Descargar Imprimir esta página

Қолданысқа Енгізу; Пайдалану Нұсқаулары - Bosch GTS 254 Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GTS 254 Professional:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 51
266 | Қазақ
– Аралау үстелінің кеңейтімін (10), арақашықтық
индикаторы (63) шкаладағы (2) ара дискісіне дейінгі
қажетті арақашықтықты көрсеткенше, сыртқа
тартыңыз.
– Қысқыш тұтқаны (20) төмен қарай итеріңіз.
Сонда аралау үстелінің кеңейтімі бекітіледі.
Қосымша параллель тіректі реттеу (E суретін
қараңыз)
Жұқа дайындамаларды аралау үшін және тік еңіс
бұрышында аралау үшін қосымша параллель тіректі
(47) параллель тірекке (9) орнату керек.
Қосымша параллель тіректі қажет болған жағдайда
параллель тіректің (9) сол немес оң жағына орнатуға
болады.
Дайындамалар аралау кезінде параллель тірек пен ара
дискісінің арасында қысылып, көтерілетін ара дискісімен
ұсталуы және лақтырылуы мүмкін.
Сондықтан қосымша параллель тіректі бағыттауыш ұшы
ара дискісінің ең алдынғы тісі мен сынаның алдыңғы
жиегі аралығында аяқталатындай етіп реттеңіз.
– Ол үшін бекіткіш жинағының (48) барлық қатпарлы
гайкаларын босатып, қосымша параллель тіректі
сәйкесінше жылжытыңыз.
– Қатпарлы гайкаларды қайтадан мықтап тартыңыз.
Қолданысқа енгізу
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Қосу (F1 суретін қараңыз)
– Сақтандырғыш қақпақты (19) жоғары қарай
қайырыңыз.
– Іске қосу үшін жасыл түсті қосу түймесін (25) басыңыз.
– Сақтандырғыш қақпақты (19) қайтадан төмен қарай
қайырыңыз.
Өшіру (F2 суретін қараңыз)
– Сақтандырғыш қақпақты (19) басыңыз.
Артық жүктемеден қорғаныс
Электр құралы артық жүктемеден қорғаныспен
жабдықталған. Мақсатына сәйкес пайдалансаңыз, электр
құралына артық жүктеме түспейді. Тым қатты жүктеме
түскен жағдайда, электр құралының электроникасы өшіп
қалады.
Электр құралын қайтадан қолданысқа енгізу үшін
төмендегі қадамдарды орындаңыз:
– Электр құралын кемінде 10 минут суытыңыз.
– Қайта іске қосу түймесін (26) басып, содан кейін
электр құралын қайтадан қосыңыз.
Ток үзілуі
Ажыратқыш ток үзілуінен кейін (мысалы, пайдалану
кезінде желілік ашаны суырғаннан) электр құралының
қайта іске қосылуына жол бермейтін нөлдік кернеу
ажыратқышы болып табылады.
1 609 92A 72F | (13.10.2021)
Электр құралын кейін қайта іске қосу үшін, жасыл түсті
қосу түймесін (25) қайтадан басуыңыз керек.
Пайдалану нұсқаулары
Жалпы аралау нұсқаулары
Барлық кесіктерде алдымен ара дискісі тіректерге
u
немесе басқа аспап бөліктеріне тимегеніне көз
жеткізуіңіз керек.
Ою немесе тесу кезінде электр құралын тек тиісті
u
қорғаныш аспаппен (мысалы, туннельдік қаптама,
тартқыш тарақ) бірге пайдаланыңыз.
Электр құралын кесу үшін пайдаланбаңыз
u
(дайындамада аяқталатын ойық).
Аралау дискісін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз.
Аралау дискісін бүйірлік қысымнан сақтаңыз.
Дайындаманың қысылып қалуына жол бермеу үшін
сынаны ара дискісімен бір сызықта орналастырыңыз.
Қисық дайындамаларды өңдемеңіз. Дайындаманың жиегі
әрдайым параллель тірекке қою үшін тік болуы керек.
Жылжыту таяғын әрдайым электр құралында сақтаңыз.
Оператордың күйі (G суретін қараңыз)
Ара дискісімен бір сызықта ешқашан тұрмаңыз.
u
Денеңізді бағыттауыш тұрған ара дискісінің
жағында орналастырыңыз. Қайтарым дайындаманы
ара дискісінің алдында немесе ол мен бір сызықта
тұрған адамға жоғары жылдамдықта лақтыруы мүмкін.
– Алақан, саусақ пен қолыңызды айналатын ара
дискісінен алшақ ұстаңыз.
Бұл ретте төмендегі нұсқауларға назар аударыңыз:
– Дайындаманы екі қолмен қатты ұстап аралау үстеліне
басыңыз.
– Жіңішке дайындамалар үшін және тік еңіс бұрышында
аралау кезінде әрдайым жеткізілім жиынтығындағы
жылжыту таяғын (15) және қосымша параллель
тіректі (47) пайдаланыңыз.
Макс. дайындама өлшемдері
тік еңіс бұрышы
45°
Аралау
Түзу кесіктерді аралау
– Параллель тіректі (9) қажетті кесік еніне реттеп
шығыңыз.
– Дайындаманы аралау үстеліне қорғаныш қаптаманың
(6) алдына қойыңыз.
– Ара дискісін қос иіннің (17) көмегімен ара дискісінің
(28) жоғарғы тістері дайындамадан шамамен 3−6 мм-
ге жоғары болғанша көтеріңіз немесе түсіріңіз.
– Электр құралын қосыңыз.
– Дайындаманы бірқалыпты жылжытып аралаңыз.
Тым көп қысым қолданған жағдайда, ара дискісінің
дайындаманың макс.
биіктігі [мм]
80
55
Bosch Power Tools

Publicidad

loading