Bosch GGS Professional 6 Manual Original página 135

Ocultar thumbs Ver también para GGS Professional 6:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 26
OBJ_BUCH-1050-005.book Page 135 Friday, March 21, 2014 9:30 AM
 Бұрыштарда, үшкір жиектерде және т.б. әсіресе
абайлап жұмыс істеңіз. Жұмыс құралының
дайындамадан ыршуын және сыналануын
болдырмаңыз. Айналып жатқан жұмыс элементі
бұрыштарда, үшкір жиектерде және ыршу кезінде
сыналануға бейім. Бұл бақылауды жоғалтуды және кері
соққыны тудырады.
 Аралау шынжырларын және аралау полотносын
пайдаланбаңыз. Мұндай жұмыс құралдары жиі кері
соққының немесе электр құралды бақылауды
жоғалтудың себебіне айналады.
Ажарлау үшін арнайы қауіпсіздік нұсқаулықтары
 Тек осы электр құралына арналған қорғағыш
қаптамаларды ғана пайдаланыңыз. Электр
құралыңызға арналмаған абразивті құралдар жеткілікті
жабылмайды және қауіпті болуы мүмкін.
 Құрал қорғағыш қаптаманың деңгейінен шығып
тұрмау үшін майысқан тегістеу дискісін электр
құралға берік және мүмкіндігінше жоғары
қауіпсіздік деңгейімен орнату керек. Қорғағыш
қаптаманың деңгейінен шығып тұратын, дұрыс
орнатылмаған тегістеу шеңберін жеткілікті қорғау
мүмкін емес.
 Қорғаныш қаптамасы электр құралында берік
бекітілген, ажарлауыш шарықтың ең кіші бөлшегі
пайдаланушы үшін қауіпсіздік деңгейінің ең
жоғары көрсеткішіне сай реттелген болуы қажет.
Қорғаныш қаптамасы пайдаланушыны сынған
бөлшектерден, ажарлауыш шарығының кездейсоқ
тиюінен және киімді жағып жіберуі мүмкін
ұшқындардан қорғайды.
 Абразивті құралдарды тек ұсынылатын жұмыстар
үшін пайдалану керек. Мысалы: ешқашан кесу
шеңберінің бетін тегістемеңіз. Кесу шеңберлері
материалды жиекпен алуға арналған. Бүйірлік күштер
әсер етсе осы абразивті құрал сынуы мүмкін.
 Әрқашан зақымдалмаған, таңдалған тегістеу
шеңбері үшін өлшемдері және пішіні дұрыс
қысқыш фланецтерді пайдаланыңыз. Дұрыс
фланецтер тегістеу шеңбері үшін тірек болып табылады
және оның сыну қаупін азайтады. Кесу шеңберлеріне
арналған фланецтер тегістеу шеңберлеріне
арналғаннан ерекшеленуі мүмкін.
 Үлкен электр құралдардың тозған тегістеу
шеңберлерін пайдаланбаңыз. Үлкен электр
құралдарға арналған тегістеу шеңберлері шағын электр
құралдардың жоғары айналу жылдамдықтарына
арналмаған және сынуы мүмкін.
Сымды қылшақты (щетканы) пайдаланудағы арнайы
қауіпсіздік нұсқаулықтары
 Сымды қылшақтың әдеттегі пайдалануда да сым
жоғалтуын есте сақтаңыз. Сымдарды қатты басып
артық жүктемеңіз. Шашылып тұрған сымдар киім
және/немесе теріге қадалуы мүмкін.
Bosch Power Tools
 Қорғаныш қаптамасының сымды қылшақпен
жанасуына жол бермеңіз. Тәрелке және тостаған
тәрізді щеткалардың диаметрі басу қысымының және
центрифугалық күштердің әсерінен артуы мүмкін.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.
 Қажетті темір іздеу құралдарын пайдаланып,
жасырылған су, газ, электр сымдарын табыңыз
немесе жергілікті қызмет көрсету ұйымдарын
шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ
соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау
жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырына тию
материалдық зиян немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін.
 Қуат өшсе, мысалы, желіде қуат жоқ болып қалса
немесе ашаны розеткадан суырғанда сөндіргіш
бекіткішін алыңыз және өшірулі күйіне орнатыңыз.
Бұл арқылы кездейсоқ қосылу болмайды.
 Тегістеу және кесу шеңберлеріне тимеңіз.
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
 Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді сақтамау тоқтың
соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құрал металды корунд ажарлау құралымен
ажарлау және тегістеуге арналған.
Электр құралы және сымды қылшақпен жұмыс істеуге
жарайды.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1 Қысқыш гайка (GGS 6 S)
2 Ашық қорғағыш қаптама бекіткіш бұрандамен
(GGS 6 S)
3 Ажарлау шпинделі
4 Тірек фланеці (GGS 6 S)
5 Шпиндель мойны
6 Қосқыш/өшіргіш
7 Қосқыш/өшіргішті бұғаттау/бекіту пернесі
Қaзақша | 135
3 609 929 C82 | (21.3.14)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Ggs professional 6 s

Tabla de contenido