168 | Қазақ
Пайдалануға ендіру
Қосу/өшіру
Электр құралын іске қосу үшін алдымен құлыптау
пернесін (4) басып кейін қосқыш/өшіргішті (2) басып
ұстап тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (2)
жіберіңіз.
Нұсқау: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (2)
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Жүріс тежегіші
Кіріктірме жүріс тежегіші электр құралы өшкеннен соң
ара полотносын тоқтау уақытын қысқартады.
Терең заряд жоғалту қорғанысы
Литий-иондық аккумулятор электрондық элементтерді
қорғау (ECP) арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған.
Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс
схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа
қозғалмайды.
Пайдалану нұсқаулары
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Кесік ені пайдаланған ара дискісіне байланысты өзгереді.
Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан
қорғаңыз.
Жақсы кесік сапасына қол жеткізу үшін электр құралын
біркелкі және жеңіл итеру қозғалысымен кесік
бағытымен жүргізіңіз. Тым қатты итеру нәтижесінде
алмалы-салмалы аспаптың қызмет ету мерзімі қысқарады
және электр құралы зақымдалуы мүмкін.
Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау
дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек
өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау
дискілерін пайдаланыңыз.
Ағашты аралау
Аралау дискісін дұрыс таңдау ағаштың түріне және
сапасына, сосын бойлай немесе көлденеңінен аралауға
байланысты.
Көлденеңінен аралау кезінде ұзын серіппелі жоңқа пайда
болады.
Емен мен шамшат шаңы денсаулыққа өте зиянды,
сондықтан тек шаңсорғышпен жұмыс істеңіз.
Параллельді тіреуішпен аралау (F суретін қараңыз)
Параллельді тіреуіш (10) дайындама жиегі бойымен дәл
аралауларды жүзеге асыруға және өлшемі бірдей
жолақтарға кесуге мүмкіндік береді.
Қатпарлы бұрандаманы (8) босатып параллельді тірек
(10) шкаласын тіреу тақтасының (13) бағыттауышында
жылжытыңыз. Керекті кесу енін тиісті (30) немесе (31)
1 609 92A 7KL | (19.10.2022)
кесу белгісінде шкалалық мән ретінде орнатыңыз,
"Аралау бұрышының белгілері" тарауын қараңыз.
Қатпарлы бұрандаманы (8) қайтадан берік бекітіңіз.
Бағыттауыш планкамен аралау (G–I суреттерін
қараңыз)
Бағыттауыш планка (32) көмегімен тік кесіктерді
орындауға болады.
Тұтқыр бағыттауыш сырғануының алдын алып,
дайындама бетін қорғайды.
Бағыттауыш планка (32) ұзаймайды. Ол үшін бағыттауыш
планканы (32) 180° бұрап екі бағыттауыш планканы (32)
бірге салыңыз. Бұғаттау үшін (33) түймесін бекітіңіз.
Шешу үшін (33) пернесін басқа жағында басып,
бағыттауыш рейкаларды (32) бір- бірінен шығарыңыз.
Бағыттауыш рейка (32) жоғары жағында екі белгі бар.
90° белгілі жағын тікбұрышты кесіктер үшін
пайдаланыңыз, ал 45° белгілі жағын басқа барлық еңіс
бұрыштары үшін.
Бағыттауыш рейканың резеңке жиегі 90°- мен 45°
кесіктерде ағаш заттарды аралау кезінде беттің кесіліп
кетпеуін қамтамасыз етеді.
Резеңке жиегі алғашқы аралау әдісінде дискілік араға
сәйкестендіріліп аз араланады.
Нұсқау: Бағыттауыш рейка (32) араланатын дайындама
жағында дайындамаға жатып шықпай тұруы тиіс.
Егер бағыттауыш планка (32) дайындама ұшынан шығып
тұрса, дискілік араны бағыттауыш планкада (32) ұстамай
қалдырмаңыз. Бағыттауыш рейка (32) пластиктен
жасалған болып дискілік араны көтермейді.
Бағыттауыш рейканы (32) арнайы атауызбен (34)
дайындамаға бекітіңіз. Атауыздың (34) ішіндегі дөңесі
бағыттауыш рейканың (32) тиісті тесігінде отыруына көз
жеткізіңіз.
Электр құралын қосып және кесу бағытында азғантай
қысыммен біркелкі жүргізіңіз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Маятниктік қорғағыш қаптама әрқашан еркін қозғалуы
және өз бетінше жабылуы керек. Сондықтан маятниктік
қорғағыш қаптама айналасындағы аумақты әрқашан таза
ұстаңыз. Шаң мен жоңқаларды жаққышпен алып
тастаңыз.
Жабыны жоқ аралау дискілерін қышқылсыз мұнайдың
жұқа қабатымен жауып қорғауға болады. Аралау алдында
Bosch Power Tools