Descargar Imprimir esta página

Bosch GWS 2000 J Professional Manual Original página 184

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 33
184 | Қазақ
Қайта қозғалу сақтағышы
(GWS 2000 J/GWS 2200 J/GWS 2400 J)
Қайта қосылудан қорғағыш қуаттандырудан кейін электр
құралының бақылаусыз іске қосылуын болдырмайды.
Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (2) өшірілген күйге
келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.
Бірқалыпты іске қосу
(GWS 2000 J/GWS 2200 J/GWS 2400 J)
Электрондық бірқалыпты іске қосу жүйесі қосу кезіндегі
айналу моментін шектеп, электр құралын бірқалыпты іске
қосуға мүмкіндік береді.
Нұсқау: электр құралы қосылғаннан кейін бірден толық
айналу жиілігімен жұмыс істесе, бұл бірқалыпты іске қосу
жүйесінің және қайта қосылудан қорғаныстың істен
шыққанын білдіреді. Электр құралын бірден сервистік
қызметке жіберіңіз (мекенжайларды «Тұтынушыға
қызмет көрсету және пайдалану кеңестері» тарауынан
қараңыз).
Пайдалану нұсқаулары
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тірек қабырғаларда ойықтар жасағанда
u
абайлаңыз, «Статика туралы нұсқаулар» тарауын
қараңыз.
Салмағы тұрақты қалыпты қамтамасыз етпесе,
u
дайындаманы бекітіңіз.
Электр құралға тоқтағанша жүктеме түсірмеңіз.
u
Жоғары жүктемеден кейін электр құралдың біраз
u
салқындауына, бірнеше минут бос жүрісте жұмыс
істеуіне мүмкіндік беріңіз.
Электр құралды абразивті-кесу станинада
u
пайдаланбаңыз.
Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз.
u
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Сыдырып тегістеу
Ешқашан кесу шеңберлерін сыдырып тегістеу үшін
u
пайдаланбаңыз.
30° - 40° шеңбер бұрышымен сыдырып тегістеу кезінде
ең жақсы нәтижелер алуға болады. Электр құралды
жайлап басып, алға және артқа жылжытыңыз. Бұл кезде
дайындама тым қатты қызбайды, түсін өзгертпейді және
арналар пайда болмайды.
Желпуіш тәрізді ажарлау шеңбері
Желпуіш тәрізді ажарлау шеңберімен (құрал) бірге дөңес
беттерді және профильдерді де өңдеуге болады. Желпуіш
тәрізді ажарлау шеңберлері әдеттегі ажарлау
шеңберлерімен салыстырғанда ұзағырақ қызмет етеді,
азырақ шу шығарады және ажарлау температурасы
азырақ болады.
Металды кесу
Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін
u
әрқашан кесуге арналған қаптаманы
пайдаланыңыз (14).
1 609 92A 824 | (30.09.2022)
Ажарлау шеңберімен кескенде біркелкі, материал үшін
дұрыс берумен жұмыс істеңіз. Кесу шеңберіне қысым
түсірмеңіз, оны еңкейтпеңіз және шайқамаңыз.
Бүйірлік қысыммен айналғанында кесу шеңберін
тоқтатпаңыз.
Тасты кесу
Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
u
қамтамасыз етіңіз.
Шаңтұтқыш маскасын киіңіз.
u
Бұл электр құралды тек құрғақ кесу/құрғақ тегістеу
u
үшін пайдалануға болады.
Тасты кесу үшін алмасты кескіш дискілерді пайдаланған
жөн.
Бағыттауыштары бар қорғаныш қаптаманы (23)
пайдалану үшін тас шаңын сорып алу үшін шаңсорғышты
пайдалану керек. Bosch арнайы шаңсорғыштарды
ұсынады.
Электр құралды өшіріңіз және бағыттауыштардың
алдыңғы бөлігімен бөлшекке орнатыңыз. Электр құралды
біркелкі, материалға сәйкес берумен жылжытыңыз.
Құрамында қиыршық тас өте көп болатын аса қатты
материалдарды, мысалы, бетонды өңдеу кезінде алмасты
кескіш диск қызып кетуі және зақымдалуы мүмкін.
Алмасты кескіш дискіде пайда болатын ұшқын осыны
білдіреді.
Осы жағдайда жұмысты тоқтатыңыз және алмасты кескіш
дискіні бос жүріс күйінде, ең жоғары жылдамдықта қысқа
уақыт салқындатыңыз.
Өнімділіктің айтарлықтай төмендеуі және пайда болатын
ұшқын алмасты кескіш дискінің дөкір болғанын білдіреді.
Оны абразивті материалда, мысалы, силикат кірпіште
қысқаша кесу арқылы өткірлеуге болады.
Статика туралы нұсқаулар
Көтергіш қабырғалардағы ойықтар ұлттық
нормативтермен реттеледі. Бұл нұсқауларды міндетті
түрде орындау керек. Жұмысты бастамас бұрын статика
жөніндегі маманмен, сәулетшімен немесе прорабпен
кеңесіңіз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Электр құралын әрқашан
айналу бағытына қарсы
жүргізу керек. Әйтпесе
бақылаусыз кесілген
жерден шығу қаупі
туындайды.
Профильдерді немесе
төрт қырлы құбырларды
кесу кезінде кесуді ең аз
көлденең қимада
бастаңыз.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading