6.2
Қайталау функциясы
Қайталау функциясы алдында мөлшерленген ерітінді көлемін мөлшерлеу режиміне (ұзақ мерзімді
мөлшерлеу / көлемді мөлшерлеу) қарамастан қайталауға мүмкіндік береді.
▶ Мөлшерлегіш дөңгелекті қайталау белгісіне
құрылғысы мөлшерлеу әрекетін автоматты түрде тоқтатқанша, басып тұрыңыз.
▶ Көлем тиісінше мөлшерленген болса, құрылғы жарық диоды жасыл түспен жанады.
▶ Егер жоспарланған көлем әрекеттің тоқтап қалғанына байланысты толықтай мөлшерленбеген
болса, құрылғы жарық диоды қызыл түспен жанады.
▶ Тоқтатылған мөлшерлеу әрекетін аяқтау үшін мына бөлімді қараңыз: Тоқтатылған мөлшерлеу
процесін аяқтау → Бет 338.
Саңылауды толтырғаннан кейін әрдайым саңылауда жеткілікті ерітіндінің болғанына көз
жеткізіңіз.
Үлдірлі ыдыс нұсқаулықтарындағы толтыру көлемін ескеріңіз.
6.3
Тоқтатылған мөлшерлеу процесін аяқтау
Егер мөлшерлеу процесі мына себептермен тым ерте тоқтатылған болса:
1. Мөлшерлеу процесінің соңына дейін басылатын түйменің жіберілуі
2. Үлдірлі ыдыста/картриджде мөлшерлеу процесі үшін ерітіндінің тым аз болуы
3. Аккумулятор заряды таусылған
құрылғы жарық диоды қызыл түспен жанады.
Тоқтатылған мөлшерлеу процесін басылатын түймені екі рет басу және ұстап тұру арқылы аяқтауға
болады.
Мөлшерлеу процесінің тиісінше аяқталуы жасыл түсті құрылғы жарық диоды арқылы көрсетіледі.
Үлдірлі ыдысты/картриджді алмастырғаннан және ерітінді ағынын ығыстырғаннан кейін екі рет
баспас бұрын мөлшерлегіш дөңгелек арқылы бастапқы қажетті мөлшерлеу көлемін қайта реттеу
қажет.
Бұл функция мөлшерлегіш айырып-қосқыштағы ұзақ мерзімді мөлшерлеу және ығыстыру
функциясынан басқа барлық позициялар үшін қолжетімді.
Саңылауды толтырғаннан кейін әрдайым саңылауда жеткілікті ерітіндінің болғанына көз жеткізіңіз.
Үлдірлі ыдыс/картридж нұсқаулықтарындағы толтыру көлемін ескеріңіз.
6.4
Кассета мен үлдірлі ыдысты шығарып алу
1. Мөлшерлегіш айырып-қосқышты
2. Құлыптан босату түймесін басыңыз.
3. Беру штоктарын тірелгенше кері тартыңыз.
4. Кассетаны жоғары бұраңыз.
5. Үлдірлі ыдысты алып тастаңыз.
6. Кассетадағы ысырманы басыңыз.
7. Артқы тірек цапфасындағы кассетаны төмен қарай басыңыз.
8. Кассетаны алдыңғы тірек цапфасынан төмен тартыңыз.
6.5
Картриджді шығарып алу
1. Мөлшерлегіш айырып-қосқышты
2. Құлыптан босату түймесін басыңыз.
3. Беру штоктарын тірелгенше кері тартыңыз.
4. Картриджді жоғары бұраңыз.
5. Артқы тірек цапфасындағы картриджді төмен қарай басыңыз.
6. Картриджді алдыңғы тірек цапфасынан төмен тартыңыз.
338
Қазақ
орнатып, басылатын түймені, сығып шығару
7
күйіне орнатыңыз.
8
күйіне орнатыңыз.
2293681
*2293681*