-
Құралдың ішіне ешқандай заттар салмаңыз.
-
Кез келген өткір жиектерімен қолыңызды кесіп алмау үшін, құралды тазалау кезінде қосымша
сақтық шарасын қолданыңыз.
-
Қолдану кезінде қозғалатын қосалқы құралдарын немесе жақын бөлшектерін ауыстырар
алдында құрылғыны өшіріп, қуат көзінен ажыратыңыз.
-
Құрал электр желісіне қосылып тұрған кезде қолыңызды араластыру камерасына тигізбеңіз.
-
Қысқа тұйықталу мен электр тогының соғуын болдырмау үшін, бейнебетке су немесе кез келген
сұйықтықты құймаңыз.
Ескерту
-
Қараусыз қалдырсаңыз немесе жинау, бөлшектеу, сақтау және тазалау алдында әрқашан
құралды қуат көзінен ажыратыңыз.
-
Бұл құрылғы тек үйде әдеттегідей қолдануға арналған. Ол, басқа жағдайда, соның ішінде:
дүкендердегі қызметкерлерге арналған асүйлерде, кеңселерде, фермерлік шаруашылықтарда
және сондай басқа да жерлерде қолданылуға арналмаған. Ол мейманханалардың,
мотельдердің, қонақүйлердің және сондай басқа да мекемелердің тұрғындары тарапынан
қолданылуға арналмаған.
-
Құралды алғаш қолданар алдында, азыққа тиетін бөлшектерді жақсылап тазалаңыз. Осы
пайдаланушы нұсқаулықтағы нұсқауларды қараңыз.
-
Басқа өндірушілер шығарған немесе Philips компаниясы нақты ұсынбаған қосалқы құралдар
мен бөлшектерді пайдаланбаңыз. Ондай қосалқы құралдар мен бөлшектерді пайдалансаңыз,
кепілдік өз күшін жояды.
-
Бұл құралды тұрақсыз немесе бұдыр бетте пайдаланбаңыз.
-
Бұл құрылғыны тек пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген арнайы мақсатта қолданыңыз.
-
Кестеде көрсетілген мөлшер мен дайындау уақытынан асырмаңыз.
-
Құралдың қызмет ету мерзімін сақтау үшін құралдың 45 минут бойы үздіксіз жұмысынан кейін
15-минуттық үзіліс жасап тұру ұсынылады.
-
Егер құралды үздіксіз пайдаланбақ болсаңыз, өңдеу дискісін әрбір пайдаланғаннан кейін
берілген тазалау құралымен тазалаңыз. Тазартудың оңайлығы үшін қалыптық дискіні тікелей
суға жібітпеңіз.
-
Құрылғыны тазалау үшін абразивті қабаты бар ысқыштарды, абразивті тазалау құралдарын
немесе бензин не ацетон сияқты ерітінділерді пайдалануға болмайды.
-
Камераға 200 грамнан аз немесе 500 грамнан көлемде ұн салмаңыз.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық қолданыстағы стандарттар мен
ережелерге сәйкес келеді.
Өңдеу
-
Бұл таңба осы өнімді қалыпты тұрмыстық қалдықпен тастауға болмайтынын білдіреді
(2012/19/EU). ( 1-Сур.)
-
Электр және электрондық өнімдердің қалдықтарын бөлек жинау жөніндегі еліңіздің ережелерін
сақтаңыз. Қоқысқа дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына тиетін зиянды
әсердің алдын алуға көмектеседі.
Кепілдік және қолдау
Егер қызмет көрсету немесе ақпарат қажет болса не мәселе туындаса, www.philips.com/support
мекенжайындағы Philips веб-сайтына кіріңіз немесе еліңіздегі Philips тұтынушыларға қолдау
көрсету орталығына хабарласыңыз. Оның телефон нөмірін дүние жүзілік кепілдік парақшасында
табуға болады. Егер еліңізде тұтынушыларға қолдау көрсету орталығы болмаса, онда жергілікті
Philips компаниясының дилеріне барыңыз.
31