Descargar Imprimir esta página

Автостоп Функциясы; Пайдалану Нұсқаулары; Жалпы Мәліметтер - Bosch EasyAquatak 100 Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para EasyAquatak 100:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 23
130 | Қазақ
Электр тоғына қосу қосқышының „0" позициясында
болғанын тексеріп, электр бұйымды розеткаға қосыңыз.
Су құбырының шүмегін ашыңыз.
Атқыш шаппасын босату үшін, қосуға қарсы
бұғаттағышты (атқыш тұтқасындағы артқы қосқышы)
басыңыз. Атқыш шаппасын толығымен, судың біркелкі
қалыпта ағуынша дейін және электрбұйым мен жоғары
қысымдық шлангісінде ауа қалмағанынша дейін
басыңыз. Атқыш шаппасын босатып жіберіңіз. Қосуға
қарсы бұғаттағышты (атқыш тұтқасындағы алдыңғы
қосқышы) басыңыз.
Қосқышты бұрыңыз. Бүріккіш пистолетін төменге қарай
бағыттаңыз. Қосуға қарсы бұғаттағышты атқыш шаппасын
босату үшін басыңыз. Атқыш шаппасын толығымен
тірелгенше дейін басыңыз.
Автостоп функциясы
Атқыш тұтқасындағы шаппа босатылған сәтте
электрбұйым өз қозғалтқышын өшіреді.
Пайдалану нұсқаулары
Жалпы мәліметтер
Жоғары қысым тазалағышының тегіс үсті үстінде
тұрғанын тексеріп алыңыз.
Жоғары қысым шлангісімен алдыға қарай тым ұзақ
кетпеңіз немесе жоғары қысым тазалағышты шлангісінен
тартпаңыз. Бұл әрекеттер арқылы жоғары қысым
тазалағышының тұруы тұрақсыз болып кетіп, аударылып
кетуіне апара алады.
Жоғары қысым шлангісін бүкпеңіз, оның үстінен
көлекпен жүрмеңіз. Жоғары қысым шлангісін өткір
бұрыштарға тигізбей қорғап жүріңіз.
Жұмыс бойынша нұсқаулар тазалау
бұйымдармен жұмыс істеу үшін
Тек жоғары қысым тазалағыш үшін жарамды тазалау
u
бұйымдарын ғана қолданыңыз.
Ұсынылған тазалау бұйымдары араластырмай
u
қолданбаңыз. Құрамына қышқылдар, сілті немесе
қоршаған ортаға зиян келтіретін заттар
қосылмағандықтан осы тазалау бұйымдар қауіпсіз
болып саналады. Тазалау бұйымдарын балалар қолы
жетпейтін жерде сақтауыңыз лазым. Тазалау
бұйымның көзге тиіп қалғанында көзді дереу сумен
жуып, тазалау бұйымын жұтып қалғанда дереу
дәрігермен хабарласуыңыз қажет.
Қолдану, кәдеге жарату және қауіпсіздік сұрақтары
u
бойынша шығарушы арқылы берілген нұсқауларын
ұстанып жүріңіз.
Қоршаған ортаны қорғау үшін біз тазалау бұйымдарын
үнемдеп қолдануыңызды өтінеміз. Араластыру бойынша
шишада жазылған нұсқаулар мен ұсыныстарға назар
аударыңыз.
F 016 L81 745 | (23.11.2022)
Ұсынылатын тазалау тәсілі
1-ші қадам: Ірі ластанудан тазалап алыңыз.
2-ші қадам: Тазалау бұйымы үшін арналған шишасын
орнатып, осы шишамен біраз тазалау бұйымын құйып
жағыңыз.
3-ші қадам: Ерітіліп босатылған лас пен тазалау бұйымын
қалың желпуіш ағынмен шайып алыңыз.
Назарыңызда болсын: Тік үстілерді тазалағанда кір кетіру
жіне тазалау бұйымдарын қолданып төменгі жерлерден
бастап жоғарыға қарай тазалай беріңіз. Шаю барысында
жоғарыдан төменге қарай әрекеттеніңіз.
Баламалы сумен қамтамасыз ету жерлерінде
қолдану
Жоғары қысыммен жұмыс істейтін осы тазалағыш
құралында өз-өзімен сору қабілеті бар болып,осының
арқасында ол суды су қоймалардан немесе табиғи қайнар
көздерден сорып тартуын мүмкін етеді. МАҢЫЗДЫ:
Bosch компаниясының сүзгісі, оған су құю алдында
тазаланып, дұрыс орнатылып, және тек қана таза суды
соруы керек.
Ашық қоймалар/суқоймалар және табиғи
суаттар
Құрамына төмендегілер кіретін, өз-өзімен сору
толымдауыштарын қолданыңыз:
– кері клапаны бар сору сүзгісі
– ұзындығы 3 м күшейтілген сору шлангісі
– жоғары қысыммен істейтін тазалау құралы үшін
әмбебап ілінісу муфтасы
Осы қосалқы бөлшектермен тазалағыш су деңгейінен
0,5 м жоғарырақ болған суды тартып сора алады. Осы
жұмыстар 15 секунд ішінде өткізіле алынады.
Ұзындығы 3 м шлангті, ауаны шығарып кетіру үшін,
толығымен су астына малып салыңыз. Ұзындығы 3 м
болған сору шлангісін жоғары қысыммен істейтін
тазалағышқа біріктіріп қосып, оның сору сүзгісінің су
астында қала беруіне көз жеткізіңіз.
Су жоғары қысым шлангісі арқылы біркелкі түрде аға
бастағанша дейін жоғары қысыммен істейтін
тазалағышын бүріккіш пистолетін алып қойып іске қосып
қоя тұрыңыз. 25  секундтан кейін әлі де су шыға
бастамаса, оны өшіріп, біріктіріп қосылатын жерлерінің
барлығын тексеріңіз. Су аға бастағанда жоғары
қысыммен істейтін тазалағышты өшіріңіз де, жұмысты
бастай алу үшін бүріккіш пистолеті мен бүріккіш түтігін
біріктіріп қосыңыз.
Шлангі мен ілінісу муфтасының сапасы жоғары болуы,
олардың бекітілуі тығыз болуы және төсеулерінің
бұзылмаған қалыпта болуы өте маңызды. Біріктірілетін
жерлердің тығыз болмауы сору барысына бөгет бола
алады.
Босату шүмегі бар суқоймасы
Жоғары қысыммен істейтін тазалағыш лайықты босату
шүмегі бар суқоймасына біріктіріліп қосылуы керек
Bosch Power Tools

Publicidad

loading