Descargar Imprimir esta página

Samsung EP-P6300 Manual Del Usuario página 308

Publicidad

Сымсыз зарядтағышты пайдалану
• Сіздің сатып алған сымсыз зарядтағышыңызға байланысты бөлек зарядтағышты
сатып алуыңыз керек болуы мүмкін.
• Мобильді құрылғы мен Galaxy Buds құлаққабының ортасын зарядтау
катушкасының ортасына, ал Galaxy Watch сағатын сағатты зарядтау катушкасына
орналастырыңыз. Оларды дұрыс орналастырмаған жағдайда, зарядтау
жылдамдығы төмендеуі немесе олар тиісті түрде зарядталмауы мүмкін.
• Катушкалар арасында зарядталу мүмкіндігі болмайды. Зарядтау үшін мобильді
құрылғы мен Galaxy Buds құлаққабының орналасу қалпын зарядтау катушкасының
ортасына қарай реттеңіз.
• Мобильді құрылғыны және Galaxy Buds құлаққабын немесе екі Galaxy
Buds құлаққабын бір уақытта зарядтаған кезде, құрылғыларды бір-бірінен
мүмкіндігінше қашық ұстаңыз.
• Мобильді құрылғыңызға қалың қап кигізсеңіз сымсыз зарядтағыш дұрыс жұмыс
істемеуі мүмкін. Егер сіздегі қап қалың болса, оны сымсыз зарядтағышқа мобильді
құрылғыңызды қоймас бұрын алыңыз.
• Бір уақытта бірнеше құрылғыны зарядтау - зарядтау жылдамдығының төмендеуіне
әкелуі мүмкін.
• Сымсыз зарядталу кезінде мобильді құрылғыңызға зарядтағышты қоссаңыз,
сымсыз зарядтау функциясы қолжетімді болмайды.
• Galaxy Watch сағатын зарядтаған кезде, оны бағдарламалық жасақтаманың ең
соңғы нұсқасына жаңартыңыз. Бағдарламалық жасақтаманың ең соңғы нұсқасы
орнатылмаған болса, зарядтау жылдамдығы баяу болуы мүмкін.
• Егер желі сигналы әлсіз жерлерде сымсыз зарядтағышты қолдансаңыз, желі
қабылдауын жоғалтып алуыңыз мүмкін.
• Сымсыз зарядтау кезінде, сымсыз зарядтағыштан шу естілуі мүмкін.
• Қуатты үнемдеу үшін пайдаланылмаған кезде зарядтағышты желіден ажыратыңыз.
Зарядтағыштың қуат қосқышы жоқ, сондықтан қуат ысырабын болдырмау үшін
пайдаланбаған кезде зарядтағышты электр розетка ұясынан ажырату керек.
Зарядтау кезінде зарядтағыш электр розетка ұясына жақын және оңай қол жетімді
болуы керек.
Қазақ тілі
7
7

Publicidad

loading