Descargar Imprimir esta página

Bosch EasyMower 18V-32-200 Manual Original página 188

Ocultar thumbs Ver también para EasyMower 18V-32-200:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 31
188 | Қазақ
Аккумуляторды орнату/шығарып алу
Нұсқау: Лайықты болмаған аккумуляторларды қолдану
құралдың дұрыс істемеуіне немесе зақымдануына апара
алады.
Қуаттандырылған аккумуляторды енгізіңіз.
Аккумулятордың толығымен енгізіліп қойылғанын
тексеріңіз.
Аккумуляторды құралдан шығарып алу үшін,
аккумуляторды бұғаттан шығару түймешігін басып,
аккумуляторды шығарып алыңыз.
Қуаттандыру барысы
Қуаттандыру барысы құралдың желі айыры электр
розеткасына енгізіліп, аккумуляор қуаттандыру құралына
енгізілген сәтте басталады.
"Ақылды" қуаттандыру әдісі арқасында аккумулятордың
қуаттандыру күйі автоматты түрде белгіленіп отырып,
аккумулятор температурасы мен кернеуіне қарай отыра
оңтайлы түрде қуаттандыру тоғы таңдалып отырылады.
Осының арқасында аккумулятор қорғалып, қуаттандыру
құралында сақталғанда әрқашан толығымен қуаттанған
қалпында қала береді.
Көрсеткіш элементтерінің (AL 1810)
мағынасы
Аккумулятор заряды индикаторының жыпылықтауы
Зарядтау процесі аккумулятор заряды
индикаторының жыпылықтауы арқылы
белгіленеді.
Аккумулятор заряды индикаторының үздіксіз жануы
Аккумулятор заряды индикаторының
үздіксіз жануы аккумулятордың толық
зарядталғанын немесе аккумулятор
температурасы рұқсат етілген зарядтау
температурасының диапазонынан тыс және сондықтан
аккумуляторды зарядтау мүмкін емес екендігін білдіреді.
Рұқсат етілген температура диапазонына жеткеннен кейін
аккумулятор зарядталады.
Аккумулятор салынбаған жағдайда, аккумулятор заряды
индикаторының үздіксіз жануы желілік ашаның
розеткаға енгізілгенін және зарядтағыш құрылғының
жұмыс істеуге дайын екендігін білдіреді.
Көрсеткіш элементтерінің мағынасы
(AL 1815 CV)
Аккумулятор зарядтау индикаторының
жыпылықтауы
Зарядтау әдісі аккумулятордың зарядтау
индикаторының жыпылықтауы арқылы
белгіленеді.
Аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің тұрақты
жануы
Аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің
Full
тұрақты жануы аккумулятордың
F 016 L94 202 | (17.05.2022)
толығымен қуаттандырылып қойылғанын немесе
аккумулятордың температурасы ұйғарынды қуаттандыру
температуралық аумағынан тыс болып, осының
себебінен қуаттандырыла алынбайтынын білдіреді.
Ұйғарынды температура деңгейі орнатылған сәтте
аккумулятор қуаттандырылатын болады.
Ішіне аккумулятор енгізілмеген жағдайда
аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің тұрақты
жануы желі айырының электр розеткасына енгізіліп,
қуаттандыру құралы іске қосу үшін дайын болып
тұрғанын білдіреді.
Көрсеткіш элементтерінің (AL 1830 CV / AL
1880 CV) мағынасы
Аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің жасыл
түспен (тез) жыпықтап тұруы
Жылдам қуаттандыру барысы
аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің
жасыл түспен тез жыпықтап тұруы арқылы білдіріледі.
Ескертпе: Жылдам қуаттандыру функциясы тек
аккумулятор температурасының лайықты ұйғарынды
деңгейде болғанында ғана қолданыла алынады,
"Техникалық мәліметтер" тарауын қараңыз.
Аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің жасыл
түспен (баяу) жыпықтап тұруы
Аккумулятордың қуаттандыру күйі шамамен
80% жеткенде, аккумулятордың
қуаттандыру көрсеткіші жасыл түспен баяу жыпықтап
тұрады.
Аккумуляторды дереу пайдалану үшін шығарып алуға
болады.
Жасыл түсті аккумулятор зарядталуының жасыл
жарық диодының үздіксіз жануы
Жасыл түсті аккумуляторды зарядтау жарық
Full
диодының үздіксіз жануы аккумулятордың
толық зарядталғанын білдіреді.
Аккумуляторсыз жарық диодының үздіксіз жануы
айырдың розеткаға салынып зарядтау құралы жұмыс
істеуге дайын екендігін білдіреді.
Аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің қызыл
түспен тұрақты жануы
Аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің
қызыл түспен тұрақты жануы
температурасы ұйғарынды қуаттандыру температуралық
аумағынан тыс болғанын білдіреді, "Техникалық
мәліметтер" тарауын қараңыз. Ұйғарынды температура
деңгейі орнатылған сәттен кейін қуаттандыру құралы
автоматты түрде жылдам қуаттандыруға ауысады.
Аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің қызыл
түспен жыпықтап жануы
Аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің
қызыл түспен жыпықтап жануы
қуаттандыру барысында пайда болған басқа
ақаулықтарын білдіреді, "Қателер – себептері мен көмек"
тарауын қараңыз.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading