30
Қазақ
Кіріспе
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome веб-сайтында
тіркеңіз.
Маңызды ақпарат
Құралды қолданбастан бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият оқып шығып, оны келешекте қарау
үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
-
Электрқозғалтқыштың блогын суға немесе басқа сұйықтыққа ешқашан батырмаңыз
немесе оны ағынды судың астында жумаңыз. Мотор бөлігін тазалау үшін ылғал шүберекті
пайдаланыңыз.
Ескерту
-
Егер штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе өзге бөлшектері зақымданған болса, құралды
пайдаланбаңыз.
-
Пайдаланылмайтын кезде құралды ажыратып қойыңыз.
-
Құралды розеткаға жалғамас бұрын, құралдың астында көрсетілген кернеудің жергілікті
розетканың кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз.
-
Штепсельді розеткаға қосудың алдында құрылғы дұрыс жиналғанын тексеріңіз.
-
Қуат сымы зақымдалған болса, қауіптің алдын алу үшін, оны Philips, оның қызмет агенті немесе
сол сияқты кәсіби мамандар алмастыруы тиіс.
-
Бұл құралды балаларға пайдалануға болмайды. Құралды және оның сымын балалардың
қолдары жетпейтін жерде сақтаңыз.
-
Құрылғыларды қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулар беріліп, басқа біреу қадағалаған
және құралды пайдалануға қатысты қауіп-қатерлер түсіндірілген жағдайда, осы құрылғыны
физикалық, сезу немесе ойлау қабілеті шектеулі, білімі мен тәжірибесі аз адамдар пайдалана
алады.
-
Балалар құралмен ойнамауы керек.
-
Жылуды қосу/өшіру түймесін байқаусызда бастапқы қалпына келтіру нәтижесінде орын алатын
қауіпті жағдайды болдырмау үшін, бұл құралға таймер сияқты сырттай қосылатын құрал
жалғанбауы керек және оны өшіріліп-қосылатын электр желісіне жалғамаған жөн.
-
Құралға ауыр заттар қоймаңыз.
-
Жұмыс істеп жатқан кезде құралды жылжытпаңыз.
-
Құралды ыдыс-аяқ жуғыш машинада жумаңыз.
-
Құрастыру кезінде алдыңғы панельдегі тұтқаларды тартыңыз.
-
Жинастырған кезде құрал электр желісіне қосылмағанына көзіңізді жеткізіңіз.
-
Құрал араластыра бастаған соң сұйықтықты су құюға арналған ұядан ақырын құйыңыз.
-
60°C-тан/140°F-тен жоғары температуралы ингредиенттерді паста дайындау құралына
салмаңыз және дайындауға арналған құрылғыны температурасы жоғары орынжайларда,
мысалы, жоғары температуралы (60°C/140°F) залалсыздандыру орынжайларына орнатпаңыз.
Бұл құралды зақымдайды.
-
Камераның қақпағын камераға орнатпай, араластыру камерасына ешқашан су құймаңыз.
-
Сақтандырғыш сөндіргіштің ұяшығы арқылы сұйықтықты ешқашан құймаңыз.
-
Қамырды араластырып болмайынша қамыр беру режимін таңдамаңыз. Керісінше жағдайда,
бұл пастаны дайын құрылғысын зақымдайды.
-
Құралды тазалау үшін металл қылшақты, каустикалық тазарту құралдарын немесе
тазартқыштарды (мысалы, бензин, спирт және пропанол) пайдаланбаңыз.
-
Құралды әрбір пайдаланғаннан кейін тазалап тұрыңыз, әйтпесе құрал тиісінше жұмыс істемеуі
мүмкін.