2.
Жанармайды далада құйыңыз. Жабық
бөлмеде жанармай құйған жағдайда жанармай
буы жарылыс тудыруы мүмкін.
3.
Жанармайға немесе қозғалтқыш майына
қол тигізбеңіз. Жанармай буын деммен
бірге ішке тартуға болмайды. Жанармай
немесе май төгілсе, оны құрылғыдан және/
немесе жерден дереу сүртіп алыңыз. Егер
жанармай киіміңізге шашыраса, киім өртеніп
кетпеуі үшін оны дереу ауыстырыңыз.
Жанармай құйып болған соң, жанармай
4.
багын мықтап бекітіңіз және жанармайдың
ақпайтынын тексеріңіз. Қозғалтқышты
іске қоспас бұрын, жанармай көзінен
және жұмыс орнынан кемінде 3 м (10 фут)
қашықтықта тұрыңыз.
5.
Жанармайды тек мақұлданған контейнерлерде
тасымалдаңыз және сақтаңыз. Балаларды
сақталған жанармайға жолатпаңыз.
Саптама-шөп шапқышты (қайшы
типті) іске қосу
1.
Машинаны іске қосқан немесе пайдаланған
кезде, балалар, айналадағы адамдар және
жануарлар кемінде 15 м (50 фут) қашықтықта
болуы керек. Сондай-ақ жан-жаққа ұшатын
заттардан жарақат алу қаупі бар болғандықтан,
айналадағы адамдар қорғаныс көзілдірігін
тағуы тиіс. Әйтпесе айналадағы адамдардың
кездейсоқ әрекеті немесе жүздің кері соққысы
оператордың және/немесе айналадағы
адамдардың ауыр жарақат алуына әкелуі мүмкін.
2.
Машинаны тек сыртта жақсы желдетілетін
аймақта іске қосыңыз немесе
пайдаланыңыз. Шектелген немесе нашар
желдетілетін аймақта пайдалану тұншығу
немесе иіс газымен уланудың нәтижесінде
өлімге әкелуі мүмкін.
3.
Іске қосу алдында кескіш құрал бұталар,
тастар, т.б. сияқты қатты нысандарға
тимейтіндігін тексеріңіз, себебі іске қосқан
кезде кескіш құрал айналады.
4.
Егер кескіш құрал бос күйінде айналатын
болса, бос жүріс жылдамдығын бос күйінде
тоқтайтындай етіп реттеңіз. Болмаса,
байқаусызда қозғалып тұрған кескіш құралмен
жанасу ауыр жарақатқа себеп болуы мүмкін.
5.
Ақаулық байқалған жағдайда, моторды
дереу тоқтатыңыз.
Тасымалдау
1.
Тасымалдау кезінде моторды өшіріп
қойыңыз. Болмаса, ол байқаусызда қосылып
кетіп, адамды жаралауы мүмкін.
2.
Құрылғыны тасымалдау кезінде әрдайым
кескіш жүздің қақпағын бекітіңіз. Ашық жүзге
тиген жағдайда жаралануыңыз мүмкін.
Жанармайдың ағуына жол бермеу үшін,
3.
құрылғының қауіпсіз түрде қойылғанына
көз жеткізіңіз.
4.
Құрылғыны тасымалдаған кезде, оны
жерден толық көтеріңіз. Құрылғыны сүйреу
нәтижесінде жанармай багы зақымдалып,
аққан жанармай өртке себеп болуы мүмкін.
Пайдалану
1.
Машинаны тек жақсы жарық және көрінетін
орында пайдаланыңыз. Қараңғы немесе
көріну мүмкіндігі нашар аймақтарда пайдалану
күтпеген апатқа әкелуі мүмкін.
2.
Машинаны тепе-теңдікті сақтау мүмкін
болмаған кезде, мысалы көлбеу бетте немесе
желді күні пайдаланудан аулақ болыңыз.
3.
Қысқы маусымда, тайып кетпес үшін
тайғақ немесе сулы, мұзды және қарлы
аймақтардан абай болыңыз.
Жақындағанда моторды тоқтатыңыз. Әйтпесе
4.
айналып тұрған кескіш құрал айналадағы адамға
тиіп кетіп, ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін.
5.
Жұмысты бастамас бұрын, жұмыс аймағын
тазалаңыз. Кесу қондырмасына жиналып
қалуы немесе ұшуы мүмкін тастар, әйнек
сынығы, шеге, сым немесе жіп сияқты
барлық заттарды алып тастаңыз. Бөгде
бөлшектер кесу құралына зақым келтіріп,
қауіпті кері соққыға әкелуі мүмкін.
6.
Машинаны үнемі басқару үшін жұмыс
барысында келесі әрекеттерді орындаңыз:
Машинаны оң жағыңызда екі
—
қолыңызбен мықтап ұстаңыз.
Иық белбеуімен машинаны иығыңызға
—
асып алыңыз.
—
Қауіпсіз негізді қамтамасыз етіңіз.
Саты немесе ағаштың үстінде ешқашан
жұмыс істемеңіз.
—
Шамадан тыс ұзартпаңыз.
—
Кескіш құралды беліңізден төмен
деңгейде ұстаңыз.
—
Барлық дене мүшеңізді айналып тұрған
кескіш құралдан және ыстық беттен
алшақ ұстаңыз.
Бұл әрекеттер жарақат алу қауіпін азайтады.
7.
Шөп немесе бұтақтар кескіш құрал мен
сақтандырғыш арасына кіріп кетсе,
моторды әрқашан тазалау алдында
тоқтатыңыз. Әйтпесе жүзінің абайсызда
айналуы ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін.
8.
Төтенше жағдай болмаса, машинаны
ешқашан лақтырмаңыз немесе тастамаңыз.
Машина құлап түссе немесе бір нәрсеге
соғылса, бірден жанармайдың жылыстауы
бар-жоғын, қауіпсіздік құрылғыларын
және басқа зақымдарды тексеріңіз. Ақаулы
машинаны пайдалану жарақат алуға және/
немесе өртке әкелуі мүмкін.
Кескіш құралды жиі немесе ол тасқа немесе
9.
басқа қатты заттарға тигеннен кейін бірден
тексеріңіз. Кескіш құрал пайдалану барысында
сынып кетсе, сынығы ұшып, жарақат алуға
әкелуі мүмкін.
10. Тексеру, тазалау немесе кескіш құралды
ауыстыру кезінде моторды тоқтатыңыз.
Әйтпесе кескіш құрал кенеттен айналып, ауыр
жарақат алуға әкелуі мүмкін.
11.
Моторды тоқтатқан немесе дроссель
шүріппесін босатқан кезде, кескіш құрал
толық тоқтағанша тиісті басқаруды
сақтаңыз. Айналып тұрған жүз жарақаттауы
мүмкін.
264 ҚАЗАҚША