Электр плитаны қолдану
Пісіру аймақтарын қосу жəне өшіру
KZ
Плитаның электр конфоркаларын басқару
тұтқалары
Плиталар қалыпты жəне жылдам электр
конфоркалармен əртүрлі амалдармен жабдықталуы
мүмкін (жылдам конфоркаларды басқаларынан
ортасындағы қызыл дөңгелектерімен айыруға
болады). Қызуды жоғалтпау жəне конфоркаларға
зақым келтірмеу үшін диаметрі конфорканың
диаметріне сəйкес келетін түбі тегіс табаларды
қолданған жөн. Кестеде тұтқада көрсетілген əртүрлі
параметрлер жəне конфорканы пайдалануы
ұсынылатын мақсаттар берілген.
Конфоркаларды алғаш рет пайдаланбас бұрын
оларды таба қоймай, 4 минут бойы ең жоғары
температурада қыздыру керек. Осы бастапқы
кезең барысында қорғаушы қаптама қатайып,
өзінің ең жоғары төзімділігіне жетеді.
Электр конфорканың индикатор шамы
Электр конфоркалары бар плитада кез келген
электр конфорка қосылған кезде бұл шам жанады.
Параметр
0
Өшірулі
1
Көкөніс, балық пісіру
2
Картоп (бумен), ноқат, бұршақ пісіру,
сорпа дайындау
3
Үлкен мөлшерде тағам жəне көкөніс
қосылған етті сорпаны дайындауды
жалғастыру
4
Қуыру үшін (орташа)
5
Қуыру үшін (орташадан жоғары)
6
Қызарту жəне қайнауға аз уақытта
жеткізу үшін.
62
Қалыпты немесе жылдам пеш
Плитаны пайдалану бойынша кеңестер
• Пісіру аймағына толық тиіп тұруы үшін асты қалың
əрі тегіс табаларды пайдаланыңыз.
• Шығарылған қызуды толық пайдалану үшін
конфорканы толық жабатындай диаметрі үлкен
табаларды пайдаланыңыз.
• Табаның асты əрдайым таза əрі құрғақ болуын
қамтамасыз етіңіз: бұл табалардың пісіру
аймақтарына толық тиюін жəне табалар мен
плита ұзақ уақыт бойы тиімді жұмыс істейтінін
қамтамасыз етеді.
• Газ оттығында пайдаланылатын ыдысты
пайдаланбаңыз: газ оттығындағы қызу табаның
қалпының бұзылып, оның бетке толық тимеуіне
себеп болады.
• Пісіру аймағын табасыз қосып кетпеңіз, əйтпесе
ол зақымдалуы мүмкін.