82 | Қазақ
түсінген жағдайда ғана
пайдалана алады. Кері жағдайда
қате жолмен пайдалану және
жарақат алу қаупі туындайды.
Пайдалану, тазалау және қызмет
u
көрсету кезінде балаларға
мұқият болыңыз. Осылай
балалардың ыстық ауа құбырымен
ойнамауын қамтамасыз етесіз.
Электр құралды құнттап
u
ұстаңыз. Электр құрал қатты
қызады, бұл өрт және жарылу
қауіпін арттырады.
Жанатын материалдарға жақын жұмыс істеген
u
кезде өте абай болыңыз. Ыстық ауа ағыны немесе
ыстық сопло шаң немесе газдарды жандыруы мүмкін.
Электр құралды жарылу қауіпі бар ортада
u
пайдаланбаңыз.
Ыстық ауа ағынын ұзақ уақыт бір жерге
u
бағыттамаңыз. Жылдам жанғыш газдар, мысалы
пластмассаны, бояуды, лактарды немесе ұқсас
материалдарды өңдеуде пайда болуы мүмкін.
Ыстық ауа жасырын жанғыш материалдарға
u
бағытталып, оларды жандыру ықтималдылығын
ескеріңіз.
Электр құралын пайдаланғаннан кейін қауіпсіз
u
жерге қойып, ораудан бұрын сөре үстінде
толығымен суытыңыз. Ыстық сопло зиян келтіруі
мүмкін.
Қосулы электр құралды бақылаусыз
u
қалдырмаңыз.
Пайдаланылмайтын электр құралын балалардың
u
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл электр құралды пайдалануға жол
бермеңіз. Тәжірибесіз адамдар қолында электр
құралы қауіпті болады.
Электр құралды жаңбырдан, сыздан қорғаңыз.
u
Электр құралының ішіне су кірсе, ол электр тоғының
соғу қауіпін арттырады.
Электр сымын орынды қолданыңыз, электр
u
құралын тасымалдау, асып қою немесе айырын
розеткадан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді
ыстық және майдан алыс үстаңыз. Зақымдалған
немесе шиеленіскен кабель электр тоғының соғу
қауіпін арттырады.
Қорғаныш көзілдірікті әрдайым киіңіз. Қорғаныш
u
көзілдірік жарақаттану қаупін төмендетеді.
1 609 92A 4UD | (15.03.2019)
Құрылғыны реттеуден, жабдықтарды
u
алмастырудан немесе электр құралды алып
қоюдан алдын айырды розеткадан тартып
шығарып қойыңыз. Осы сақтық әрекеті электр
құралының байқаусызда қосылуына жол бермейді.
Әр пайдаланудан алдын электр құралды, кабельді
u
және айырды тексеріңіз. Ақауды байқасаңыз
электр құралды пайдаланбаңыз. Электр құралын
өзіңіз ашпаңыз, оны тек білікті маманға және
түпнұсқалы бөлшектермен жөндетіңіз.
Зақымдалған электр құрал, кабель және айыр электр
тоғының соғу қауіпін арттырады.
Жұмыс орнын жақсы желдетіңіз. Жұмыс
кезінде пайда болатын газдар мен булар
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін.
Қорғау қолғабын киіп, ыстық соплоға тимеңіз. Күю
u
қауіпі бар.
Ыстық ауа ағынын адамдарға немесе хайуандарға
u
бағыттамаңыз.
Электр құралын шаш кептіргіш ретінде
u
пайдаланбаңыз. Шығатын ауа шаш кептіргіштен
шығатын ауадан өте ыстық.
Электр құралын бөгде денелер түспеуін
u
қаматмасыз етіңіз.
Форсунканың дайындамаға дейін қашықтығы
u
өңделетін материалға (метал, пластмасса т.б.)
және керекті өңдеу түріне байланысты. Әрдайым
алдымен ауа көлемі мен температура бойынша сынақ
өткізіңіз.
Электр құралды ылғалды ортада пайдалану қажет
u
болса, автоматты сақтандырғыш ажыратқышын
пайдаланыңыз. Автоматты сақтандырғыш
ажыратқышын пайдалану тоқ соғу қауібін төмендетеді.
Электр құралды зақымдалған кабельмен
u
пайдаланбаңыз. Егер кабель жұмыс істеу кезінде
зақымдалса зақымдалған кабельді тимей желі
айырын шығарыңыз. Зақымдалған кабель электр
тоғының соғу қаупін арттырады.
Өнім және қуат сипаттамасы
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Мақсаты бойынша қолдану
Электр құралы пластмасса пішінін өзгертуге және
дәнекерлеуге, бояуды жоюға және термиялық кеметін
шлангілерді жылытуға арналған. Ол, сондай-ақ жамауға
және қалайылауға, желімделген қосылымдарды
ажыратуға және су құбырларын ерітуге арналған.
Электр құралы мұқият қолмен пайдалануға арналған.
Көрсетілген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
Bosch Power Tools