110 | Қазақ
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (7) басып
тұрыңыз.
Жарық диоды ажыратқыш (7) жартылай немесе толық
басылғанда жанып, жеткілікті жарық жағдайында бұрап
кіргізу орнын жарықтандырады.
Басылған ажыратқышты (7) бекіту үшін бекіту түймесін
(6) басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, ажыратқышты (7) жіберіңіз
немесе бекіту түймесімен (6) құлыптанған болса,
ажыратқышты (7) қысқа уақыт басып жіберіңіз.
Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті (7) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті (7) жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
күшейгенде айналу саны артады.
Бұрап кіргізу тереңдігін реттеу (B суретін қараңыз)
Реттеу төлкесі (3) бұранда бастиегінің дайындамаға
бұрап кіргізу тереңдігін әр айналымда (3) бекітілетін
деңгейлерінде алдын ала реттеуге мүмкіндік береді.
Әрбір деңгей бұрап кіргізу тереңдігін 0,25 мм-ге
өзгертеді.
Реттеу төлкесін (3) сағат тілінің бағытымен бұрағанда
бұрап кіргізу тереңдігі артады, ал сағат тілінің бағытына
қарсы бұрағанда бұрап кіргізу тереңдігі азаяды.
Қажетті тереңдікке сынақ бұраумен жетуге болады.
Артық жүктемеден жылу қорғанышы
Мақсатына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралына
артық жүктеме түспейді. Жүктеме шамадан артық
болғанда немесе аккумулятордың рұқсат етілген
температура диапазонынан асырғанда айналу жиілігі
азаяды. Электр құралы аккумулятор рұқсат етілген
температураға жеткеннен кейін толық айналу жиілігімен
жұмыс істейді.
Терең заряд жоғалту қорғанысы
Литий-иондық аккумулятор электрондық элементтерді
қорғау (ECP) арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған.
Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс
схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа
қозғалмайды.
Пайдалану нұсқаулары
Электр құралды шурупқа тек өшірілген күйде
u
қойыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып
кетуі мүмкін.
Бұранданы бұрауыш битке (1) енгізіңіз. Бұранда әмбебап
бит ұстағышының (13) магнит күшімен ұсталады.
Бұранда ұштығын қатты бекітілетін заттекке бұрап кіргізу
кезінде тереңдік шектегіші (4) дайындамада берік
орнатылғанша басыңыз.
Электр құралын қосыңыз. Бұранданы дайындамаға бұрап
кіргізуде қажетті тереңдікке жеткенше кіргізіледі. Беріліс
1 609 92A 4PR | (19.10.2018)
ажыратылып аспап патроны айналмайды. Бұрап кіргізу
тереңдігін тексеріп, қажет болса реттеңіз.
Бұрандаларды босату үшін айналу бағытын ауыстырып-
қосқышты (5) солға айналу бағытына орнатып, бұранда
тереңдігінің шектегішін (4) реттеу төлкесін бұрамай алға
тартыңыз.
Сонымен қатар бұрап кіргізу тереңдігі дұрыс болса,
орнатылған бұранда тереңдігінің шектегішімен (4) де
жұмыс істеуге болады.
Қайыс ұстағышы
Қайыс ұстағышымен (8) мысалы, электр құралын
қайысқа асуға болады. Сонда, екі қолыңыз бос болып,
электр құралы жұмыс істеуге дайын болады.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Жарылу сызбалары мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтерді төмендегі мекенжайда табасыз:
www.bosch-pt.com
Bosch бағдарламасы кеңес тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы
10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша
Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
Bosch Power Tools