KAZ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Аспапты пайдаланар алдында осы нұсқаулықты мұқият оқыңыз және кейін анықтама алу үшін сақтап қойыңыз.
Алғашқы қосу алдында бұйымның таңбалауында көрсетілген техникалық сиаттамалары жергілікті желіңіздегі электр қоректенуге сәйкес келетінін тексеріңіз.
Тек тұрмыстық мақсатта пайдаланыңыз. Аспап өнеркәсіәпте қолдануға арналмаған.
Бөлменің сыртында пайдаланбаңыз.
Жұмыс істеп тұрған аспапты қараусыз қалдырмаңыз.
Желілік бауы зақымданған немесе басқа зақымдары бар аспапты пайдаланбаңыз.
Желілік бау өткір шеттер мен ыстық беттерге тимеуін байқаңыз.
Желілік бауды аспап корпусының айналасына орамаңыз, бұрамаңыз және тартпаңыз.
Аспапты қоректену желісінен ажыратқанда желілік бауды тартпай, тек ашадан ұстаңыз.
Аспапты өз бетімен жөндеуге тырыспаңыз. Ақау туындаған жағдайда жақын орналасқан сервистік орталыққа жолығыңыз.
Кеңес берілмеген қосымша керек-жарақты пайдалансаңыз, қауіп төнуі немесе аспап зақымдануы мүмкін.
Аспапты тазалау алдында және оны пайдаланбасаңыз ылғи электр желіден ажыратыңыз.
Электр тоқ соқпау және тұтанбау үшін аспапты суға немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз. Егер бұл бола қалса, оны бірден электр желіден ажыратып, тексеру
үшін сервистік орталыққа жолығыңыз.
Аспап физикалық және психикалық шектеулері бар, осы аспапты пайдалану тәжірибесі жоқ адамдармен (соның ішінде балалармен) пайдаланылуға арналмаған.
Бұл жағдайда пайдаланушыны оның қауіпсіздігіне жауап беретін адам алдын ала үйрету керек.
Аспапты жарылғыш заттар мен жеңіл тұтанатын материалдардың қасында қолданбаңыз.
Аспап толық суығанша жылжытпаңыз.
Аспаптың металл бөліктеріне тимеңіз, өйткені олар жұмыс кезінде қатты қызады.
Ешбір жағдайда электр плиткасын киім, қағаз немесе басқа заттарды кептіру үшін қолданбаңыз. Оны тек тамақ әзірлеу үшін қолданыңыз.
Дайны тағамның температурасын үнемі тексеріп отырыңыз, әсіресе ол балаларға арналса. Тамақты әзірленген соң суытыңыз.
АЛҒАШ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА
Аспапты ашып, оның барлық жапсырмаларын алып тастаңыз.
Электрплитаны алғаш пайдаланар алдында конфоркілерді жақсылап қыздырған жөн. Ол үшін ажыратып-қосқышты 3 күйіне орнатып (ең жоғарғы температура), 5-
10 минут қыздырыңыз. Содан кейін терморегуляторды "0" күйіне (Өшірулі) орнатыңыз. Ары қарай электрплитаны тек тамақ әзірлеген ыдыспен ғана қосыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТУ
Тазалар алдында аспапты электр желісінен міндетті түрде ажыратыңыз.
Аспапты толық суытыңыз.
7
LU-3616