүмкін.
Кесу кезінде материал қалдықтары қорғаныш қаптама астында жиналуы
мүмкін.
– Қорғаныш қаптаманы (3) жүйелі түрде қылшақпен тазалап тұрыңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет
көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді.
Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы
мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-
pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-
жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде
міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім
нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын
жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек
"Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген
өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін.
Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп
бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
1 609 92A 5LZ | (07.04.2020)
Bosch Power Tools