Bosch C-EXACT 1 Manual Original página 151

Ocultar thumbs Ver también para C-EXACT 1:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 28
орнатылып тұрады (оңға айналу). Айналу бағытын
ауыстырып-қосқыш (5) басылмаған.
Солға айналу: бұрандалар мен гайкаларды босату
үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (5)
басыңыз. Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты
басу арқылы оны бұғаттауға болады.
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (5) электр
u
құралы тоқтатылып тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
PUC-EXACT желілік құрылғысын қосу/өшіру
(A суретін қараңыз)
Әрдайым алдымен PUC-EXACT желілік құрылғысын іске
қосып, тек содан кейін C-EXACT электр құралын қосыңыз
(қараңыз „Қуатпен жабдықтау көзіне жалғау (A -
B суреттерін қараңыз)", Бет 150).
Желілік құрылғыны қосу үшін желілік құрылғыдағы
ажыратқышты (14) "1" күйіне итеріңіз.
Жасыл түсті (16) жарық диодты индикаторы жанып,
желілік құрылғының жұмысқа дайын екендігін көрсетеді.
PUC-EXACT-1: (17) жарық диодты индикаторы жанса, бұл
ақаулықтың орын алғанын білдіреді.
Желілік құрылғыны өшіру үшін желілік құрылғыдағы
ажыратқышты (14) "0" күйіне итеріңіз.
Электр құралын қосу/өшіру
Бұрауыштарда айналу моментіне тәуелді
ажырату тіркесімі бар, ол белгіленген
диапазонда реттеледі. Ол орнатылған
айналу моментіне жеткеннен кейін іске
қосылады.
Иінтірек қосқышы бар электрлік тік бұрауыш
Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (9) тірелгенше
басыңыз.
Электр құралы орнатылған айналу моментіне жеткенде
автоматты түрде өшеді.
Ажыратқыш (9) мерзімінен бұрын босатылса,
u
алдын ала орнатылған айналу моментіне жетпейді.
Итеріп іске қосу түймесі бар электрлік тік бұрауыш
Электр құралын қосу үшін алмалы-салмалы аспапты
бұрандаға орнатып, бұрауышқа сәл осьтік қысым
қолданыңыз.
Электр құралы орнатылған айналу моментіне жеткенде
автоматты түрде өшеді.
Бұрауыш ерте босатылса, мысалы, бұрауыштың
u
алмалы-салмалы аспабы бұрандадан сырғып
кетсе, алдын ала реттелген айналу моментіне қол
жеткізілмейді.
Электр құралын қосу кезінде немесе оңға-солға
ауыстырып-қосқышты (5) қысқа басу арқылы жарық
диодты жұмыс шамын іске қосыңыз. Жарық диоды соңғы
бұраудан кейін екі минуттай уақытта өшеді.
Жұмыс жарығына тікелей қарамаңыз, ол көзді
u
зақымдауы мүмкін.
Bosch Power Tools
Пайдалану нұсқаулары
Құрылғыны реттеу, керек-жарақтарды алмастыру
u
немесе электр құралын ажырату алдында қуат
көзінен ажыратыңыз. Осы сақтық шарасы электр
құралының кенет іске қосылуына жол бермейді.
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
u
күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары
сырғып кетуі мүмкін.
Айналу моментін реттеу (C - D суреттерін қараңыз)
Айналу моменті ажырату тіркесімі серіппелерінің алдын
ала керілісіне байланысты болады. Ажырату тіркесімі оң
және сол жаққа айналу күйіне орнатылған айналу
моментіне жеткеннен кейін ажыратылады.
Жеке айналу моментін орнату үшін тек бірге жеткізілген
реттегіш құралды (22) пайдаланыңыз.
– Электр құралындағы ысырманы (10) артқа қарай
толық жылжытыңыз.
– Реттегіш құралды (22) құрал бекіткішіне (2) енгізіп,
баяу бұраңыз.
– Корпус саңылауындағы тіркесімде кіші дөңес жер
(реттегіш шайба (23)) көрінгенде, реттегіш құралды
(22) осы дөңес жерге енгізіп бұраңыз.
Сағат тілінің бағытымен бұрағанда айналу моменті
жоғарырақ, ал сағат тілінің бағытына қарсы бұрағанда
айналу моменті төменірек болады.
– Реттегіш құралды (22) шығарыңыз. Тіркесімді
ластанудан қорғау үшін ысырманы (10) қайтадан алға
жылжытыңыз.
Нұсқау: қажетті реттеу бұрандалы қосылымның түріне
байланысты болады және практикалық тәжірибе өткізу
арқылы анықталуы тиіс. Сынақ бұрап бекітуді
динамометрлік кілтпен тексеріңіз.
Айналу моментін тек берілген қуат диапазонында
u
реттеңіз, әйтпесе ажырату тіркесімі жұмыс
істемейді.
Айналу моментінің реттеуін белгілеу
Жеке орнатылған айналу моменттерін белгілеу үшін
белгілеу шеңберін (4) басқа түсті белгілеу шеңберіне
алмастыруға болады.
Белгілеу шеңберін (4) жұқа бұрауыш парағымен,
қалақшамен немесе ұқсас затпен басып қойыңыз.
Электр құралын әрдайым белгілеу шеңберімен
пайдаланып, корпусының шаң мен ластан қорғалуын
қамтамасыз етіңіз.
Бұрандалы қосылымдардың индикаторы (жасыл/
қызыл түсті жарық диоды)
Орнатылған айналу моментіне жеткеннен кейін ажырату
тіркесімі босатылады. Жарық диодты индикатор (6)
жасыл түспен жанады.
Егер алдын ала орнатылған айналу моментіне жетпесе,
жарық диодты индикатор (6) қызыл түспен жанып,
дыбыстық сигнал беріледі. Бұрап бекітуді бір рет
орындау керек.
Қазақ | 151
1 609 92A 4S1 | (06.03.2019)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

C-exact 2C-exact 4C-exact 6

Tabla de contenido