Descargar Imprimir esta página

OKBABY No shock Manual Del Usuario página 29

Ocultar thumbs Ver también para No shock:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 7
"Окей бэби" компаниясының "NO SHOCK" балаларға
KK
арналған қауіпсіздік бас киімін қалай дұрыс қолдануға
болады.
REF. 807
Бұйымды пайдаланбас бұрын бұл нұсқаулармен жете танысып шығып,
келешекте де қолдану үшін сенімді жерге сақтап қойыңыз.
ЕСКЕРТУ !!!
СӘБИДІ ЕШҚАШАН ҚАРАУСЫЗ
ҚАЛДЫРМАҢЫЗ.
Жас шамасы: 8 – 20 айлық.
БАС КИІМДІ ҚАЛАЙ ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ:
NO SHOCK бас киімін ең алғашқы кигізген кездері, аса қолайлылығына
қарамастан сәбиіңіз оны шешіп алып тастауға тырысуы мүмкін; бұл
қалыпты жағдай.
Сіз сәбиіңіз бас киімді киіп дағдыланғанға дейін қайта-қайта кигізуіңіз
керек. Егер сәбиіңізге қамқорлық көрсеткіңіз келсе, ол бас киімді
киюге әбден дағдыланғанша сабырлықпен кигізе бергеніңіз дұрыс.
1. Бас киімнің жоғарғы және екі жақ жанында орналасқан жалпақ
бауларын ағытыңыз.
2. Бас киімді баланың басына кигізіп тұрып, бауларын кеңітіп не
тарылту арқылы баланың басына шақ келетіндей етіп жөндеңіз.
3. Ең алдымен иектің астында тұратын бауды қысып не ыңғайсыз
болмас үшін, әрі бала шешіп алып тастайтындай босаң емес етіп
реттеңіз. Бас киімді баланың басына шақтап алғаннан кейін,
баудың қызыл ұшын (b) бас киімнің жанына (c) кіргізіңіз. Бас киімді
шешіп не кигізу үшін баудың қызыл ұшын (b) салып не аласыз. Егер
бас киім қыстырылып не ұсталып қалса, шамамен 10 кг күшпен
тартқан кезде, баудың қызыл ұшы автоматты түрде ажыратылады.
4. Мұрынның қырын қорғау үшін қосымша сақтық шарасы ретінде бас
киімнің маңдайын көтеріңіз.
БАС КИІМДІ ЖУУ МЕН КҮТУ:
30° жылы сумен қолмен жуу керек.
Құрғақ әдіспен тазаламаңыз.
Арнаулы кептіргішті/бұрап сығу тәсілін қолданып кептірмеңіз.
Біртегіс, жалпақ пішінді сабынмен жуыңыз. Бас киімді жылу
көздерінің қасына қоймаңыз, себебі жылу бас киімге зиян келтіріп
56
Үтіктемеңіз.
30°
No Shock
ғана қоймай соққыдан сақтау қасиеттерін төмендетуі де мүмкін.
МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУЛЕР:
Бұл қауіпсіздік бас киімі ересек адамның балаға деген
қамқорлығының орнын баса алмайды, сондықтан ешқашан да
баланы қараусыз қалдырмаңыз.
Бұл бас киім қауіпсіздік каскасының орнын баса алмайды, себебі бұл
баланың басын біртұтас жауып тұрмайды, әрі барлық соққыларға
төтеп бере алмайды.
Бас киім баланың аяғы шыға бастаған ең алғашқы бірнеше айларда
оның басын кездейсоқ соққыдан қорғауға арналған.
Бас киімді, қауіпсіздік каскасы қолданылуға тиіс жағдайларда
ешқашан да қолданбаңыз, (мысалы, велосипед, мотобайк
отырғышында отырғанда, не далада ойналатын спорт ойындарын
ойнаған кезде т.с.с. ).
Бұл бас киім басқа зақым келтіру не тұншығу қатері бар жерде
жүрген балаларды қорғауға арналмаған.
Бас киімнің конструкциясын бұзбаңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ:
- 8-ден 20 айлық сәбилердің кез келгенінің бас пішініне сай
келерліктей реттеледі (Бас өлшемі: шамамен 44-52.)
- Сыртқы тысы сызат түспейтін 100% полиэфир (полиэстер)
талшығынан жасалған.
- Ішкі қабаты бактерия мен зеңнің пайда болуының алдын алу
үшін санитарлық өңдеуден (Sanitized® тәсілімен) өткен жұмсақ
материалдан жасалған.
- Салмағы: 48 грамм.
No Shock
57

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

807